Тақырыбы: «Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі.»
Орындаған: Даулетов Нұрасыл
Қабылдаған: Мадалиева Ж. К.
Алматы 2023
Жоспар:
1. Адам баласының рухани өмір 2. Өнер мен эстетика 3. Көркемдік ойдың дамуы
Кіріспе Адам баласының рухани өміріне елеулі түрде нәр берген, мәдени өмірді қалыптастыруға орасан зор үлес қосқан ең көне дүниетанымның бірі болып табылатын өнер мен оның сипаты және тарихи кезеңдеріне қазіргі заман биігінен баға беру мәселесі бүгінгі таңда мәдениеттанушы ғалымдардың назарын аударып отыр.
Әлем елдеріндегі әрбір ұлт өкілдері өздерінің төл өнерін, мәдениетін, эстетикалық ойлау тарихтарын зерттеп, адамзат руханиятына белгілі деңгейде үлестерін қосып келеді. Осы орайда, ерекше атап өтетін бір жайт бар. Жалпы өнер, эстетика ғылымын тануда зерттеудің негізгі ұстанымы - тарих-философиялық әдістеме болуға тиіс. Тек осы әдістеменің арқасында ғана сан түрлі схемалықтан, модельдеуден, эстетиканың схоластикалық түсіндірулерінен аулақ тұрудың мүмкіндігі туады. Сонымен қатар өнер, көркемдік сана, көркем образ, туынды жасау тәсіл, өнердің мазмұны, формасы, шығармашылық секілді эстетика ғылымының ұғымдарын, категорияларын ретімен, мәніне сай зерделеп тануға қадам жасалады. Онымен де шектелмей тарихи қалыптасудың кезеңдерін анықтауға әдістемелік негіз салады.
Адам баласының рухани өміріне елеулі түрде нәр берген, мәдени өмірді қалыптастыруға орасан зор үлес қосқан ең көне дүниетанымның бірі болып табылатын өнер мен оның сипаты және тарихи кезеңдеріне қазіргі заман биігінен баға беру мәселесі бүгінгі таңда мәдениеттанушы ғалымдардың назарын аударып отыр.
Әлем елдеріндегі әрбір ұлт өкілдері өздерінің төл өнерін, мәдениетін, эстетикалық ойлау тарихтарын зерттеп, адамзат руханиятына белгілі деңгейде үлестерін қосып келеді. Осы орайда, ерекше атап өтетін бір жайт бар. Жалпы өнер, эстетика ғылымын тануда зерттеудің негізгі ұстанымы - тарих-философиялық әдістеме болуға тиіс. Тек осы әдістеменің арқасында ғана сан түрлі схемалықтан, модельдеуден, эстетиканың схоластикалық түсіндірулерінен аулақ тұрудың мүмкіндігі туады. Сонымен қатар өнер, көркемдік сана, көркем образ, туынды жасау тәсіл, өнердің мазмұны, формасы, шығармашылық секілді эстетика ғылымының ұғымдарын, категорияларын ретімен, мәніне сай зерделеп тануға қадам жасалады. Онымен де шектелмей тарихи қалыптасудың кезеңдерін анықтауға әдістемелік негіз салады.
Өнер мен эстетиканың даму тарихының өзі философия ғылымының тарихымен етене астасып, теориялық, әдістемелік тұрғыдан өте-мөте жуықтасады. Айталық, оны әлем тарихында есімдері алтын әріппен жазылған ірі философтардың көбінесе эстетикалық ойлаудың теориясын, практикасын, көркемдік сананы, өнердің қоғамдық өмірде атқаратын рөлін өз қағидаларының аясында, жүйенің аумағында қарастырғандығынан аңғаруға болады. Олай болса, өнертанудың, эстетика ғылымын зерттеудің іргелі әдістемесінің өзі жалпы философия тарихын танудың басты тәсіліне айналуына жағдай жасағандығына әбден көз жеткізуге болады.
Өнер деген ұғымның өзі сан салалы, мазмұны терең әрі сипаты жағынан арнасы кең болып келеді. Аталмыш ұғым күнделікті өмір мен кәсіби мамандықтың аясында қолданылатын айырмашылықтарына қарамастан өнер туындысы ретінде де, күнделікті өмірдегі оқиғалар немесе табиғат көріністерін айшықтағанның өзінде адамды сезім әлеміне жетелемек. Осы бір айырықша үрдіске алғаш рет неміс ағартушысы А. Баумгартен назар аударған. Ол ХҮІІІ ғасырдың ортасында ғылыми зерттеу саласына эстетика деген терминді енгізгендігімен тарихта белгілі ғалым.
Өнер саласы әлемге кең тараған ғылыми нысандардың бірі әрі ол өзінің түп тамырын ежелгі мифологиядан бастайды. Адам қолымен жасалған немесе табиғи өнімді сезіну арқылы көңіл толқып тебіренуді аңғарған, оған талдау жасап, пайымдай бастаған сәттен өнертанудың алғышарты негіз алса керек. Осылайша айнала әлем туралы пайымдау мен дүниетаным пайда болған.
Өнер туындысының сипаттары мен оған сай келетін көңіл тебіренісінің өсуін эстетика ғылымының іргелі категориясы болып табылатын әсемдік жайындағы ұғымға телуге деген талпыныс жасалып келді. Таңғажайып, трагедиялық, комедиялық немесе батырлық сынды ұғымдар көркемдік категориялармен салыстырылудың нәтижесінде өзіндік мән мазмұнын табады. Жалпы, дүниені сезіну арқылы танудың әртүрлі типтері оны бір жағынан ғана айшықтауы мүмкін. Олай болса, өнерді ғылымның бірегей құрылымы десек, оның іргетасы көркемдік жайындағы категория болмақ. Егер имандылықты, игілікті істі этика қарастырса, шындықты табу ғылымның іргелі категориясы екені анық. Ал, эстетиканың категориясы этика мен діни мазмұнды бірдей өн бойына сіңіретіндігімен ерекшеленеді.
Трагедиялық немесе комедиялық нысанның жалпыға ортақ типтік образы шығармаларда немесе мелодрама секілді өнердің өзі тудырған жанрлар арқылы көрініс тапқаны болмаса өмірдің өзінің тікелей көшірмесі емес. Адам баласының сезіміне елеулі түрде әсер ететін мазмұны терең ойлы көріністер өнер туындысы арқылы жеткенде ғана оның құндылығы арта түспек. Оның әсемдікті паш ететін қабілеті табиғи көріністердің ішкі сыры мен сипатын және сыртқы келбетін символдық көркемдік тәсілмен айшықтайтындығында. Атақты философ И.Кант «Адам қолымен жасалғандай көрінетін табиғи дүниенің бәрі тамаша. Ал, өнер табиғат өнімі секілді көрінсе онда тіпті ғажап» деген
Адамның ойда сақтау қабілеті көңіл толқыту сәттерді түрлендіре түседі. Көркемдік пайымды тудыратын механизмнің ең қысқа анықтамасы «болып өткен оқиғаның бәрі ғажап» деген тұрақты тіркесте жатыр. Сондықтан да, ғалым М. Бахтин «біздің ойда сақтау қабілетіміз өмірдің эстетикалық мазмұнын арттыра түседі» деп анықтаған. Уақыттың алыстай түсуі көңіл күйге толыққанды бейнелеу тетігін әкеледі. Бұрынғылардың «Өткен күн көзге бұлдыр, ойға анық» деуі кездейсоқтық болмаса керек.
Дамудың алғашқы кездерінде көркемдік сана дүниетаным жайындағы философиялық пайымдарының аясында қарастырылды. Тарихи кезеңдерде ол даму мазмұнын өзгертумен болды. Айталық, ежелгі дәуірде философия, орта ғасырда теология, дінтану аясында дамыса, қайта дәуірлеу кезінде көркем өнер шеберлері оны практикалық шеңберде жүзеге асырды. Ал, ХVІІ - ХVІІІ ғасырда әдеби-көркем сын мен публицистика саласына көбірек сүйенетін болды. И.Кант, Ф.Шиллер, Ф.Шиллинг, Г.Гегельдердің туындыларында көрініс тапқан неміс классикалық эстетикасында өнер талғамының толықтай құрылымы пайда болды.
Көркемдік ойдың дамуы өнер философиясының теориясын байытуға, оның тұжырымдамаларын тереңдетуге әкелген эмпирикалық байқаудың ұзақ мерзімдік кезеңдерін тудырды. Дамудың әр саласы өнердің сипатын айқындауға, туынды мен оның пайымының бағдарын, заңдылықтарын тануға бағытталды. Осының өзінен оның негізгі тұжырымының философиялық сипатын аңғаруға болады. Алайда, оның түп тамырында пайда көздеушіліктің жоқтығын біле аламыз. Көркемдік ой - өзінің лайықты құрылымын түрлі сатылық талдаулар, классикалық және көпшілік талғамының даму бағыттары, әртүрлі себеп салдарлар және туындыгерлердің шығармашылық үрдістерін жіті бақылау арқылы қалыптасады. Ірі көлемдегі эстетикалық құрылымдар жүйесін жасаған атақты философтардың өзі белгілі бір өнер жанрларын толық түсініп, көркемдік тәсілдерге, түрлі ағымдардың тарихи ерекшеліктеріне сүйенген. Олардың қатарына Гегелді, Ницшені, Баргсонды, Ортега и Гассетті, Сартрды, Хайдеггерді жатқызуға болады.
Көркем дүние айналаны бейне арқылы белгілі бір формамен бізге жеткізеді. Оны кең арнада қарастырсақ, әрбір өнер туындысы көркемдік үрдіс өзінен тыс тұрған (өндіріс, спорт т.с.с.) қызметтердің ортақ сипаты, көркемдік пайымы, жалпы табиғи болмыс.
Музыка, бейнелеу өнері, әдебиет секілді өнер түрлерінің ұстанымдарын қалыптастыратын көркемдік тәсілдің жалпы сипатын анықтауға деген құлшыныс әдебиеттану, өнертану, музыкатану сынды салалардың аясында қарастырылады. Қысқасы, әрбір көркем өнер түрлеріне жасалатын эстетикалық талдау макро және микро деңгейде анықталады.