Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Қарқаралы және Ақтоғай аудандарының территориясын XIX ғасырда



Pdf көрінісі
бет25/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Қарқаралы және Ақтоғай аудандарының территориясын XIX ғасырда 
мекендеген қазақ рулары және олардың көші‑қонысы
1841 жылғы деректер бойынша рулардың Қарқаралы округі аумағында 
орналасуы.
№ Болыстар
Қыстау
Жайлау
1
Дүйсенбай-
Шекшек
Қазанғап өзенінің 
аңғарында (Темірші, 
Қызылады, 
Жақсықаражал және 
басқалар)
Кіші Нұра өзенінен
Үлкен Нұра маңындағы сазға 
дейін
2 Әйтімбет –
Қара
Қазанғап және Түндік 
өзендерінің көптеген 
аңғарларында
Талды өзеніндегі қыстаудан 
батысқа қарай, Қарақора 
өзенінде, Кіші Нұра мен оның
салалары бойында Сазға дейін
3 Қарауыл –
Қамбар
Екі Түндік өзендері 
аралығында, Көкшетау 
маңындағы алқапта
Талды өзені, Қарағор көлі, Кіші 
Нұра және Саз өзендері
4 Дадан- 
Тобықты
Балқаштың солтүстік 
жағалауы, Тоқырауын 
өзенінің сағасынан 
Қандақты алқабына дейін
Тоқырауын өзені бойымен 
оңтүстікке қарай
5 Тарақты
Достар, Қырғынтас, 
Әбілтау және т.б 
аңғарында
Кіші Нұра өзені мен Ботақара 
тауына дейін, Шідерті өзенінің 
бас жағында


68
Бұл кестеге ұлы ғұлама ғалым Ш. Уәлихановтың еңбегіндегі Қарқаралы 
сыртқы округінің қысқы көш орындары берілген, біз осы мақаланы 
салыстырмалы түрде көрсетуді жөн көріп отырмыз (58).
1. Дадан Тобықты. Қарабұлақ өзеннің жағалауы мен Балқаш көлінің 
қойнауларындағы Дересен деп аталатын қысқы көш-қон орны. Ал жазғы 
жайлаулары Желтау, Қошқар, Қазанғап, Қарашоқы, Бесшоқы өлкелері арқылы 
солтүстікке қарай Қарқаралыдан қырық шақырым жердегі Кент тауларынң 
Қаракөл шатқалдарына дейін созылады.
2. Төлеңгіт. Шұбарайғыр, Жауыр, Түндік, Таскүңгей, Қызылсаяқ, 
Төбесу, Қарабұжыр, Қайрақты, Арқарлы, Төлебике, Қусақ, Тесіктас, Жарық, 
Матақықызыл, Түлкілі мекендеріндегі қыстақтар – Қарқаралыдан оңтүстік –
шығысқа қарай 180 шақырым шамасында. Бұл жерлерден солтүстік – батысқа 
қарай Жаманкүзеу, Қоқыбай, Бөріктас, Қызыларай, Тоқырауын мекендеріне 
және оларға керісінше Қошқар мекені арқылы өтетін жазғы жайлау орындары.
3. Керей. Бүкіл болыстың көші қон жерлері; Абыралыға қарайтын 
жағалаудан басқа, Топар мен Көкшетау елді мекендерімен қоса Аршалы, 
Қайракүзен, Қушоқы, Татан, Төлебике, Қызыладыр, Арқарлы, Бесқабан, 
Бесоба, Қаражал, Күйкентай, Бақанас, Қарақойтас, Саранайтау Шақпақ 
өзенімен Үшбашай, Аңшағыр далаларымен қоса Көксеңгір, Құсмұрын 
өзенімен қоса Қаршығалы, Жағалы Ақбастау, Үшқара Майөзек далаларымен 
қоса, тауларын қоспағанда Тағаналы, Жыланды, Сандықтас, Шақпақтас, 
Бесқабан, Тоқболат. Керей болысының қазақтары аталған жерлерде үш 
жүз шақырымға созылған аймақта, приказ орналасқан жерден төрт жүз 
шақырымдай қашықтықта қыс қыстап, жаз жайлап жатады.
4. Тарақты. Қыстақтары мына мекендерде орналасқан: Матайадыр, 
Жалаулы; Майкенді, Тоқты, Ойшаңадыр, Жотан, Текебай, Наурызбай
Меңдібай, Қонысбай, Қараадыр, Мырзакелді, Сарыадыр, Сарыбұлақ шыңы, 
Берікқара, Ақшоқы, Бетсу, Шатсу, Шоңқара, Байжанбұлақ, Төлекенің 
Мыңшұңқыры, Байпақ, Сарытау, Тесіктас, Сарыжал, Қарасор, Сарыоба, 
Жертомар, Ащысу, Аршалы, Матай Шағырлы, Айғыржал мен Шағырай. Ал 
жайлаулары: Дағанды, Қонысбай, Көксеңгір, Үшқара, Ақбесті, Көкшетау, 
Жарадыр мен Майөзек.
Қыстақтары орналасқан мекендер; Қараой, Атымтай, Жосалы, Қызыл 
қайнар, Үшқара, Қарашоқы, Алшаң, Қызылшілік, Жанқоңыр, Дастар, 
Айғыркөмген, Аққыстау, Қостөбе, Ақыбай, Бұйыршы, Ащықұдық, Атанның 
Саршоқысы, Шыбынтай, Терісаққан, Қаракөл, Қызылқұдық, Қарасор, 
Шенеу, Ақшоқы, Шыңтас, Ащықұдық, Арқалық, Бекбау, Барақ. Бұл жерлер 
Қарқаралыдан 120-230 шақырым қашықтықта. Жазғы жайлаулары мына 
мекендер: Бабақ жалғыз тауы, Саршоқы, Жауыр, Баймырзаның қарасуы, 
Нияз, Жұтқырған, Қандыадыр, Ақирек, Талпан, Ұрының шаты, Айғыржал


69
және Өлеңті, Шідерті, Нұра өзендерінің бойы.
5. Әйтімбет-Қара. Қыстақтары орналасқан мекендер. Боқты, айнала 
төңірегімен Қара мола, Үлкен қоянды, Көкпекті, Ералы, Түндік. Жуантөбе, 
Жыланды, Жаманши, айнала төңірегімен Арқылы, Байшолақтың батыс 
жағы, Серектас, Жарбастау, Ақжігіті, Сеңкебай, Жабық, Қарашатау, Ізбасар, 
Байдалы, Ақшоқы, Тасшоқы, Ормантас, Байталшоқы, Керегетас, Ақтас, 
Қараоба, Тайлақсу, Үйтас, Қараөзек, Құлболды, Қызылтау, Қайрақтас, 
Шашандық, Тоқырау, Тоғанбай, Егінідібұлақ.
Бөкейханның қарамағындағы орналасқан руларды қарастыратын 
болсақ, бұл мәселе бойынша деректерді Бөкей сұлтанды хандық дәрежеге 
бекіту грамотасынан кездестіреміз. Ол құжатта: «Нашего Императорского 
Величества поданный Средне – Киргизской орды султаном, биям, старшинам 
и всему той орды народу наша императорская милость: обьявляем через ею 
всем кому видать подможеть, что как 13 волости Средне – Киргизской орды 
.. состоящея под начальством Средней той орды Букея Баракханова сына 
Бывь рассправою его довольным, возлежав иметь его особо своим ханом 
единодушно избирали его древнему обыкновению нарекли ханом. Оставляя 
хана Валия при всей его власти во владении по прежнему 9-ю волостями 
ему посушными утвердить над выше означенными 13-ю ханом помянутого 
султана Букея Баракханова сына», – деп атап көрсетілген. Яғни орта жүздің 
13 елі, атап айтсақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет