9
3) микротопонимдер: шалғын, батпақ, жайылым, төбешік және елді мекен,
ауыл, тұрақтардың атаулары;
4) астионимдер: қала атаулары».
Сонымен қатар, Т.Жанұзақ республика топожүйесінен моңғол-қалмақ,
араб-иран және орыс тілінен енген атауларды ерекшелейді.
6
Бұл жерде
Т.Жанұзақтың Қазақстан топожүйесіндегі лингвистикалық топтастыру
принципі тарихи кезеңдеу үрдісімен сәйкес келеді. Мысалға, араб-иран
тілінен енген атаулар қазақ тарихының ежелгі дәуіріндегі сақ тайпалық
қауымдастығы мен ортағасырлардағы араб басқыншылығының Орта Азия
мен Қазақстан территориясына жетуі кезімен байланысты болса, моңғол және
қалмақ атаулары Алтын Орда мемлекетінің құрылуы мен Қазақ хандығының
Жоңғар хандығымен алма-кезек соғыстарын қамтитын кезеңдерге келеді.
Ал, орыс тілді атаулардың жоғарыда келтірілген кезеңдер кейін пайда бола
бастағаны Қазақстан тарихынан белгілі. XVIII ғасырдың бірінші ширегінен
бастап орыс тілді атаулар Қазақстан топожүйесінің ажырамас атрибуты бола
бастайды.
Топонимика
саласын
зерттеуші
Е.Қойшыбаев
Қазақстан
территориясындағы топонимдердің құрамын, құрылымын, компоненттердің
тіркесуін және тілдік бітімін ескере отырып, келесідей бес түрлі қабаттарды
атап өтеді: «1) ежелгі тілдер элементтерін сақтап келе жатқан тым көне қабаттар
(санскрит, үнді-иран тілдері элементтері:
Достарыңызбен бөлісу: