Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет21/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Түнғатар рулары
1. Түнғатар тайпасы, 2 руымен: а) Отар-тінәлі және б) 
Сармантай.
2. Енем тайпасы, 4 руларымен: а) Жетімен, б) Мырзамбет, в) Күшікбай 
және г) Жантүгір, енем-түнғатар болысын құрды, қыстақтары жойылған Ақтау 
бекінісінің шатқалдарында, Сарысудың орта ағысының жағасында, Атасу 
өзенінен алыс емес жерлерде орналасқан. Оларда тұрған көп санды белгілі 
киіз үйлер, тағы келесі тауларда: Қасшоқ (Ақтаудан солтүстік-батысқа қарай 
50 шақ.), Қотыроба және Бірнашар (Ақтаудан оңтүстік-шығысырақ); Қарашоқ 
(сол бағытта, Ақтаудан 100 шақ.); Ақтаудан солтүстікке қарай 50 шақырым, 
Жаманкенелі тауларында; Жақсы және Жаман-сарысу өзені арасындағы
Сарыоба және Жыланды тауларында; Нұра көздерінің арасында, Қойтас және 
Қушоқы тауларында бар екенін ескертеміз.
Темеш рулары. 
1. Темеш тайпасы, рулары: а) Ораз, б) Базаргелді, в) 
Қазымбет, г) Ажыбай, және д) Төкеней.
2. Төбет-темеш тайпасы, рулары: а) Қангелді, б) Кенже, в) Малдыбай, г) 
Алдаберді, д) Тенем және е) Бөрші, жалғыз темеш болысын құрайды, негізгі 
бөлігі Нұра мен Құлат-өтпес арасында, және Сарысу өзені арасында (Жарлыкөл 
көлінің маңында, Құланөтпестің төменгі бөлігінен батысқа қарай жатып) 
қыстайды. Негізінде, Темештер тайпасының бөлімдері төбет-темештерден 
батысқа қарай орын алды, сондықтан Нұра бойында, мысалы, тауларда да, 
оның төменгі бөлігінен оңтүстікке қарай, батысқа қарай – Темеш бөлімдері 
тұр, шығысқа қарай – бөрішшілер, солай барлық жерлерде. Аталған жерлерден 
басқа темештер қыстақтары Есіл бойында (Бабатай, Қызылжар маңында және 
Ақмоладан батысқа қарай, қараменді және Жыланды бекеттеріне жақын) 
және де Мамай көлінің қасында; Ерементау тобының оңтүстік бөліктерінде; 
Селеттің жоғары жағында және шеткі солтүстікке қарай, Шылақ-қамыс 
көліне құйылатын өзендер бойында қараңдап көрінеді. Есілге қарай және 
әрі солтүстікке қарай оңтүстік темештері кәдімгі жазғы уақытта жиналады. 
Бұрынғы уақыттағы олардың жазғы қозғалыстар бағыттары солтүстікке қарай 
немесе солтүстік-батысқа қарай, Атбасар жайылымдарына қарай болған, 
ондағы 1830 жылғы болған экспедицияларында кейде 5-тен 10-ға дейін 
киіз үйлер темештерін алтайлармен бірге кездестірген; Ақмола базарының 
кеңеюімен екі жақтың да көп бөлігі осыған жақындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет