Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет9/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   182
Қос үйтас
Қара дың


28
Домбауыл дыңы 
Жошы хан кесенесі


29
Алаша хан кесенесі
Алтыншоқы. Ортағасырлық жазба


30
Қазақ хандығы кезіндегі этнотопонимдер
Ұлытау өңірінің ортағасырлардарғы тарихи географиясының бір кезеңі 
Қазақ хандығының құрылуы тарихымен байланысты. XV ғасырдың 50 жж. 
екінші жартысында Керей мен Жәнібек сұлтандар көптеген Жошы ұрпақтарын 
және руларды өз маңайына топтастырып, Моғолстанға көшіп кетеді. Ұлытау 
өңірінде орналасқан тарихи орындардың бірі – Таңбалы тасқа байланысты 
аңыздар осы оқиғаны сипаттайды: «Народное предание гласит, что именно 
здесь, у ключа Тас-булак, происходило первое историческое совещание 
родов об организации новой народности «казах», решение которого будто 
бы зафиксировано на утесе родовыми знаками всех племен, участвовавших 
в совещании. Тот факт, что основной костяк новых обитателей казахской 
степи происходил с юга, т.е. из пределов Великого Могола, свидетельствует о 
некоторой исторической достоверности этого предания».
26
Академик Ә.Х.Марғұлан «Бұл тасқа қазақтар әрқашан бас иіп, адамдар 
таңбасын түсіріп, аттарын жазып жүрген. «Таңбалы тастың» ұлы атаққа ие 
болуының себебі, бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір 
ел болып қосылған екен» - деп жазады.
Әбілқайыр ханның мемлекетінің халқы «көшпелі өзбектер» аталса, Шығыс 
Түркістанның көшпелі түрік немесе түріктенген тайпалары мекендеген 
территорияны көрсетуі үшін мұсылман авторлары Өзбек ұлысы, Өзбекстан 
терминін қолдана бастайды. Сол кездегі Өзбекстан құрамына қазіргі Орталық, 
Солтүстік, Солтүстік-Шығыс және Батыс Қазақстан территориялары жатады. 
1459-60 жж. Керей мен Жәнібек сұлтандар өз жақтастарымен сол кездегі 
Моғолстанның батысындағы Шу мен Қозыбасы деген жерге көшіп кетеді. Бұл 
саяси оқиға туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде 
баяндалады: «В то время в Дашт-и Кипчаке владычествовал Абу-л-хайр-хан. 
Он причинял много беспокойства султанам джучидского происхождения. 
Джанибек-хан и Кирай-хан бежали от него в Могулистан. Исан-Буга-хан 
охотно принял их и предоставил им округ Чу и Козы-Баши». Осы оқиғалардан 
кейін, бөлініп кеткен топ «өзбек-қазақ» деп, бірте-бірте «қазақ» атауына ие 
болады. 
XV ғасырда қазақ мемлекеті құрылуы процесінде – жаңа мемлекеттің, 
халықтың атауы ретінде қазақ сөзінің қабылдануы тегін емес. Және де, осы 
атауды қабылдаушы халық пен саяси лидерлер оның түпкі мағынасын анық 
білген болу керек.
Қазақ хандығының қалыптасуынан кейін Ұлытау өңірінің саяси орталық 
ретінде өз мәнін жоғалтпағаны тарихи деректерден белгілі болып отыр. 
XVI ғасырдың бас кезінде Ұлытау өңірі Қасым ханның мекендеген жері 
26
Сатпаев К.И. Доисторические памятники в Джезказганском районе // Избранное. В 5-ти т./ Сост.М.К.Сатпаев. 
– 2-е изд. сокр. Шымкент: «Оңтүстік полиграфия», 2007. Т.5: Научно-популярные и общественно-политические 
статьи, выступления. – 416 с.


31
екендігін ортағасырлық автор Абдаллах Али Насраллахидің (Абдаллах Балхи) 
«Зубдат ал-асар» шығармасынан көруге болады. Онда, Мұхаммед Шайбани-
ханның Дешті Қыпшаққа жорығы баяндалады: «После того, как Шахбахт-
хану покорились Хорасан, Мавереннахр, Туркестан, Тохаристан, Бадахшан, 
Кандахар, Забул, Хорезм, Астрабад и территории вплоть до Ирака, он 
выступил с огромным войском ради овладения Дашт-и Кипчаком. И когда он 
вторгся в пределы Дашт-и Кипчака, он направил вперед все войско с Тимур-
султаном и Убайдаллах-султаном, которое внезапно нагрянуло на Касим-
хана».
27
Қасым ханның шайқасуға мүмкіндігі болмағандықтан шегінуге 
мәжбүр болады. Автор Қасым ханның Ұлытаудағы ұлысы мен ордасының 
Темір сұлтан мен Убайдаллах сұлтанның қолына түскендігін көрсетеді: «и 
вся его ставка и весь эль-улус в Улутаге попали в руки султанов». Бұл мәлімет 
бойынша Қасым ханның ордасы да, ұлысы да Ұлытау өңірінде орналасқанын 
байқаймыз. М.Х.Абусейтова 1509 жылы Мұхаммед Шайбани-ханның 
Ұлытау аумағында Қасымның иеліктеріне шабуыл жасап, қазақтардың 
қыстақтарын ойрандағанын айтады. Мұхаммед Шайбани-ханның бұл жорығы 
сәтсіз аяқталып, оның әскерлері жеңіліске ұшырайды. М.Х.Абусейтованың 
пайымдауынша, осы жорықтың сәтсіз аяқталуы Шайбани-ханның билігінің 
әлсіреуіне және оның Мерв түбінде қаза болуына алып келеді. Көріп 
отырғанымыздай, Қасым ханның билік құруы тұсында Ұлытау өңірі Қазақ 
хандығының саяси орталықтарының бірі болғандығын байқауға болады. 
Қасым ханның Ұлытау өңірін мекендеуіне бірден-бір себеп, Сырдария 
бойындағы қалалар үшін күрес болуға тиіс. «Тарихи Рашиди» шығармасында 
Қасым ханның Ташкентті қоршауға алып, Сүйіншік ханмен күрес жүргізіп 
жатқанын естіген Сұлтан Сайд ханның, онымен кездесуге аттанғаны 
айтылады. Бірақ, оған дейін Қасым хан Ташкент түбінен шегініп кетеді. 
Қазақтарды қайтадан Ташкентке шабуыл жасауға көтеру мақсатымен Сұлтан 
Сайд хан Қасым ханмен Шу өзенінің бойында кездеседі. Шу өзеннің Ұлытау 
өңірінің оңтүстігінің табиғи шекарасы болып табылатыны белгілі. Мұхаммед 
Хайдар Дулати хандардың нақты қай жерде кездескенін анық көрсетпейді. 
Бірақ, оның «кездесуден кейін қазақтар Қасым ханның бұйрығы бойынша 
қыстауларына қарай қозғалды» деуіне қарағанда, Қасым хан қыс мезгілдерін 
Ұлытауда өткізгенге ұқсайды. Белгілі тарихшы К.А.Пищулина XV ғасырдың 
Қазақ хандығының шекарасы ұлғайып, Батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстанның 
қалалары мен оазистері, Қаратау маңындағы жазықтар, Сырдарияның төменгі 
ағысы мен Аралдың солтүстік бөліктері және Орталық Қазақстанның біршама 
территориясын қамтығанын атап өтеді
28
.
27
Материалы по истории казахских ханств (извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата: Наука, 
1969. – 651 с
28
Пищулина К.А. Казахское ханство во взаимоотношениях с Могулистаном и Шайбанидами в последней трети 
XV века // Казахстан в эпоху феодализма (проблемы этнополитической истории). Алма-Ата: Наука, 1981. – 192 с.


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет