Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет13/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Кичик
даг
, выступили оттуда и через две ночи, в пятницу, достигли 
Улуг‑дага.
Тимур взошел на вершину горы, осмотрел (местность), (эта была) степь и в 
степи – пустыня. Он остановился там на тот день и приказал, чтобы все воины 
принесли камни и построили там высокий знак. Каменотесам он приказал 
изобразить на нем высочайшее имя и дату этих дней, дабы на лице оставалось 
воспоминание об этом походе» [СМИЗО, 113]. Бұл жерде айтылатын Кичик-
даг пен Улуг-даг қазіргі кездегі Кішітау мен Ұлытау екенін түсіну қиын емес.
 
Ұлытау тауы
40
Бұл да сонда .. 158 б
41
Бұл да сонда ...113 б


38
Қазақ даласының картасы (Орынбор және Сібір қазақтары, Семей және 
Түркістан облыстары) Орта Азиялық иеліктердің шекаралық бөліктерімен


39
Қазақ руларының қоныстануы
XVII ғ. бас кезінде Қазақ хандығының негізгі орналасқан жері қазіргі 
Ұлытау өңірі, Арал теңізінің солтүстік бойы және Қаратау тауларының маңы 
екені байқалады. Шамамен, 1600 ж. құрастырылған деп жобаланатын «Үлкен 
Сызба кітабының» мәліметтері, Қазақ хандығының аумағы ретінде осы 
жерлерді көрсетеді. «Үлкен Сызба кітабының» Г.Е. Катанаевтың еңбегінде 
жарияланған үзіндісі кейінгі К.Н. Сербинаның жариялаған нұсқасынан 
толығырақ, сондықтан біз осы мәліметтерді келтіреміз. Онда, Қазақ 
хандығының территориясы келесідей сипатталады: «А к Синему морю от 
Иргиза реки 280 верст, пески Барсук-Кум; поперек того песку 25 верст; да 
пески Каракум, от Синева моря 200 верст, пески Каракум вдоль 250 верст, 
а поперек 130 верст; а те три песка прилегли к Синему морю к берегу. – В 
Синее море с Востоку пала река Сыр; а в Сыр-реку пала река Кендерлык. 
А Кендерлык – река вытекла из Улутовой горы двумя протоками. А от горы 
Кендерлику реки протоку 330 верст; а другая река Кендерлык из тоёже горы 
пала в реку Сар-Су. А река Сарса пала в озеро не дошед до Сыра-реки, от 
устья Кендерлыка 150 верст, а от Карачатовой горы 250 верст, а от Сыра-реки 
та гора 80 верст. А от устья реки Кендерлика 150 верст с левой стороны реки 
Сыра город Сунак, против Карачатовой горы; а промеж озера Акбашлы, и реки 
Саук, и озера Анкуль, и по обе стороны реки Зеленчика, и реки Кендерлика и 
реки Сарсу и песков Каракум, на тех местах, на 600 верст, кочевые Казакские 
орды».
42
Бұл мәліметтерге Г.Е. Катанаевтың өзі қосымша түсініктеме береді. 
Бірақ, ол XV ғ. Әбілқайыр бастаған көшпелі өзбектердің Мәуреннахр 
территориясына кетуін, кейінгі кездегі Қазақ хандығында болған оқиға деп 
түсінген тәрізді. Г.Е. Катанаевтың жазуы бойынша: «пред-кучумовскую эпоху, 
разбойнические вольные ватаги всякого рода средне-азиатских выходцев 
носившие сборное имя «казаков» бродили по Сары-Су, Тургаям, Кенгирам, в 
окрестностях Кургалджина значительно севернее тех мест, которые значатся 
их главным обиталищем на «Книге Большого Чертежа», с которых они, как 
мы выше сказали, в конце XVI столетия, завлекаемые открывшеюся обильною 
добычею в городах северного Туркестана, откочевали далее на юг к Сыр-
Дарье».
43
«Үлкен Сызба кітабының» мәліметтері қазақтардың Мәуреннахр 
жорығына дейінгі жағдайды суреттесе керек. Себебі, 1598 жылғы Тәуекел 
ханның жорығынан кейін Қазақ хандығының аумағы біршама ұлғайып, қазіргі 
кездегі Қазақстанның шекарасын қамти бастайды. 
42
Катанаев Г.Е. Киргизские степи, Средняя Азия и Северный Китай в XVII и XVIII столетиях //
Записки Западно-Сибирского отдела императорского Русского географического общества. Книжка 
XIV, выпуск I. – Омск: Тип.Окружн.Штаба., 1893. 46-47 бб.
43
Бұл да сонда 49 б..


40
Зерттеушілер С.Г. Кляшторный мен Т.И. Султанов XVII ғасырдың 
алғашқы ширегінде Қазақ хандығы саяси ыдыраңқы болғандығын ерекше 
атайды.
44
XVII ғасырда Қазақ хандығының халықаралық жағдайы да өзгереді. 
Қазақ хандығының шығыс шекарасында Жоңғар хандығы құрылып, қазақтар 
Жетісу үшін ойраттармен тоқтаусыз күрес жүргізеді.
45
XVII ғасырдың орта 
тұсына дейін қазақ билеушілері Аштарханидтармен Сырдария бойындағы 
қалалар үшін, жоңғарлармен Жетісу үшін күрес жүргізіп отырады. Жоңғар 
экспансиясының таралуымен, XVII ғасырдың 70-ші жылдарына дейін 
қазақтар солтүстік-шығыстағы және Жетісудағы біраз жерлерінен айрылады.
46
XV-XVIII ғғ. Қазақстанның территориялық бөлінісін анықтау 
қиын. Бұл тарихи деректердің аздығынан, бөліністің қалыптасуына 
әртүрлі факторлардың әсер етуіне байланысты. Ұлытау өңірінің 
әкімшілік-территориялық құрылымын қарастыра келіп, оның өзіндік 
ерекшеліктері бар екендігін анықтадық. Ұлытау өңірінің ерекшелігі – оның 
территориясының дала өлкесінің орталық бөлігінде орналасуы.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметінің қазақтарды басқару 
жайындағы заң жүйелерінде жер мәселесі шешілмеген күйінде қалды. 
Қазақтардың жерінің статусы нақты белгіленбеді. Округтар мен 
дистанциялардың енгізілуі, көшіп-қону жолдарының қиыншылығын 
туғызғаны белгілі. Олай болатын болса, жер иелену мәселесіне өзгерістер 
енгізу қажет болды және мұны қазақтар да білді, түсінді. Қазақ сұлтандарының 
бір бөлігі қазақ жерін өз меншігі деп қараса, енді бір тобы оны Ресей 
империясының меншігі деп қарауға дайын тұрды. Ресей мемлекетінің 
XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ жерін мемлекет меншігі деп ресми 
түрде жарияламауы, ол Кенесары Қасымұлы көтерілісі сияқты халық 
қозғалыстарының туындап кетуінен қауіптенуінен еді. Қазақтар мен орыс-
казактарды әлеуметтік тұрғыдан теңестірмекші болған жер бөліп беру сияқты 
бірнеше нәтижесіз қадамдар жасалынды. Міне, осылайша жерді мемлекеттің 
меншігі етіп жариялау мәселесі жетістікке жетпеді, оның тағы басқа себебінің 
бірі ешбір қазақтың орыс казагы сияқты болғысы келмегендігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет