Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет20/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   182
Қарпық рулары
1) Айтқожа тайпасы, 9 руларымен: а) Бірназар, б) 
Барғана-шошан, в) Құттыбай, г) Донаумы, д) Майлы, е) Мамбет, ж) Қалымбет, 
з) Сатыбалды және и) Самай айтқожа-қарпық болысын құрды, алтай болысына 
қарағанда күштірек бытыраңқы. Қыстақтардың үлкен бөлігі Сарысудың орта 
ағысынан солтүстікке қарай, осы өзеннің арасынан Нұраға, нақты: ақырғы 
Топар өзенінің құйылысы, солтүстігірек, Сасықкөл көлінің маңында; тағы 
солтүстікке қарай, Жақсықұрт тауларында; Нұраның, Құндызды өзені оң 
жақ ағысы бойынша және Есен өзені сол жағы бойынша; Есіл бойында, 
бұрынғы Қызылжар бекетінің жанында және Долымұртқалы бекетінің 
қасында Қарқаралы округінің шекарасында орналасқан. Алайда бұл жақтан 
емес, Нұраның оң жағынан айтқожа-қарпықтардың негізгі көштері, нақты: 
Құлан-өтпес ойынша, әсіресе осындағы Шошқакөл көлдерінің маңында 
(Құлан-өтпестің сол жағында), Байсалы және Тайсуат (оң жағынан); Құлан-
өтпестің сол жақ ағыстары Соналы және Қызылқұрт өзені бойында және 
осы бағыттағы Доламантау тауларында (Шошқакөлден солтүстікке қарай), 
осы жерлерден оңтүстік-батысқа қарай, Сарыадыр тауларында; Сарысуға 
құйылатын Сары-өзек өзенінде, Сарыкеңгір өз. сол жағында, Керегетас 
тауларында және олардың 
жататындардың
оңтүстігіне қарай, Теректі 
шандарында
(Айғыржал таулары).
2. Тінәлы тайпасы, 4 руларымен: а) Тлеумбет, б) Құтымбет, в) Жайылмыс, 
және г) Амалдық бұларға басқа ұрпақтардың бірнеше бөлімдері жатады тінәлі-
қарпық болысын құрды, Нұраның төменгі бойында, Құлан-өтпестің орта 
бөлігінде, Құн өзені бойында және оған құйылатын оң жағынан – Жақсышат, 
сол жағынан – Босаға өзені бойларында; осында, Дүйсешатқа жақын, Үмбетей 
тауларының маңында және Үмбет өзені оңтүстік-батысқа қарай, Шұбаркөл 
көлінің маңында, Теңіз-қорғалжынның оңтүстік жағасы бойымен және оған 
құйылатын Құннан батысқа қарай Қияқты өз. бойымен қыстайды.
Жазда екі болыстың да қарпықтары солтүстік-шығысқа қарай бағытталады, 


58
Есілге жетпей тоқтайды; кейбіреулері алтайлармен бірге Сарысу бойымен және 
Есілдің, Шідертінің және т.б. жоғарғы бөлігінде өздерінің орналасқандарына 
сәйкес көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет