1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет66/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

Амортизациялық қор 
– бұл негізгі 
капитал қорының қаражаты жыл сайын жасалып және жиналып отыратын амортизациялық 
жарналар. Амортизациялық қордың қаражаттары ескірген құрал-жабдықтарды толық 
алмастыруға, жабдықтарды жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар
станоктар және басқа да құралдарды сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизациялық 
қор өндірісті ұлғайту үшін қолданылады, капитал қорлануының қосымша көзі ретінде 
қызмет етеді. 
Өндіргіш капиталдың, яғни негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызмет ету 
сапасы мен тиімділігін бірқатар көрсеткіштер анықтайды. 
Негізгі капитал корының көрсеткіштері: 
1.
 
Қор қайтарымдылығы. 
Негізгі капитал қорының мың теңге құнына қанша 
өнім келетіндігін сипаттайды және ол бір жыл ішінде өндірілген дайын тауар құнының 
негізгі капитал қорының орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады: 
ҚҚ = ТӨ / ҚО . 
Мұнда, ТӨ – теңгемен есептегенде бір жыл ішінде өндірілген таза өнімнің тауарлы 
немесе атаулы құны; ҚО – теңгемен есептегенде негізгі капитал қорының орташа жылдық 
құны. 
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлем- ін (ТӨ) 198 мың 
теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа жылдық құны (ҚО) 180 мың теңгені 
құрады. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші қаншаға тең? 
Шешімі: 198 мың / 180 мың = 1,10 теңге. 
2.
 
Қор сиымдылығы. 
Қор қайтарымдылығы шамасына кері көрсеткіш болып 
табылады және ол негізгі капитал қорының бір өнім өлшеміне шаққандағы құнымен 
анықталады (теңгемен есептегенде): 
ҚС = ҚО / ТӨ . 
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлемін (ТӨ) 198 мың 
теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа жылдық құны (ҚО) 180 мың теңгені 
құрады. Қор сиымдылығы қаншаға тең? 
Шешімі: 180 мың / 198 мың = 0,91 теңге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет