6
Ал кейбір халықтарда гидроним, ороним, ойконим, этноним
саласындағы атау қою тәжірибесінде жеке кісі атын беру жағы басым
болатын ерекшеліктер аңғарылады. Жеке тұлға (антропоним) демекші, бір
халықтың құрамындағы адам есімдері
мен тегіне қарап отырып, олардың
беретін мағынасы мен, мәніне қарай жіктеп-жүйелегенде, ол антропонимдік
атаулардың сан қырлы қатпарында сол халықтың басынан өткен әр түрлі
тарихи және саяси-әлеуметтік өзгерістердің себептерін танып білуге септігін
тигізетін тарихи іздер тобы ұшырасады. Өзіміздің де туған жер, атамекен
аттарына қойылған топонимикалық атаулар мен антропонимдер табиғатына
ой жіберіп, себептерін білуге ұмтылған әрбір саналы ойлы жас оның көне
қабаттарында қатпарланып сыр бүгіп жатқан астарлы ұғымдардың құпиясын
ашып, жабулы сырын ұғынып, себеп-салдарын білуге мүмкіндігі мол.
Халықтық топонимика деп, негізінен, қай жер, қай халықты алып қарасақ
та онда қолданылатын географиялық жер атауларын
сол жерді мәңгілікке
жайлап келген автохтонды халықтың авторлығымен қойылып, қалыптасып
келген елді мекен, жер атауларын ұғынамыз. Бұлар ғасырлар өткен сайын
мүлде тұрақтанып, халықтың тарихи есім
қорландырар елеулі рухани
байлығына айналып отырады.
Тіпті, бұрын-соңды тарихта белгілі бір жерге иеліктің қай халық, қай ұлыс,
қай тайпаға тән екендігінің айғақты дәлелі көбінесе сол жердің топонимикалық
сөз тіркесінде берілетін мағынасына қарай қарастырылатын болған. Өйткені,
сол жерді қай халық жайлап, қоныстанып келсе, топонимикалық атаулардың
авторлығы тек сол халыққа тән құбылыс болып қала берді.
Халықтық топонимиканың бір ерекшелігі – топонимикалық атаулар сол
халықтың тікелей авторлығымен қойылуы себепті фольклор мен көркем
әдебиет шығармаларында өз көрінісін бермей тұра алмайды. Мысалы,
«Қозы Көрпеш-Баян сұлуды«, Мұрат ақын шығармаларын атап қарасақ,
ондағы географиялық жер атаулары айғақ бола алады. Мұндағы суреттелген
жер атауларының бәрі де халықтың тарихи есі ретінде сақталып, әрі ол
ұғымдар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп дәстүрлік жалғастық тауып жататын рухани
қазынаға айналып отыр. Қазақ ауыз әдебиеті мен ақындар поэзиясында
жырланып
бейнеленген елді мекен, жер-су атаулары сол халықтың тікелей
қатысуымен тарихи айғағы ретінде әдебиет бетінде көрініс беріп отыруы әлем
халықтарының бәріне ортақ құбылыс екенін көреміз.
Отаршылдық топонимдер – халықтың елді мекен, жер атауларының
антиподы ретінде пайда болатын өмірдегі саяси-әлеуметтік, басқыншылық
пен зорлық-зомбылықтың көрінісі. Ұлан-байтақ
қазақ жеріндегі елді
мекен, жер атауларының қалыптасқан түрлі қабаттарында елді мекен, жер
атауларының пайда болуы, қалыптасу және өзгерістерге ұшырау себептері
тарихи шындығының бар болмысын ономастика ғылымы өз дәрежесінде
7
ашып бере алмай келеді. Өйткені, топонимика саясатпен тікелей байланыста
жататын өзіндік ерекшелігі бар құбылыс болуы себепті,
ондағы әрбір
өзгерістің түп төркіні саяси-әлеуметтік жағдайлармен бірлікте алынып қаралу
керек. Өкініше орай көп жағдайда ономастика ғылымы жер атауларына орын
алған ащы шындықтың шымылдығын ашудың орнына үнсіз қалу жағдайы да
кездесіп келді.
Мұның себебі, Дж. Неру атап көрсеткендей «тарихты көбінесе жеңгендер
мен басқыншылар жазғандықтан», олардың саяси мүддесіне қайшы келетін
отаршылдық, тоталитарлық елді мекен, жер атауларының сырын ономастика
ғылымы саналы түрде бара бермейді. Осы себептен де отарланған халықтар
тарихындағы пайда болған отаршылдық, тоталитарлық елді мекен, жер
атауларының зерттелмей қозғаусыз жатуы тегін емес.
Сарыарқа өңірінің аумағы Қазақстан өңірінде ең үлкен болып есептеледі.
Ал, мұншама ұлан-ғайыр жер көлемінде мыңдаған топонимдер бар
және бұл аудандар ежелден бері көшпелі тұрмыс-тіршілікке байланысты
пайдаланылғандықтан топонимикалық жүйесі өте бай және ауқымды.
Қарағанды облысы территориясындағы топонимдердің жүйесін анықтау
қажеттілігі осындай себептерден де туындайды.
Қарағанды облысы бойынша жүргізілген
топонимикалық зерттеулердің
негізінде аудандарының топонимикалық сөздігін құрастыру жүргізілді
[Т.Т. Аршабеков, М.С.Жакин, Ж.А.Жұмабеков]. Сөздікті құрастыру барысында
атаулардың классификациясы мен типологиясын жасау қажеттілігі туындап,
әрбір аудан территориясындағы атаулар төменгідей түрде жүйеленді:
4
Достарыңызбен бөлісу: