8. Негізгі құралдар
|
9. Материалдық ресурстар
|
7. Еңбек ресурстары
|
Тиімділік көрсеткіштері:
|
1) қор қайтарымы (жалпы өнім көлемі/негізгі өндірістік құралдардың орташа жылдық құны ) – негізгі өндірістік құралдардың 1 теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгендігін сипаттайды;
2) қор сыйымдылығы (негізгі өндірістік құралдардың орташа жылдық құны/жалпы өнім көлемі) – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі құралы тартылғанын сипаттайды.
Қор қайтарымы (Н) мен қор сыйымдылығы (С) бір-біріне кері көрсеткіш, олардың арасындағы кері байланыс: Н = 1/С не С = 1/Н;
3) негізгі құралдардың рентабельділігі .
|
1.Материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері: материалдық ресурстардың жеке түрлерін пайдалану тиімділігін (шикізат сыйымдылығы, металл сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, отын сыйымдылығы, т.б.) сипаттау үшін қолданылады.
2. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы жалпылама көрсеткіштерге келесілер жатады:
Материал қайтарымы – пайдаланылған материалдық ресурстардың әрбір теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгенін сипаттайды. Оны анықтау үшін өндірілген өнім құнын материалдық шығындарға бөлу керек.
Материал сыйымдылығы – өнімнің бір теңгесін өндіруге неше теңгенің материалдық ресурстары тұтынылғанын сипаттайды (материал қайтарымына кері көрсеткіш), яғни материалдық шығындар / өндірілген өнім құны.
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлесі.
Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда.
|
1. Еңбек өнімділігінің жалпылаушы көрсеткіштеріне орташа жылдық, тәуліктік және сағаттық еңбек өнімділігі жатады (өнім көлемі/жұмыскерлер саны/уақыт шығыны: адам-күн, адам-сағат).
2. Жеке көрсеткіштер – жеке өнім түрлері бойынша есептелініп, 1 адам-күнде не 1 адам-сағатта натуралды шамада қанша өнім өндірілгендігін не өнім бірлігін өндіру үшін қанша уақыт жұмсалғандығын (еңбек сыйымдылығы) сипаттайды.
3.Персоналдың рентабельділігі (RП) – еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізгі көрсеткіш.
Жалақы қорын пайдалану тиімділігіне баға беру үшін келесідей көрсеткіштерді де пайдалануға болады:
– жалақының 1 теңгесіне келетін жалпы өнім көлемі;
– жалақының 1 теңгесіне келетін түсім;
– жалақының 1 теңгесіне жалпы пайда;
– жалақының 1 теңгесіне келетін таза пайда;
– өнімнің 1 теңгесіне келетін жалақы, т.б.
|
Қамтамасыз етілу көрсеткіштері
|
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құралдармен қамтамасыз етілуінің жалпылаушы көрсеткіштері – еңбектің негізгі құралдармен қарулануы мен еңбектің техникалық қарулануы.
|
Талдау барысында қоймадағы шикізат пен материалдар қорының жағдайына ерекше көңіл бөлу керек. Өндіріс үрдісіне қажетті материал мен шикізаттың ағымдық, маусымдық және сақтық қорлары ажыратылады.
|
Кәсіпорынның өндірістік үрдісін еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыскерлердің саны мен біліктілігі анықталады.
Келесі кезеңде ағымдық және болашақтағы жоспарларды орындау үшін қажетті персоналдың саны мен сапалық құрамы жоспарланады.
|
Қозғалыс көрсеткіштері
|
1. Негізгі құралдардың жаңару коэффициенті .
2. Негізгі құралдардың жаңару мерзімінің орташа ұзақтығы, жыл.
3. Негізгі құралдардың шығу коэффициенті
5. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті.
6. Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті .
|
АВС-талдау.
FMR–талдау (ағылш. Fastest Medium Rare — жылдам, орташа, баяу) – тауарлар тобын айналыс жылдамдығы бойынша талдау.
VEN–талдау – өндірістік кәсіпорындарда материалдық ресурстар мен қосалқы бөлшектерді өндіріс үрдісі үшін маңыздылығы тұрғысынан талдау.
XYZ-талдау.
|
1. Жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті.
2. Жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті.
3. Кадрлардың ағымдылығының коэффициенті.
4. Жұмыс күшін алмастыру коэффициенті.
5. Кадрлардың тұрақтылығының коэффициенті.
|