Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет8/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Сарысу 
өзеніне
жетеді. Бұл туралы Хафиз Таныш «ступил своими благословенными 
ногами на берег реки Сарык-су, которую в «Зафар-наме» и других сочинениях 
пишут как Сарык-узан» деп жазады [МИКХ, 270]. Бұл мәліметтер, Абдаллах 
ханның ортағасырлардағы «Сарысу жолы» деп аталатын қатынас жолымен 
жүргендігін көрсетеді. Бұл жолмен «Зафар наме» шығармасында Тоқтамысқа 
қарсы жорығы барысында Әмір Темірдің әскерлерінің жүргендігі баяндалған 
болатын. Хафиз Таныш Абдаллах ханның Сарысу өзенінің бойымен солтүстік 
бағытта жүріп отырып, өзеннің бойындағы «Балтум-Турангу» деген жерде бір 
тоқтайды. Осы жерде Баба-сұлтанның 
Ұлытау тауларын
паналап, қашқанын 
естиді. Абдаллах хан әскерімен тағы жолға шығып, «Йатим-Турангу» деген 
жерге жақын Үшқоңырда тоқтайды [МИКХ, 272]. Абдаллах хан әскерлері 
Сарысу өзеніне жеткеннен бастап, үш күндік жолдан кейін Күршім құмына 
жетеді. Келесі күні әскерлер «Йиланджук» өзенінен өтіп, «Токай-Кашудан» 


26
деген жерге тоқтайды [МИКХ, 273]. Бұдан кейінгі Абдаллах ханның жорық 
маршруты Ұлытау өңіріндегі ортағасырлық ескерткіштер Талмас-ата мен 
Болған ананың жанымен өтеді. Талмас ата ескерткішінің бүгінге дейін тек 
орыны ғана сақталған. Ол Сарысу өзенінің бойында, ал Болған ана ескерткіші 
жартылай сақталған. Ол 
Кеңгір
өзенінің 
Сарысуға құяр тұсында, Жезқазған 
қаласынан оңтүстікте 50 шақырым жерде орналасқан. Болған ана тұсында 
Абдаллах хан Баба сұлтанның Ұлытау маңындағы Жошы мазарының тұсында 
екенін біледі [МИКХ, 275]. Одан әрі, әскерлер Кендірлік өзенінен өтіп
Теріс Кендірлік тұсында аялдайды. 
Кендірлік өзендері
қазіргі Жезді және 
Бала Жезді өзендері болуы керек. Себебі, Болған ана ескерткішінен кейін 
кездесетін өзендер осы. Ал, Кендірлік топонимі бұл күнде тек тау атауы 
ретінде сақталған [ҚГАС, 132]. Кендірлік осы өзендердің ортағасырлардағы 
атауы болса керек. «Үлкен Сызба кітабында» Ұлытау өзенінен ағып шығатын 
Кендірлік өзені туралы айтылады. Үлкен Жезді өзені өз бастауын Ұлытау 
тауларынан алады. Сондықтан, Кендірлік өзенін Жезді өзені деп санауымызға 
болады. Осы жерде Абдаллах ханның әскерінен барлауға шыққан үш адам 
Жошы мазарының жанында Баба сұлтанға тұтқынға түсіп, олар өздерінің 
соңындарынан Абдаллах ханның үлкен әскері қуып келе жатқанын біліп, тез 
арада маңғыттарға қарай кетеді [МИКХ, 276].
Хафиз Таныштың жазбалырында Ұлытау өңірінің топонимикасына 
қатысты маңызды мәлімет таба аламыз. Ұлытау өңірінде Бұланты аталатын 
өзен бар [ҚГАС, 78], бірақ Ұлытауда қазіргі күндері бұлан жоқ. Бұланты 
топонимінің қалыптасуын Хафиз Таныштың мәліметтері ғана түсіндіре алады: 
«Среди разных газелей [войны] обнаружили [здесь] таких газелей, которые 
ростом больше буйвола. Монголы (могул) называют их кандагай, а жители 
Дашта именуют булан [т.е. лось]». Демек, ортағасырларда Ұлытау өңірінде 
бұлан аталатын жануар мекендеп, өзен атауы сол себептен қалыптасқан.


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет