34
Зерттеушілер С.Г.Кляшторный мен Т.И.Султанов XVII ғасырдың алғашқы
ширегінде Қазақ хандығы саяси ыдыраңқы болғандығын ерекшелейді.
XVII ғасырда Қазақ хандығының халықаралық жағдайы да өзгереді. Қазақ
хандығының шығыс шекарасында
Жоңғар хандығы құрылып, қазақтар
Жетісу үшін ойраттармен тоқтаусыз күрес жүргізеді [Султанов, 209]. XVII
ғасырдың орта тұсына дейін қазақ билеушілері Аштарханидтармен Сырдария
бойындағы қалалар үшін, жоңғарлармен Жетісу үшін күрес жүргізіп отырады.
Жоңғар экспансиясының таралуымен, XVII ғасырдың 70-ші жылдарына дейін
қазақтар солтүстік-шыңыстағы және Жетісудағы біраз жерлерінен айрылады.
XVIII ғасырдағы Ұлытау өңірі туралы алғашқы
мәліметтер Әбілқайыр
ханның Ресей қарамағына өтуіне байланысты іс-құжаттарында кездеседі.
1730 жылғы Мәскеуге Әбілқайыр ханның елшілерінің келуі барысында, олар
«Ресей иелігінде болуларын қалайтындарын» білдіріп, ауызша әңгімеде:
«оных кайсацких кочевых народов 40000 кибиток и, кроме помянутого
хана Абалхаира (который в той орде главной), есть еще 2 хана –
Барак да
Аболмамет. Кочуют они по горам Улутов и Кичитов, по рекам Сыр, Сарысу и
Торгай, на степи Каракум разстоянием от башкирцов (как башкирцы сказали)
месяц езды». Бұл құжат бойынша жоңғар шапқыншылығынан кейін Орта жүз
қазақтары негізінен Ұлытау өңірін мекендеген болуы керек. Себебі, 1726-27
жж. қазақ әскерлерінің Бұланты өзенінің бойында жоңғар әскерін жеңіліске
ұшыратуы, осы территорияларға иелік етуге мүмкіндік берсе керек.
1730 жылғы башқұрт батырлары Алдар Есенгелдин мен Таймас
Шаимовтың Сыртқы істер коллегиясына мәлімдемесінде: «А кочуют они, по
реке Сыр, и по реке Сарысу, и по реке Торгай, и по горам Улутав и Кичитав и
на степи Каракум. А кочуют оные касаки от российских городов росстоянием
недель шесть, а
от них, башкирцев, месяц конскою ездою» .
1748 жылғы дерекке сүйенсек, «Сарысу өзені қазақтар мен жоңғарларды
бөліп тұратын шекара» болып табылатыны көрсетілген.
Барақ
сұлтанның
Ұлытау
өңірінің мекендегені жайлы 1748 жылғы
Орынбор губернаторы И.Неплюевтің сыртқы
істер коллегиясына жазған
мәлімдемесінен көре аламыз: «А впротчем, об нем, Бараке, часто помянутый
переводчик, быв орде, слышал, что он находится в
трех тысячах кибиток
по
Достарыңызбен бөлісу: