оқулық мəтінін, картаны басқа да
дереккөздерін қолдану арқылы ұсынылған кестені толтырады
, критерийі
бойынша мұғалім тарапынан берілетін тапсырма түрі төмендегідей болуы
мүмкін.
Тапсырма. Түрлі дереккөздерін қолдану арқылы Еуразия материгінің
географиялық нысандарын тауып, атауларын кестеге толтырыңдар
Географиялық нысандар
Атаулары
Теңіздер
Шығанақтар
Көлдер
Өзендер
Таулар
«
Картография және географиялық деректер базасы» бөлімін оқу кезінде
оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында келесі жұмыс түрін
ұсынуға болады. 1856 жылы ағылшын саяхатшысы Давид Ливигстон керемет
географиялық нысан ашты. Бұл нысанның кооррдинаталары 18
0
о.е. және 26
0
ш.б. екені белгілі.
Тапсырма.
1) Берілген координаталар бойынша керемет нысанды табыңдар.
(Виктория сарқырамасы)
2)
Бұл аралдың бірнеше атауы бар: Рапа-Нуи, Байгу, алайда оны
көбінесі басқа атаумен атайды. Берілген координаталардың көмегімен
картадан осы аралды табыңдар: 27
0
о.е. және 109
0
б.б. (Пасха аралы).
3) Мәскеу қаласының координаталарын анықтаңдар. (56
0
о.е. және 37
0
ш.б.).
Аталған нысандар түрлі ендіктерде орналасқан. Қалай ойлайсыңдар бұл
жерлерде жыл мезгілдері бірдей бола ма?
Тапсырма.
Жұмбақтың шешуін табыңдар. «Жер бар – қазуға болмайды. Жолдар бар –
жүруге болмайды. Өзендер бар – жүзуге болмайды». (Географиялық карта).
111
1) «Карта» ұғымына анықтама беріңдер.
2) Қай масштаб ұсақ: 1 : 10000 немесе 1 см – м 1 км?
3) Масштабы 1 : 100000000 картадағы экватордың ұзындығы қандай
болады?
4)
Физикалық картаның көмегімен Орал таулары мен Енисей өзенінің
арасындағы географиялық нысандарды анықтаңдар және топтастырып кесте
түрінде ұсыныңдар.
Географиялық нысандар
Атаулары
Көлдер
Өзендер
Таулар
Жазықтар
Ойпаттар
«Физикалық география» бөлімінің «Литосфера» бөлімшесі бойынша келесі
тапсырмаларды ұсынамыз.
Тапсырма.
1)
Мәтінді оқып, «литосфера» ұғымының анықтамасын шығарыңдар,
дәптерге жазып алыңдар.
Осыдан 56 жыл бұрын, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында
ғалымдар скважинаның көмегімен жерді 15-18 км. тереңдікке
бұрғылау арқылы жер қыртысының техникалық мүмкіндіктерін
ашуға болатындығын негіздеген болатын. Өте терең скважиналар
қазу арқылы жер қойнауын зерттеу туралы шешім қабылданды және
бұл мақсатты жүзеге асыру үшін кен орындары бар бес нысан
таңдалып алынды. олар: Кола түбегі, Кура маңы ойпаты, Орал тауы,
Каспий маңы ойпаты, Курил аралдарының бірі.
1970 жылдың 25-мамырында Кола түбегінің Заполярный
қаласынан 8 километр қашықтықта 15 километрлік скважинаның
қазу жұмысы басталды және оның мақсаты Балтық кристалдық
қалқанының тереңдік қойнауларын зерттеу болды.
Осы зерттеу жұмысы барысында геология тарихының 3-тен 1,6
млрд. жылдарға дейінгі аралықты қамтитын, Жердің бұрынғы өткен
уақытына жататын тау жыныстарын зерделеудің бірінші мүмкіндігі
туындады. Температураның, қысымның және химиялық әсер етудің
нәтижесінде жер қыртысы қойнауындағы тау жыныстары түрлерінің
өзгеруімен байланысты метаморфтық зоналылық зерделенді. Бұл
жыныстардың құрамының және тереңдікке қарай олардың
физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары анықталды.
Ауқымды нақты материалдар негізінде бірінші рет ежелгі
кристалдық сілемдерде жер асты сулары мен газдардың бар екендігі
дәлелденді. Бұрғылаудың нәтижелері құрлықтық жер қыртысының
қойнауы пайдалы қазбаларға толы екендігін көрсетті.
112
Кола түбегіндегі аса терең бұрғылау барысында көптеген
геофизикалық
зерттеулер
жүргізілді,
бұл
жұмыс
Жердің
электромагниттік, акустикалық және радиациялық өрістің сипатын
анықтауға мүмкіндік берді. Тау жыныстарының физикалық
қасиеттерінің өзгеруі және жер қыртысында геофизикалық
шекараның қалыптасуы жер қойнауындағы температура мен жылу
ағынын сатылап өзгеруі сәйкес келетіні анықталды.
Алынған жан-жақты ақпаратты талдаудың негізінде геологияның
бірқатар проблемаларын шешу, Жер құрлысының нақты моделін
құрастыру және пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтаудың
неғұрлым жетілдірілген принциптерін әзірлеу Кола түбегіндегі аса
терең бұрғылаудың басты мақсаты еді.
2) «Жердің ішкі құрылысы» диаграммасын құрастырыңдар.
Диаграммада планетаның жалпы көлеміндегі ядроның, мантияның
және жер қыртысының үлесін % көрсетіңдер (ядро 17%, мантия -
83%-
дай, жер қыртысы 1%-дан кем).
3) Неліктен мантияны Жердің негізгі бөлігі деп атайтындығын
түсіндіріңдер.
4) Жер қойнауында температураның қалай өзгеретіндігі туралы
ақпарат жинаңдар.
«
Атмосфера» бөлімшесі
Тапсырма. Қолайсыз атмосфералық құбылыстар.
1)
Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды анықтаңдар (қуаңшылық,
тұман, аяз, ыстық желдер, торнадо, қышқыл жауын т.б.).
2) Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың атауларының жанына
анықтамасын жазыңдар, мысалы:
Қуаңшылық ____________________________________________________.
Торнадо________________________________________________________.
Қышқыл жауын ________________________________________________.
3) Қазақстанда болатын атмосфералық қолайсыз және қауіпті
құбылыстарды анықтаңдар. Атауларын, анықтамасын, қалыптасу жағдайларын,
таралу аумақтары мен мезгілі туралы жазыңдар.
4)
Қазақстанда болатын атмосфералық қолайсыз және қауіпті
құбылыстардан сақтану шараларын ұсыныңдар.
5)
Озон тесігі, қышқылды жаңбырлар, жылыжай әсерінен туындайтын
экологиялық мәселелерді анықтап, алдын алу шараларын түсіндіріңдер.
6)
Терминдерді анықтамаларымен сәйкестендіріңдер:
Термин атауы
Анықтамасы
1. Тұман
А.
Диаметрі 75 м, ал жел жылдамдығы 64-177 км/сағ
болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын
құйын
2. Үсік
Б. Ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизанталь
бағытта
қозғалуы.
Метеорологияның
негізгі
113
ұғымдарының
бірі.
Бұл
құбылыс
атмосфера
қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда
болады, әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай
бағытталады
3. Торнадо
В. Атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су
тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы.
Бұл құбылыс кезіндегі көріну қашықтығы оны құраушы
түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су
жиынтығының шамасына байланысты болады
4. Антициклон
Г. Тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары
кезде түнде немесе таңертең, көктемде немесе күзде ауа
температурасының теріс мәнге дейін төмендеуі. Суық
ауа массасының басып кіруінен немесе топырақ пен
өсімдік жамылғысы бетінің түнгі суынуынан пайда
болады
5. Дауыл
Д.
Мөлшері 5-тен 55 мм-ге дейін және одан да ірі
жұмырланған
мұз
түйіршіктерінен
тұратын
атмосфералық жауын-шашын. Жылдың жылы мезгілінде
найзағай мен нөсер жаңбыр кезінде бірге түседі. Ол
ауаның тік бағыттағы өте күшті қозғалысы кезінде
қалыптасады
6. Жел
Е. Атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Ол ауа
қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік
жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы,
Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады
7. Бұршақ
Ж. Теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта
бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел
(жылдамдығы 20 м/сек). Бұл құбылыс күшті, кенеттен
соғатын, жылдамдығы 20-30м/с-ке жететін, кейде
найзағай мен нөсер қатар соғатын жел.
8. Циклондар
З. Біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған,
атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғары
қысым жүйесі.
Қысым орталығынан шетіне қарай
төмендей береді. Соған сәйкес жел бұл құбылыстың
орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің
айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға
қарай, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрала соғады
Тапсырма.
Төмендегі суреттердегі баспана түрлерінің:
-
қай климаттық белдеуге лайықтығын;
-
қандай климаттық жағдайларға қолайлылығын;
-
қандай құрылыс материалынан салынғандығын;
-
қандай халықтар тұратындығын анықтаңдар.
114
А)___________________________
Б) ___________________________
В)___________________________
Г)_____________________________
«Гидросфера» бөлімшесі бойынша оқушылардың білімін
бағалауға арналған тапсырмалардың үлгілері.
Тапсырма.
1) Ұғымдар арасындағы байланысты анықтаңдар:
1
Өзен ағатын кең әрі ұзынша
ойыс
А Өзен алқабы немесе бассейні
2
Өзенге су ағып келетін аймақ Ә Арна
3
Барлық салаларымен қоса
алынғандағы негізгі өзен
Б Бастау
4
Өзеннің бастауы
В Өзен жүйесі
5
Өзеннің мұхитқа, теңізге,
басқа өзенге құятын жері
Г Суайырық
6
Өзен алқаптары арасындағы
шекара
Ғ Саға
2) Мұхиттардың ауданы туралы деректерді қолдану арқылы, дөңгелек
диаграмма құрастырыңдар.
115
3) Судың тұздылығының артуының және кемуінің себептерін анықтаңдар
және түсіндіріңдер. Себептерінің өзіндік жолдарын ұсыныңдар.
4) Теңізді сипаттау жоспарын және әр түрлі ақпарат көздерін қолдана
отырып, теңіздерді таныстыру немесе осы теңіздің жағалауында демалуға
шақыру парағын жасаңдар, мысалы:
а) Балтық теңізі;
ә) Қара теңіз;
б) Оңтүстік Қытай теңізі;
в) Охот теңізі немесе оқушының өзінің таңдауы бойынша.
5) Дүниежүзілік мұхиттың проблемаларын анқтаңдар, топтастырыңдар
және шешу жолын ұсыныңдар.
6) Мұхиттармен байланысты апаттарды топтастырып, сақтану шараларын
ұсыныңдар.
7)
Құрлық суларының экологиялық проблемаларын анықтап, шешу
жолдарын ұсыныңдар.
8) Тапсырма. Есіл өзені.
Төмендегі 1-суретте Есіл өзенінің ағысы көрсетілген. Осы
суретті және физикалық картаны қолданып келесі сұрақтарға жауап
беріңдер.
-
Есіл өзені қайдан бастау алады?
-
Есіл өзені қай бағытта ағады?
-
Есіл өзені қайда құяды?
-
Сол жақ салаларын ата.
-
Оң жақ салаларын ата.
-
Жағалауында орналасқан елді мекендерді ата.
-
Картаның көмегімен есіл өзенінің ұзындығын есепте, есептеуде
қолданған әдістерді түсіндір.
-
Өзің құрастырған жоспар бойынша Есіл өзеніне сипаттама бер.
-
Есіл өзенімен байланысты қандай апаттар болуы мүмкін?
-
Есіл өзенін шаруашылықта тиімді қолданудың жолдарын ұсын.
1-
сурет. Есіл өзені
116
«Биосфера» бөлімшесі бойынша ұсынылатын тапсырма үлгілері.
Тапсырма.
Биология пәнінен алған білімдеріңнің және басқа да ақпарат көздерінің
көмегімен төмендегі кестені толтырыңдар
Салыстыру
пунктері
Бактериялар Саңырауқұлақтар Өсімдіктер
Жануарлар
Түрлердің
саны
Құрылысының
ерекшеліктері
Табиғаттағы
маңызы
Тапсырма. Топырақ құраушы факторлар.
1)
Топырақ құраушы факторларды анықтаңдар.
2
) Топырақ құраушы факторларды сызба түрінде ұсыныңдар.
3) Топырақ құраушы факторлардың әр қайсысына жеке сипаттама беріңдер
(топырақтың түзілуіне әсері туралы).
4) Топырақ құраушы факторлардың топырақтың түзілуіне әсері туралы өз
ойларыңды ұсыныңдар және қорғаңдар.
5) Полярлық аудандардың топырағының құрамында неліктен гумус аз
болады? Әр түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді қорытындылаңдар.
6) Құнарлы топырақтың қалыптасуы үшін қандай табиғи жағдайлар
неғұрлым қолайлы деп ойлайсыңдар? Өз ойыңды дәлелде.
7)
Жасанды топырақ жасауға бола ма? Жасанды топырақ жасаудың
жобасын ұсыныңдар (қолданылатын материалдардың түрлері, бұл
материалдарды қолданудың себептері, жасалатын жағдайлар).
Өсімдіктер
Климат
Уақыт
Жер асты сулары
Тау жыныстары
Достарыңызбен бөлісу: |