Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет4/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
тал

ар

бал

сар

гар

кан
және 
-ын

-ін

-үн
, қосымша түрлері); 2) шартты түрдегі түркі-монғол тіл бірлестігі 
элементтерін сақтап келе жатқан көне қабаттар (ал, ала, бала, қар, шар, чар, 
көк, бай, тоғай және 
-ас

-ес

-аш
қосымша түрлері); 3) түркі тіл қабаттары 
немесе түркі тілдер семьясы құрамының ерекшеліктерін көрсететін қабаттар 
(
й
-шыл, 
ч
-шыл, 
ж
- шыл, 
дь
-шыл тілдер және –
ты

-сы
қосымша түрлері); 4) 
осы күнгі түркі тілдері ес ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (қазақ, қырғыз, 
алтай, қарақалпақ, башқұрт, ұйғыр, түрікмен, азербайжан, өзбек және т.б.); 
5) орыс тілі негізіндегі топонимикалық қабаттамалар, яғни Э.М.Мурзаев 
айтуынша «ең үстіңгі қабат».
7
Бұл топтастырудан тарихи топонимикаға бірінші ұсынысты – ежелгі 
тілдер элементтері бар көне қабатты қабылдауға болады. Себебі, ежелгі 
дәуірлерде қалыптасқан атауларды тек тілдік белгісінен ғана анықтауға болары 
күмәнсіз. Қазіргі кездегі тарихи топонимдердің ішіндегі кейбір атауларды 
жазбаша деректер арқылы мүмкін емес, ал тілдік белгісі арқылы олардың 
көне заманның мұрасы екені анықталары сөзсіз. Екінші кезекте, топтастыру 
принципі ретінде бесінші ұсынысты – орыс тілінен енген жер-су атауларын 
алуға болады. Себебі, орыс тілді топонимдерді белгілі бір тарихи кезеңмен 
6
Джанузаков Т.Очерки казахской ономастики. Алма-Ата: Наука, 1982. – 176 с.
7
Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы: Мектеп, 1985. – 256 бет.


10
байланыстыра аламыз. Сонымен қатар, Е.Қойшыбаев ономастика ілімінің 
үш саласын көрсетеді: «1. Топонимика – жер бетіндегі объектілердің тілдік 
құрамын, мән мағыналарын қарастыратын ілім; 2. Антропонимика – адам 
аттарының шығу тарихын қарастыратын ілім; 3. Этнонимика – ру, тайпа, ел 
аттарының шығу тарихын, құралу, ыдырау процестерін қарастыратын ілім». 
Осы салалық көрсеткіштердегі антропонимика және этнонимика бөлімдері 
тарихи топонимикадағы топтастыру мәселесіне қолдануға болады деген 
ойдамыз. Мұндай мүмкіндікті белгілі ғалым Т.Жанұзақтың тұжырымынан 
байқауға болады: «Этнонимиканың антропонимика және топонимикамен 
тығыз байланысты екенін нақтылы материалдардан көруге болады. 
Этнонимдердің басым көпшілігі – әуел бастағы антропонимдер (ру басы 
немесе сол рудағы беделді де белгілі адамдардың аттары). Топонимдерден, 
яғни жер-су аттарынан ру, тайпа аттарының қойылуы – сирек кездесетін 
құбылыс. Оған керсінше, жер-су аттарының ру, тайпа аттарынан қойылып 
отыруы жиі кездесетін, халық тарихына тән оқиға».
8
Сонымен қатар, автор 
этнонимдердің лексикалық-семантикалық классификациясын жүргізіп, 
келесідей сегіз топқа бөледі:
1) тағы және үй жануарлары мен құстардың атынан: 
киікші, бұғы, құлан 
(қыпшақ), шұбар айғыр, бұқа, кел бұқа, кет бұқа, бура, бұзау, тана, барақ, 
ителі, күшік, бүркіт, қаз, қарға, қоразы, торай және т.б.;
2) табиғат байлықтары мен ауа-райы құбылыстарының атауынан: 
асбан, 
көктің ұлы, бораншы, қаржау, жаңбырлы, көкше, күн, танат, таңатар 
және басқалары
;
3) өсімдік әлемінің атаулары бойынша: 
бидайшы, тарышы, бетеге, изен, 
шамбыл, орманшы, жаңғақбай, жидебай, қарағай, масақ және т.б.
;
4) әскери лексикадан: 
жаулы, жорықшы, сүгірші, қарауыл, қырық 
мылтық, шанышқылы, батыр, балталы және т.б.
;
5) лақап аттар бойынша: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет