Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет10/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   182
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы 
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. 
Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен 
хандардың бірі – Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) 
тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. 
Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.
Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы 
қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың 
көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында 
Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс 
мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік 
құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы 
кезде танып білді. 
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ 
заңдары жасалынды. 
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған 
мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, 
таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне 
қарсы одағы қалыптасты. 
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының өркендеуі Хақ-Назар ханның билік 
құруымен байланысты. XVI ғасырдың орта тұсында қазақтар тек Сырдария 
өзенінің орта ағысымен қатар Моғолстанды да мекендейді. Абд ар-Рашид 
ханның оларды Моғолстаннан ығыстырып шығаруға деген ұмтылысы 
қазақ-моғол күресінің себебі болады. Бұл оқиғалар Шах Махмуд чорастың 
«Жылнамаларында» сипатталады. Зерттеуші М.Х.Абусейтова Хақ-Назар 
ханның Абд ар-Рашид ханнан Емел бойында жеңіліс тапқанынан кейін, 
Сарысу өзенінің бойына шегініп кеткенін мәлімдейді.
29
XVI ғ. соңындағы тарихи оқиғалар барысы Хафиз Таныштың 
«Шараф-наме-йи шайхи» шығармасында орын алған. Онда, негізінен 
Шығай хан мен баласы Тәуекелдің Абдаллах-ханға қызмет етуі; қазақтардың 
сырдария бойындағы күресі; Абдаллах-ханның қазақтарға қарсы жорықтары 
баяндалады.
М.Х.Абусейтованың пікірі бойынша, XVI ғасырдың соңына қарай Қазақ 
хандығын Шығыс Дешті Қыпшақтан, отырықшылық өлкесі Жетісудан 
көршілері ығыстырып, негізінен оңтүстік шекаралары Сарысу өзенімен 
шектелеген.
30
Бұл, Қазақ хандығының негізгі жері қазіргі Орталық, Солтүстік 
және Батыс Қазақстан территорияларын қамтығанын көрсетеді. 
29
Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI века. Алма-Ата: Наука, 1985. – 104 с
30
Абусейтова М.Х. Из истории казахско-среднеазиатских отношений: события 1598-1599 годов // 
Казахстан в эпоху феодализма (проблемы этнополитической истории). Алма-Ата: Наука, 1981. – 192 с.


33
Осы территориялардың ортасында орналасқан Ұлытау өңірі басты саяси 
оқиғалардың аренасы болуы – заңды құбылыс.
XVII ғ. бас кезінде Қазақ хандығының негізгі орналасқан жері қазіргі 
Ұлытау өңірі, Арал теңізінің солтүстік бойы және Қаратау тауларының 
маңы екені байқалады. Шамамен, 1600 ж. құрастырылған деп жобаланатын 
«Үлкен Сызба кітабының» мәліметтері, Қазақ хандығының территориясы 
ретінде осы жерлерді көрсетеді. «Үлкен Сызба кітабының» Г.Е.Катанаевтың 
еңбегінде жарияланған үзіндісі кейінгі К.Н.Сербинаның жариялаған 
нұсқасынан толығырақ, сондықтан біз осы мәліметтерді келтіреміз. Онда 
Қазақ хандығының территориясы келесідей сипатталады: «А к Синему морю 
от Иргиза реки 280 верст, пески Барсук-Кум; поперек того песку 25 верст; да 
пески Каракум, от Синева моря 200 верст, пески Каракум вдоль 250 верст, 
а поперек 130 верст; а те три песка прилегли к Синему морю к берегу. – В 
Синее море с Востоку пала река Сыр; а в Сыр-реку пала река Кендерлык. 
А Кендерлык – река вытекла из Улутовой горы двумя протоками. А от горы 
Кендерлику реки протоку 330 верст; а другая река Кендерлык из тоёже горы 
пала в реку Сар-Су. А река Сарса пала в озеро не дошед до Сыра-реки, от 
устья Кендерлыка 150 верст, а от Карачатовой горы 250 верст, а от Сыра-реки 
та гора 80 верст. А от устья реки Кендерлика 150 верст с левой стороны реки 
Сыра город Сунак, против Карачатовой горы; а промеж озера Акбашлы, и реки 
Саук, и озера Анкуль, и по обе стороны реки Зеленчика, и реки Кендерлика и 
реки 
Сарсу
и песков Каракум, на тех местах, на 600 верст, кочевые Казакские 
орды» . 
Бұл мәліметтерге Г.Е.Катанаевтың өзі қосымша түсініктеме береді. 
Бірақ, ол XV ғ. Әбілқайыр бастаған көшпелі өзбектердің Мәуреннахр 
территориясына кетуін, кейінгі кездегі Қазақ хандығында болған оқиға деп 
түсінген тәрізді. Г.Е.Катанаевтың жазуы бойынша: «пред-кучумовскую эпоху, 
разбойнические вольные ватаги всякого рода средне-азиатских выходцев 
носившие сборное имя «казаков» бродили по 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет