40
Зерттеушілер С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султанов XVII ғасырдың
алғашқы ширегінде Қазақ хандығы саяси ыдыраңқы болғандығын ерекше
атайды.
44
XVII ғасырда Қазақ хандығының халықаралық жағдайы да өзгереді.
Қазақ хандығының шығыс шекарасында Жоңғар хандығы құрылып, қазақтар
Жетісу үшін ойраттармен тоқтаусыз күрес жүргізеді.
45
XVII ғасырдың орта
тұсына дейін қазақ билеушілері Аштарханидтармен Сырдария бойындағы
қалалар үшін, жоңғарлармен Жетісу үшін күрес жүргізіп отырады. Жоңғар
экспансиясының таралуымен, XVII ғасырдың 70-ші жылдарына дейін
қазақтар солтүстік-шығыстағы және Жетісудағы біраз жерлерінен айрылады.
46
XV-XVIII ғғ. Қазақстанның территориялық бөлінісін анықтау
қиын. Бұл тарихи деректердің аздығынан, бөліністің қалыптасуына
әртүрлі факторлардың әсер етуіне байланысты. Ұлытау өңірінің
әкімшілік-территориялық құрылымын қарастыра келіп, оның өзіндік
ерекшеліктері бар екендігін анықтадық. Ұлытау өңірінің ерекшелігі – оның
территориясының дала өлкесінің орталық бөлігінде орналасуы.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметінің қазақтарды басқару
жайындағы заң жүйелерінде жер мәселесі шешілмеген күйінде қалды.
Қазақтардың жерінің статусы нақты белгіленбеді. Округтар мен
дистанциялардың енгізілуі, көшіп-қону жолдарының қиыншылығын
туғызғаны белгілі. Олай болатын болса, жер иелену мәселесіне өзгерістер
енгізу қажет болды және мұны қазақтар да білді, түсінді. Қазақ сұлтандарының
бір бөлігі қазақ жерін өз меншігі деп қараса, енді бір тобы оны Ресей
империясының меншігі деп қарауға дайын тұрды. Ресей мемлекетінің
XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ жерін мемлекет меншігі деп ресми
түрде жарияламауы, ол Кенесары Қасымұлы көтерілісі сияқты халық
қозғалыстарының туындап кетуінен қауіптенуінен еді. Қазақтар мен орыс-
казактарды әлеуметтік тұрғыдан теңестірмекші болған жер бөліп беру сияқты
бірнеше нәтижесіз қадамдар жасалынды. Міне, осылайша жерді мемлекеттің
меншігі етіп жариялау мәселесі жетістікке жетпеді, оның тағы басқа себебінің
бірі ешбір қазақтың орыс казагы сияқты болғысы келмегендігі.
Достарыңызбен бөлісу: