Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет22/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Тама рулары
Осы уақытқа дейінгі бұл ұрпақтың белгілі тайпаларының 
мағынасы:
1. Алшын, 3 руға бөлінеді: а) Құлтума, б) Жиенәлі және в) Досым.
2. Тама, 2 руға бөлінеді: а) Өмірбек және б) Жөгі.


59
3. Есілхан, бұлармен бірге тайпа көшеді.
4. Қырғыз, рулары: а) Жуынды және б) Сару және басқа да белгісіз 
тайпалардың бірнеше бөлімдерімен (мысалғы Аманжол және қозу). Бұл 
бөлімдердің барлығы әуелде – Ақмола округінде әкімшілік бірліктерімен 
құрылған (қырғыз-төрт-ауыл болысы және тарақтылардың бөлімі), тама 
болысын құрды, негізгі тұратын жерлері – Сарысу өзені орта ағысы, Қаражар 
мысынан, немесе Қаракеңгір өзені сағасынан Сөртісуға дейін және осы ақырғы 
өзеннің жоғарысына қарай; Сарысудың солтүстік жағында тамалар тағы 
Қобыршақты көл. жағасында және жатқан таулардың алқаптарында; Жақсы-
көңнің жоғарғы және Нұраның ортаңғы бөлігінде. Сарысуда оңтүстікке қарай 
Тақыр далада тамалар нағыз иелері. Олардың қыстақтары бұнда Жеті және 
Жиделіқоңыр құмдарында; Сарысуға жақын, Түйе-Мойнақ шатқалының 
маңында; Атасу өзені сол жақ жағасында, Кедейтау, Шоқаман, Шойт, 
Алтыншоқы тауларында; Атасу және Манақа сағалардың арасында, Жақсы-
байғұл тауларында; Қарасай өз. жоғарғы бөлігінде; ақыры, Шу құмдарында, 
өзеннің төменгі бөлігінде орналасқан. Жазда тамалар үлкен топтармен үш 
жерде кездестіруге болады: Сарысу өзені бойында (орта бөлімдерімен), 
Нұраның ортаңғы бөлігінде және Жақсы-Ниязға жақын Есіл бойында.
Алтай руы – Қуандық рулар бірлестігіндегі жеті рудың бірі. Бұл ру сан 
жағынан тек Қуандық ішінде ғана емес, бүкіл Арғын арасында көп тараған 
рулар қатарына жатады. Сонымен бірге, бұл ру- жеке тарихи тұлғаларымен де 
көпке танымал болған ру.
Сайдалы ру бөлімі 
– Қуандықтың Алтай руындағы жеті ру бөлімінің бірі. 
Шежірелік материалдар бойынша, Алтайдың жеті ұлы ішіндегі үшеуінің - 
Әлкенің, Байдалының және Сайдалының анасы бір. Қуандық, Алтай арасында 
Сайдалы ру бөліміне жататындар – «Өр Алтай», ал Әлке мен Байдалы ру 
бөліміне жататындарды «Төменгі Алтайлар» деп атап кеткен. Мұндай 
атаулардың шығу себебі былайша түсіндіріледі.
Алдыңғы беттерде айтып өткеніміздей, Алтай Қанжығалы Пішпекбайдың 
малын жұттан аман алып қалып, бір қызына үйленеді. Ол қыздан Сайдалы 
дүниеге келеді. Кейіннен Байдалы, Әлке де дүние есігін ашады. Уақыт өте 
келе «Алтай Пішпекбайдан рұқсат алып, еліне қайтпақшы болады. Сайдалы 
әкесіне ермей, сол Ақтау, Ортау, Жаңаарқа жағында қалып қояды. Қырда қалып 
қойған Сайдалы әулетін жергілікті халық «Өр Алтайы» деп атап кетеді».
74
Сайдалы ру бөлімінің атауы XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс 
зерттеушілерінің еңбектерінде алғаш рет кездесе бастайды. М.Красовскийдің 
материалдарына сүйенген Н.А.Аристов, Арғын тайпасының құрамындағы 
руларды талдай келе, Алтайға жататын рулық бөлімдер қатарында Сайдалы 
74
Көпейұлы М. Қазақ шежіресі. б.26


60
бөлімін атап өтеді.
75
Сайдалы жөніндегі материалдар Г.Н.Потанин, 
М.Ж.Көпейұлы еңбектерінде де баяндалады.
76
XX ғасыр басында Ақмола, 
Қарқаралы уездері бойынша жарық көрген материалдар жинақтарында 
Сайдалы бөлімінің шежіресіне қатысты мәліметтер кездесіп отырады.
Шежірелік материалдардың көпшілігі Сайдалы ру бөлімінің Сүгірәлі 
және Арыстан атты екі ру тармағына бөлінетіндігін бір ауыздан мақұлдайды. 
Алдыменен Сүгірәлі тармағының таралуын қарастырып өтсек. Сүгірәлі 
тармағы Әлсейіт, Жабай, Дүкеней және Қабай атты төрт ру аталықтарына 
бөлінеді. Әлсейіт аталығынан Бурабай, Жанұзақ аталары бөлініп шығып, 
Жанұзақтан – Дәуімбай және Дәулет әулеттері; Бурыбайдан – Жылысбай, ал 
ол - Барға, Байыс, Айтқожа, Шегет атты әулеттерге тармақталып кетеді.
77
Сүгірәлі тармағындағы екінші аталық – Жабай. Жабайдан – Қазыбек, 
одан Қамбарбек шығады. Қамбарбек - Жолдыбай, Көкен (Күтен) атты екі ру 
әулетіне бөлініп кетеді. Өз кезегінде Жолдыбайдан - Жәнібек, Тығыбек; Көкен 
(Күтен)- Кейкі және Ермек атты бұтақтарға тармақталады.
Сүгірәлі тармағындағы соңғы, төртінші аталық – Қабай аталығы. Ол –
Айтқұл, Әліқұл және Бақыбек атты үш атаға жіктеледі.
Айтқұлдан алты әулет таралады. Бірінші әйелінен - Ескене, Медет, екінші 
әйелінен - Бұқарбай, Жамәнке, үшінші әйелінен Тезек, Үмбетбай атты ұлдар 
туып, олардың әрқайсысы жаңа әулетке негіз қалайды. Ескенеден - Қалбай, 
Жайлау; Медеттен Есқожа; Бұқарбайдан - Байбол, Собақ; Жаманкеден 
- Қанай; Тезектен - Байғабыл, Жанғабыл; Үмбетбайдан - Қалым, Төлеміс, 
Итемген атты бұтақтар өсіп-өніп, одан ары жалғаса береді.
78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет