55
А – Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына
ақша капиталы
жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы
өндіргіш капиталға
айналады. Бұл капиталдың
қызметі болып өндіріске жағдайлар жасау табылады:
... Ө ...
Өндіріс үдерісінде өндіргіш капитал
тауарлық капиталға
айна- лады және ол
үстеме құн (қосымша пайда) өндіру қызметін атқарады:
... Т’ – А’
Дайын тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізгеннен соң кәсіпкердің
қарамағына пайда ретінде түседі. Бұл сатыда тауарлық капитал тағы да жаңадан ақша
капиталына айналады. Тауарлық капиталдың қызметі – үстеме құнды жасау және сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын
капиталдың
ауыспалы айналымы
деп атайды. Капиталдың ауыспалы айналымы қосымша пайда
табуды көздейді:
d = A’ – A.
Мұнда, А – бастапқы жұмсалған капитал; d – үстеме құн. Өндіріске құйылған
бастапқы капиталдың барлық қозғалысының түгелдей бір цикл бойы айналып шығуын
капиталдың толық айналымы
деп атайды.
Капиталдың толық айналымы мен ауыспалы айналымы бір-біріне сәйкес келмейді.
Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада бастапқы
капиталдың тек бір бөлшегі ғана қайтып келеді, барлық капиталдық құн өз иесіне тек
өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде ғана капитал толық айналым
жасайды.
Капиталдың осындай түрлерінің айналымы әрқашанда бірдей жүрмейді. Капитал
құнының айналымдағы әрқилы қызметтеріне байланысты капитал негізгі және айналмалы
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: