Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет26/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   182
алтай, төртуыл, шаншар, байбөрі, күшік, жалын, бала 
шарын, кірін, қырғыз, тобықты, тарақты, қоңырат, қарпық
рулары Бөкей 
ханның қол астында өмір сүрген.
Осымен қатар, Бөкей хан иелігіндегі рулардың негізінде құрылған 
Қарқаралы Сыртқы округінің құрылуының деректерінде көрсетіледі. 
Сонымен, аталмыш округ құрылғанда, оған мынадай болыстар қамтылады: 
шаншар, алтай шор (қарауыл, қоңырат), төртуыл, сарым, әлтеке, қояншы, 
керней, кәрсен, қоңырат, жабатай, манас, тарақты, байбөрі яғни 14 болыстан 
тұрады (59). Император грамотасымен округтің құрылу құжаттарындағы 
рулардың кейбір сәйкессіздігі, ру аттарының орыс тілінде өзгеріске ұшырауы 
немесе болыстардың құрамындағы өзін де болыс ретінде шатастырып 
жіберілуінен туындаған. Олардың жалпы саны 20 000 үй саналған (60). 
Аталмыш рулардың көлемі Қарқаралы округін құру алдында жасалған 
санақтардың нәтижесі болып табылады (61). Оның ішінде, төлеңгіттердің саны 
да анықталған. Олардың ауылдарының кейбір рулардан асып, қаракесектің ру 
ауылдарымен қатар тұрғанын көреміз. Төлеңгіттер хандардың қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарды. Жалпы рулардың барлығы дерлік бұл 
жерге қоныстануы ХVIII ғасырдың ортасында Бөкей сұлтанның Сарыарқа 
жеріне қоныстанумен тығыз байланысты. Осы өңірге жүргізілген Ф. Щербина 
экспедициясының қорытындысы бойынша қарастырсақ; 1723 жылдардағы 


70
қазақ даласындағы жұттан кейін көптеген рулар қол астындағы қалған аз 
малдарымен жақсы жайылым, қоныс іздейді. Сондайлардың бірі, ел аузында 
сақталған аңыз бойынша Темеш (Алтай руынан) руы 40 үйлі көшімен 
Қарқаралы өңірінің аймақтарында көшіп жүрген Наймандармен кездесіп, 
араларында қақтығыстар туып, оның соңы Наймандардың жерлерін тастап 
кетуімен тынады. Осыдан кейін, 1748 жылы Алтай және Қаракесек руларымен 
бірге Бөкей сұлтан да келеді.
Осы жазбаларда Қарауыл мен Ұлы жүзге қарасты Қырғыз руының аралас 
көшіп-қонатындықтарын баяндай келе, олардың да қаракесектермен қатар, 
Арқалық тауларының баурайларынан қоныс тепкендіктері аталады. Ал, 
негізінен, Қарқаралы, Кент, Боқты, Қу, Едірей тауларын қаракесек рулары 
иемденген. Территориялық жағынан нақты қарастырсақ, қаракесектің бір 
бұтағы майқы-ұрпақтары –Нұра, Тоқырауын, Танас ұрпақтары- Ақсары, 
Берікқара, Кент, Темірші, Бошан ұрпақтары – Абыралы, Ақшатау, Ақбота, 
Бөрлі, Қу, Дегелең, Едірей, Қызылтау, Мойынты, Сарытау жерлеріне 
қоныстанған.
Бөкей ханның қонысын «ханның қаратөбесі» деп атаған. Шежіре- 
әңгімелерде оны Қарақуыс деп, ол жердің қазіргі Қарқаралы ауданының 
Жамбыл мен Нұркен ауылдарының арасында орналасқандығы айтылады. Ал 
негізгі мекенжайы осы жерге жапсарлас жатқан Бөкей бұлағы (Бақыбұлақ) 
деген қоныста болған.
Қарқаралы округінде 1839 жылы 17 болыс, 1851 жылы 18 болыс, 1900 
жылы 21 болыс, 1906 жылы 22 болыс болған. Ал, Қарқаралы округінің 21 
болысындағы 353 ауылындағы 20874 шаңырақты орта есеппен бөлгенде 
қабылданған шешім әділетті болмаған. Мысалы: Қарауыл болысында 4 ауыл 
240 шаңырақ, Қамбар болысында 10 ауыл 440 шаңырақ, Дүйсенбай-Шекшек 
болысында 13 ауыл 798 шаңырақ, Кәрсон-Керней болысында 18 ауыл 1081 
шаңырақ, Нұрбике-Шаншар болысында 22 ауыл 1273 шаңырақ, Әйбике-
Шаншар болысында 13 ауыл 1761 шаңырақ, Тобықты болысында 50 ауыл 
2978 шаңырақтар болған.
Сондықтан жергілікті халық округ құрылған кезде өздерінің қысқы 
қоныстарын, жайлауларын, ағайындық тарихи бірлігін сақтап, табиғи 
дәстүрлерін жалғастыра беруге тырысты. 
1824 ж. 8-сәуірде Қарқаралыға аға сұлтан тағайындаумен байланысты 
алдын-ала жүргізілген санақ бойынша төмендегі болыстардың ауыл үйі мен 
адам саны нақтылап көрсетілген:
 
1824 ж. 8 сәуірде аға сұлтандыққа Бөкей ханның немересі Тұрсын Шыңғыс 
ұлы (Жамантай) сайланды. Заседательдігіне Үлдебай Ортауов пен Жаманбай 
Нұралин (шекшек) сайланды. Іс қағаз жүргізушілікке Омбының Азиялық 
училищесінің оқушылары Петров, Михайлов және Федоров бекітілді. Орыс 


71
кеңесшісі болып жүзбасы Карбышев тағайындалды.
Қарқаралы уезін толық өзіне қаратып алғаннан кейін, бұрынғы қазақтың 
рулары атымен аталатын болыстардың атын өзгертіп, жер аттарымен атайтын 
болды. Егер, 1824 ж. 8 сәуірде Қарқаралыға аға сұлтан тағайындауына 
байланысты жүргізілген санақ бойынша төмендегі болыстар аталған болатын: 
Дүйсембай-шекшек, Қырғыз, Қара-Әйтімбет, Алтынбет, Қарауыл, Қояншы-
таңай, Кәрсон-Керней, Бура, Әйбике-Шаншар, Нұрбике-Шаншар, Қамбар, 
Әлтеке-Сарым, Дадан-тобықты, Төлеңгіт, Керей, Тарақты, Көшім, Жалықбас, 
Бұра-Найман, Тобықты, Алсай деген болыстардың аттарын өзгертіп, Абыралы, 
Ақбота, Ақсары, Ақшатау, Балқаш, Берік қара, Бөрлі, Дегендел, Дегелең, 
Қотан-бұлақ, Кент, Қу, Қызыл тау, Мойынты, Нұра, Сарытау, Сарыбұлақ, 
Темірші, Тоқырауын, Шұбартау, Шу, Едірей болыстары деп атайтын болды.
ХVІІІ ғасырдың соңында самодержавиялық Ресей қазақ жеріне бойлай 
еніп, өзге жұрттан әкелетін келімсектерді мейлінше молайтып жатқан ды. 
Тұрғылықты халықтың құнарлы жерін, сулы өлкесін тартып алып, енді еліне 
билік жүргізудің айла-шарғысын жасай бастады. 
ХVІІІ ғасырдың аяғы – ХІХ ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты 
барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға 
кірісті. 
1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің 
басшылығымен «Сібір қырғыздары» туралы жарғы, 1824 жылы «Орынбор 
қырғыздары жөніндегі жарғы» –деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін 
басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші 
жүз хандықтары жойылды. Орта жүзде «аға сұлтан» деген басқарушы қызмет 
енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі 
округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. 
Болыстық бөлінудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі 
алынды. Сондықтан жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың 
іргесі сөгіліп, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір 
әкімшілік шеңберден екінші әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрынғы 
көшіп-қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан 
сайланды. Болыстыққа сұлтандар тағайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде 
атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.
Ел мен жер егіз. Жері байдың – елі бай. Жер тарихы – ел тарихы. Ұлы 
жиһангер, ғалым Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағында 
«Зимние кочевьки волостей Каркаралинского внешнего округа» деген 
тақырыпта 17 болыстықтың жер атауын берген екен. Соның ішінде тобықтылар 
– Дадан тобықтының да қоныс аймақтарын көрсетіп кетіпті. 
Архив материалын Шоқан Уәлиханов Қазақстан тарихы бойынша еңбек 
жазу үшін жинастырған сияқты. Жазба – ХІХ ғасырдың 30-жылдарында-ақ 


72
жиналған ресми статистикалық материал. Онда Қарқаралы округына жататын 
болыстардың қоныстары берілгенін жоғарыда да айтып кеттік. 
«1. Дадан тобықты.
Қысқы тұрағы Қарабұлақ өзені бойындағы қоныстар, Балқаш көлінің 
Дересін аталатын шығанағында. Бұл жерлер приказ орналасқан жерлерден 
шамамен үш жүз шақырым жерде. Жайлауы батысқа Көрпетай, Нұртай 
жерлері арқылы, Тоқырауын өзені, Қызыларай, Бектауата, Қоңыратшоқы, 
Маңдайторғын, Кенелі, Ұраңқай, Бесжәмші, Қызылтас және де басқа 
қоныстардан өтеді» (62).
Яғни қыс қыстауы: Балқаштың солтүстік жағалауы, Тоқырауын өзенінің 
сағасынан Қандықты мекеніне дейін болса, жаз жайлауы: Тоқырауын бойымен 
оңтүстікке қарай болған екен.
Ендігі кезекте Қарқаралы уездік начальнигі құрастырған «Қарқаралы 
уезіндегі болыстардың құрылымы, жерді пайдалану бойынша, әр болыстың 
шекарасы көрсетіліп, кейбір жер-су аттары өзгертіліп, қоныстар бойынша 
құрастырылған» жоба бойынша сол тұстағы Дадан тобықты болысының 
мекен-тұрағын анықтап көрейік.
«Дадан тобықты болысы».
Қыстаулардың көпшілігі Төлеңгіт Қырғызбаевтардың қыстаулары 
мен Дадан Әбетқожа мен Тапсыққожа арасындағы жердің ортасынан 
бастап, Балқаштың солтүстік-батыс жағалауымен Жаңғызшаған қонысына 
дейін орналасқан. Осы жерде Тарғыл тауының шығыс шегімен керней-
қырғыздардың және Ақшатау, Балқаш қырғыздары Тұмабай қыстаулары 
арасынан, орта қоныс Қарақамыс, тік сызық арқылы Аққұм қонысына және 
осы жерден Үшоба шоқысы арқылы Жон биігінің жоталарымен, Әлтеке-
Шыңырау қара обасы арқылы Әлтек құдығына дейін Керней болысымен 
шектеседі. Соңғысын (Әлтек құдығын) Керней болысына тастап, құмды жота 
Жалқұм арқылы, Қаратұмсық қонысы арқылы Тұзкөл көлі, Тұзкөл құдығына 
дейін Дадан тобықтының жері болып қала береді. Бұл жерден Сарыкөлдің 
биігі шоқысы мен осы шоқылардың жоталары арқылы Ақжал шоқысының 
төбесіне өтеді. (Ескерту: Ақжал шоқысы деп отырғанымыз болыстардың 
нақты шектесіп-түйіскен тұсы: Дадан тобықты, Керней және Әлтеке-сарым).
Дадан тобықты болысында 2294 шаңырақ. Болыс 12 ауылға бөлінген.
Халқының аздығынан болыстағы шаңырақ саны қала береді және алып 
жатқан кеңістігінің көлемінің кеңдігінен Әлтеке-сарым болысынан бастап 
Тоқырауын өзенінің бойымен Балқашқа қарай шекараны анықтап болысты 
бөлу қажет. Былайша: Сарытерек қонысының аяғынан Тоқырауын өзенінің 
ағысымен төменге қарай өзен ағысы өзгеретін Тойбике молалы зиратына 
дейін. Осы жерден Тоқырауынның ескі арнасы орнындағы құм Құмжонмен 
Ащықарын қонысы мен Қарасу көліне дейін (Тоқырауын өзенінің көктемгі 


73
жайылған жерлерінде пайда болған су аңғары), Тоқырауынның ескі 
ағысының жаңасымен түйіскен тұсы Саға жеріне дейін, одан әрі Тоқырауын 
өзенінің ағысымен Балқаш көлі құмдарына сіңіп жоғалғанына дейінгі 
Бозшатал қонысына дейін. Бұл жерден Атжидек қонысының батыс жағымен 
Байтөре және Қуандық қыстаулары арасымен тік сызықпен Балқаш көліне. 
Тоқырауынның оң жағындағы жартысы 1145 шаңырақтан тұратын болады 
және Батыс Балқаш болысы болып аталады, ал келесі жағы – Тоқырауынның 
сол жағы 1149 шаңырақтан тұрып, Қотанбұлақ болып аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет