Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет24/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Шерубай‑Нұра болыс
шекарасы - Шекарасы 
Үсен
өзенінің 
Нұра
өзеніне құйған тұсынан жоғары өзенінің сол жағымен 
Қозыбақ 
бастауы мен 
80
ҚР ОММ. Қ-744. Т-1. І-48. 10-14 п.
81
ҚР.ОММ Қ-369. Т-1. І-2021. 54 қп.-60 қп.


62
Нұрбақтың
ескі арнасының бөлінген жерімен, 
Қужал
өзенінің 
Сарысу
өзеніне 
құйған тұсымен 
Үңірек
шоқысына дейін, 
Өртеңжал
шоқыларымен 
Сарыадыр

Сарыкөл
мекені, 
Қойтас, Айнабұлақ, Қуөзек
, Нұра өзені жанындағы 
Қонақпай
бейтімен өтеді, қыстаулары -
 Шерубай-Нұра
өзені бойындағы 
Бұғылы, Тама 
тау, Тектұрмас, Сары тау, Тілен жал, Құм адыр, Топар, Жалайыр, Айтбай, 
Олан, Шайынды 
және
 Қойынды
тауларында, 
Сасық 
көлінде; жайлауы -
Нұра
өзені арқылы, 
Сұңқар қарасу 
мекені, 
Арықты
көлі, 
Ошағанды, Сабыр-қожа, 
Сағындық, Аран (Апан?), Бүйрек тал
 
(мұрағат нұсқасы - р.Бюрк тал-М. Ж.), 
Есіл
өзендерімен, 
Тоқсұмақ, Анар, Байдалы 
көлдері, 
Есіл 
өзеніне құйылыс 
тұсында, 
Қарғалы, Шортанды
мекендері, 
Борлы көл 
және 
Жаманкөл
көлдерімен Караағаш болыс шекарасы 
Есен 
өзенінің жоғарғы бөлігімен, 
Үшоба

Майлысай, Өмірзақ, Жуантөбе
мекендерімен және 
Нұра
өзені мен 
бұрынғы 
Көбетей
бекетімен, 
Шұбартүбек
мекені және 
Үлкен Құндызды
өзенімен, 
Үлкеншат Құндызды
өзенімен, 
Үлкеншат
шоқысымен; 
Жақсы 
Қазықұрт

Көнек
тауларымен, 
Қаражал
мекені мен 
Үстемір
көлімен, 
Құлан 
өтпес
өзенімен, 
Бердібай-Берден
мекенімен, 
Изенді, Құмкөл
және 
Шошқалы
сор
көлдерімен, 
Ащыдан Үшқаттыға
дейінгі аралықтағы 
Құланөтпес
өзені 
бойындағы жерлермен, 
Шұбартүбектен Көбетей
бекетіне дейінгі 
Нұра
өзені бойымен, 
Үлкен Құндызды
бойындағы 
Кеңқияқ, Қызылжар, Балашат
мекендерімен, 
Топар, Шошқакөл, Жұмыртқалы, Сасықкөл, Байғозыкөл, 
Байқоңыркөл, Қосқопа, Балықтыкөл, Баятаркөл, Шұбар, Тассуат, Байсал, 
Изенді, Шошқалы
және
Шөптікөлмен қыстаулары – Соналы
өзенінің жоғарғы 
ағысы мен 
Амантау,
Жақсы Қазықұрт
тауларында; 
Көтей, Көнек, Тоқты 
адыр
шоқыларында, 
Сарысу ши

Мыңадыр, Айғыржал, Өкінген, Аймысық, 
Көккөз, Тынық, Балықты, Баятар, Семізкөң, Сары адыр, Қотантөбе, 
Қозы бақ, Аршалы, Жыланды, Суықбастауда

Сатыбалды, Жақсы-қарт, 
Жаман-қарт, Қара-ағаш, Теректі, Үш қуырдақ қараған
мекендерінде, 
Есен-
Шойынды
өзені бойындағы 
Алшағыр, Керегетас, Ақши,жайлауы -Құлан 
өтпес
өзені арқылы, 
Тассуат

Изенді, Байсал, Қосқопа, Құмкөл, Қаратомар, 
Шошқалы, Арықты, Дөңгелек, Шұбар, Баятаркөл
көлдерімен, 
Балықты, 
Құрқарасу, Тоқтамыс, Сары, Қосшоқы
мекендерімен, 
Нұра
өзенімен және 
соның бойындағы 
Қонтай, Кертінді, Қолаң
және 
Шақаман
мекендерімен.
Ақмола болысы Шекарасы 
Алты айғыр
мекені мен өзенімен, 
Сары адыр, 
Қызыл жал 
шоқысымен, 
Жыра
өзенімен 
Қызыл мола таспен

Ақтасты
өзенімен, 
Түс томар, Қарақоға, Қосшоқы, Егінді томар, Жаншілікпен, Қушоқы
тауы-мен, 
Бозайғыр
көлімен, 
Кенжебай
өзенімен, 
Сасықкөл
көлімен, 
Қос қа-
расу, Төрт қонақ
өзенімен, 
Ошаған, Түстас, Қарақоға 
мекенімен, 
Майба-
лық, Құмкөл
көлдерімен, 
Жолажота Ақ күріш, Ақмоламен

Нұра, Қозыкөш, 
Аққұман, Отаутүскен, Бортас, Жарқынбек, Қарақоға, Қосқонай, Жалаңаш, 
Жалаңашты қарасу, Қара-қоға, Бескемпір
, және 
Қарамойыл, Алакөл, Танакөл 


63
және 
Жанкөлмен қыстауы - Алты айғыр
мекенінде, осы жерден жоғары 
Есіл
бойымен 
Бабатай, Аюсойған, Моншақты

Қушоқы, Тама.., Қояншұбар, 
Тышқанкөл, Қаражар, Жалаңаш, Жарқынбек, Қарағаш
және 
Ақкөлге
шейін, 
жайлауы - 
Алты айғыр
мекені арқылы
, Кенжебай, Қос шоқы, Егінді томар, 
Қаратомар, Бозайғыр, Қосқарасу, Майбалық, Құмкөл 
және қыстауларына 
жақын жерлердегі жайлауларына.
Спасск болыс
шекарасы -
Шерубай‑Нұра болысынан:
Шерубай-Нұра, 
Жартас, Шуаш
өзені мен 
Бір тоғай
мекенімен шекаралас жатыр. 
Қараағаш болысынан: 
Жыланды
шоқысы, 
Мейірман шат
мекені, 
Бала 
Құндызды құймас
өзенімен шекаралас жатыр. 
Шерубай-Нұра 
өзенінде, 
Баймырза мола, Қызыл мола, Бекқожа
қонған мекендерінде, 
Нұра
өзенінде, 
Қанды қараоба, Наршөкен, Семіз қыз
шоқыларында, 
Қосқұдық
мекенінде, 
Қарағанды
өзенінде,
Байатар
шоқысы мен 
Шилі
мекенінде, 
Үткен
су өзені, 
Ақтөбе
тауында, 
Бабатай, Көптам, Жаманшұбар
мекендерінде, 
Мейірман 
шаты
мекенінде, 
Жауыр
шоқысында, 
Нұра
бойында 
Байдәулет, Қараңадыр.
Жайлауы
 

Сабыр қожа
мен 
Нұра
өзендері арқылы, 
Араб әулие, Жартас
шоқылары, 
Ошағанды
өзенінің жоғарғы ағысы, 
Шөптікөл
көлі, 
Ағыбай тиген, 
Обатас, Жыланды, Шоқай шалды
шоқылары, 
Баймырза, Нұралы қарасу 
өзендері, 
Үршаты, Қушоқы
шоқылары, 
Тұзды қарасу
өзені, 
Қорғанкөл, Таскөл, 
Маржанкөл
көлдері, 
Ақтасты
өзені, 
Қоянды
шоқысы, 
Сапақкөл
өзені; 
Нұра 
Хан сүйегі, Алтынды әділ, Сұңқар қия қарасу
мекендері, 
Біртоғай, Тентек
қарасу
өзендерімен бұл құжаттан алатын ең құнды мәлімет елді мекендердегі 
патшалық әкімшілік құрылымның төменгі буыны - болыстар атауындағы 
өзгерістерді көруге болады. 1865-68 жылдарға дейінгі болыстар ел атымен – 
рулар атымен аталып келсе, 1875-78 жылғы құжатта елдердің атауы жер-су 
атауларымен алмастырылған. Мысалы: бұрын 
Айтқожа-Қарпық, Сайдалы-
Алтай, Тінәлі-Қарпық, Қареке-Алтай 
деп аталса, енді 
Нұра, Қараағаш, 
Ақмола, Спасск 
деп ауыстырылған.


64
Қарқаралы уезі
ХVIII ғасырдың соңы ХІХ ғасырдың басында Орта жүз қазақтарының 
шаруашылық қатынастары үлкен дағдарысқа ұшырай бастады. Оның 
негізгі себебі Ресей патшалығының осы өңірлерді отарлау мақсатында 
орналастырылған орыс-казак әскери линияларының салынуымен туындады. 
Яғни қазақтардан құнарлы жайылымдық жерлерінің алынуы, көшпелі өмір 
салтының жүйесі бұзылып, жер, мал дауларының өршуі болды. Сонымен 
бірге әскерлердің тонаушылық әрекеттері мен ауа-райының өзгеріп, 
қолайсыздануы қазақтардың шаруашылық жағдайын біршама төмендетті. 
Аймақ шаруашылықтың өзгерісіне байланысты: 1. Далалық қазақтар; 2. 
Станициялық қазақтар болып екіге бөлінді.
ХІХ ғасырдың басындағы Қарқаралы өңіріндегі өзгерістер Бөкейдің 
хандық құруымен дәл келді. М. Вяткин оның 1815 жылы хан сайланып, 1817 
жылы дүниеден өткенін атап өтеді (49).
Ал, Құрбанғали Халид «Тауарих хамса» еңбегінде Бөкей сұлтанның хан 
сайлануына толығырақ тоқталған. Онда: «1816 жылы 12 қаңтарда Александр 
І атынан арнайы грамота келеді. Осы грамота бойынша Бөкейхан Орта жүздің 
атақты 13 руларына билік жүргізу үшін хандыққа бекітіледі, сонымен бірге 
Абылай хан өлімі мен грамота келуінің арасы 30 жыл», – деген жазба бар (50). 
Бұл жазбада шамалы сәйкессіздік бар, себебі Абылай хан 1781 жылы қайтыс 
болса, оған 30 жылды қоссақ, Бөкейдің хан сайлануы 1811 жылмен тұстас 
келеді.
Ал ханның 1819 жылы қайтыс болғандығын А. Байтұрсынов, С.Броневский 
жазбаларынан кездестіреміз (51). 
ХІХ ғасырдың басына қарай Орта жүз тайпаларының көпшілігі Ресей 
бодандығын қабылдады. Бірақ ресми құжаттарда Қырғыз даласы деп аталатын 
ұлан-байтақ жерде көптеген рулардың қоныстары бытыраңқы орналасқан еді.
«Солтүстігінен оңтүстігіне қарай, – деп жазады И.Завалишин, - ең қысқа 
жол 1100 шақырым, ал шығыстан батысқа қарай 2500 шақырым болып 
есептеледі. Қырғыз даласының кеңдігі 40 000 шаршы географиялық миль, 
яғни Сібірдің үштен бірі және Ресейдің оңтүстік далалық өңірінен екі еседен 
астам үлкен деп саналады» (52) .
Орта жүздің осы ұлан-байтақ жерін тиімді басқару жүйесін енгізіп, оған 
алым төлейтін халықтың белгілі бір бөлігін бағындыру керек болды. Бұл – 
самодержавие қазынасын едәуір толықтыратын салық саясатын жүзеге асыру 
үшін қажет еді.
Бұрын Қазақ даласында болып көрмеген аймақтық бөліністі енгізген кезде 
орыс әкімшілігі ең алдымен белгілі бір рудың, тайпаның байырғы мекенін 
сақтауға, бір жерден екінші жерге көшудің ғасырлар бойы қалыптасқан 
жолдарына, көшпелі қауымдардың жерді пайдаланудағы әдет-ғұрып, 


65
дәстүрлеріне сүйенді.
Осы себепке байланысты аумақтық өлшемдерді (мысалы, округтарды) 
ұйымдастырған кезде орыс әкімшілігі рулық-тайпалық принципті ұстанды. 
Сондықтан түрлі кеңселердің ресми құжаттарында рулар мекендейтін жерлер 
(қыстаулар мен жайлаулар), әрбір болыста көшіп жүретін шаңырақ иелері 
мен ауылдарының саны мейлінше толық көрсетілген. Рулар мен тайпалардың 
орналасуын көрсеткенде бұл мәліметтер бағалы дерек көзі болып табылады.
1822 жылғы 22 шілдеде «Сібір қырғыздары туралы жарғы» деген атпен 
арнайы ережелер қабылданды. Бірақ ол бірден жүзеге асырылмады. Осыған 
орай Е. Бекмаханов: «Даланы басқарудың жаңа жүйесі далада ғасырлар 
бойы орнаған тәртіпті елеулі түрде өзгерткені сонша, қарсыласқан үкімет 
жаңа басқару жүйесін бірден енгізе алмады. Приказдар ашудың дайындық 
жұмыстары 1824 жылға дейін созылды», – деп жазды (53).
Патша самодержавиесі бұл мақсатына жетуі үшін 1817- 1819 жылдары 
бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізгені де мәлім. Осыған байланысты 
Орта жүздің соңғы хандары Уәли мен Бөкейдің бірнеше мәрте хат, грамота
алғандарын айтуға болады (54).
Қарқаралы округі солтүстіктен оңтүстікке қарай Ертіс өзенінен Балқаш 
көліне дейінгі, батыстан шығысқа қарай Ащысу өзенінен Шыңғыстау 
жоталарына дейінгі аймақты алып жатты; округ қарамағында болыстар (18) 
ауылдар, (147) 16 почта бекеттері болды. Жерінің жалпы аумағы 135320 
шаршы шақырым, халқы 59724 адам. Халқы негізінен мал шаруашылығымен 
(220 мың жылқы, 77 мың ірі қара, 1164 мың қой, 32,7 мың түйе болды) 
айналысты. Кен өндіру кәсіпшілігі дамыды. 1868 жылдан Семей облысының 
құрамындағы уездік қала орталығы болды (55). 
Бірақ ғасырлар бойы қалыптасып қалған қазақ халқының ауылдас, рулас 
әдет-ғұрыптары Патша үкіметінің бұл жарлығының жүзеге асуына мүмкіндік 
бермеді
Аталмыш рулардың көлемі Қарқаралы округін құру алдында жасалған 
санақтардың нәтижесі болып табылады. Оның ішінде, төлеңгіттердің саны 
да анықталған. Олардың ауылдарының кейбір рулардан асып, қаракесектің 
ру ауылдарымен қатар тұрғанын көреміз. Төлеңгіттер хандардың қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Төлеңгіттердің Қарқаралы өңіріне 
Бөкеймен бірге ХVIII ғасырдың орта кезінде қоныс аударғандығы мәлім.
Әскери бекіністер салу арқылы қазақ рулары арасында қақтығыстардың 
өршуіне жол берді. Осы уақытқа дейін тарихи әдебиеттерде, көбінесе ру 
аралық жер, мал дауларының себебін жергілікті билеушілердің баю үшін 
жасаған әреттері деп түсіндірілді.
ХІХ ғасырдың басына қарай Орта жүз тайпаларының көпшілігі Ресей 
бодандығын қабылдады. Бірақ ресми құжаттарда Қырғыз даласы деп аталатын 


66
ұлан-байтақ жерде көптеген рулардың қоныстары бытыраңқы орналасқан еді.
Жекелей Сібір корпусының командирі генерал-лейтенант Глазанеп 1817 
жылғы 18-қаңтардағы Бөкейге жазған хатының мазмұны төмендегідей: 
«
Почтенный внукъ Вашъ султан Турсунъ съ тремя при немъ старшинами 
прибыли сего мъсяца 25 числа сюдъа въ Омскъ благополучно, а 30 числа 
отправлены мною восвояси, на коковой конецъ сделаны имъ со стороны 
моей всъ нужныя пособия в пути ихъ. Вамъ, высокостепненейщий ханъ, такъ 
равно и депутатам вашимъ и прочимъ сташинамъ, Вами рекомендованным, 
награда, усмотрите Вы изъ прилагаемого при сем въ впискъ отношения ко 
мне Управляющего Министерствомъ Инностранныхъ Дел господина тайного 
кеңесника графа Карла Несельроде и изь ответного письма его к Вам
».
Бұл жарғыға сәйкес, Сібір қырғыздарының елі шеп желісі (линия) 
бойында құрылған округтер Омбы облысының округтері болады. Округтер – 
болыстарға (әрбір болыста 10- 12 ауыл), болыстар ауылдарға (әр ауылда 50-70 
шаңырақ) бөлінеді. Бұл округтер бір ру немесе ағайындас болып саналатын 
және әрқашан бірге болып дағдыланған болыстардан құралады. Округтерінің 
өз қоныстары болады, көшіп жүретін жерлеріне өз бетінше қоныстанбайды.
Ауылдарды – шаңырақ иелері 3 жыл мерзімге сайланатын старшындар, 
болыстарды- сұлтандар билейді, олардың билігі мұраға қалады. Әрбір округте 
болыс сұлтандары өз араларынан 3 жыл мерзімге сайлайтын аға сұлтанның 
басқарумен Округтік приказ құрылды.
«Жарғыны» жүзеге асыру үшін 1824 жылдың көктемінде дала ішінде, 
жайлауға әлі көшіп үлгірмеген қазақ руларының қоныстарына орыс 
әкімшілігінің шенеуніктері жіберіліп, олар орыс және қазақ тілдерінде 
жазылған осы жарғыны халыққа жариялады. Сонымен бірге халық арасына 
«Сібір қырғыздарына» деген жарлықтар таратылды, онда тұрғындар даланы 
жайғастырудағы жаңа ережелерді қабылдауға шақырды.
Омбы облысының полковнигі Броневский 1824 жылдың 24 ақпанында 
сұлтан Ғазы Бөкейұлына жолдаған хатында: 
«По Высочайшему Его 
Императорского Величества повелению долженъ во всем по известному 
Вамъ вновь изданному уставу о киргизцахъ открытся округ съ диваном 
для управления волостями,бывшыми въ ведении высокостепенного и 
почтеннейшего родителя Вашего.
Предваривь Вась, почтеннейший солтан, и чрезь родственника Вашего 
солтана Али..., что я следую вь пределы, обитаемые каракисетскими 
волостями, и еще считаю нужным съ письмом послать къ Вамъ переводчика 
титулярного кеңесника Бубеннова, дабы Вы обьявили подвластнымъ Вамь 
біямъ и киргизцамъ, чтобы они пребылы совершенно спокойно, остоваясь на 
тепрешнихъ местахъ кочевки, что мы несем къ ним миръ и тишину, идемь къ 
ним как друзья, имеющие одно вь предметь быть их защитниками и дасавить 


67
им покой жизни, ибо теперь они не могуть назвать свое своими трудами 
многих лет нажитое состояние...
Я должен остановится при урочище Каркаралы, где последують и выборы 
старшего султана, также заседателей дивана, султанов для управления 
волостями, біев и старшиниь для управления аулами, по согласию народа, 
на основании устава о сибирских киргизах К 10 числу будущего марта 
сибрских киргизовь, прибыть на Каркаралы ко мне для кеңеса и рассуждения 
по настоящему делу и для упомянутых выборов начальниковь къ управлению 
народом изъ среды васъ»(57), 
– деген
.
1824 жылы екі округ –Қарқаралы, Көкшетау округтері ашылды. Қарқара 
(Қарқаралы –А.Т) округі Семияр форпостына көрші орналасты. Оны 
басқарушының приказы – сол форпостында 280 шақырым жерде, Қарқаралы 
алқабының оңтүстік – шығысында. Алғашқы ашылған жылы бұл округ 14 
болыстан құралды, оларда 20 мыңдай шаңырақ немесе 60 мың ер адам болды. 
Кейін оларға тағы төрт болыс қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет