25
территориясынан жүріп өткен маршруты жазба дерек мәліметтеріне сүйенсек,
келесідей болып шығады:
1. Ақсүмбе (Ақсүме);
2. Белең ана (Билан);
3. Сарысу өзені (Сарыг-узен);
4. Күршім құмы (Курчун);
5. Алқосын (Ал-кошун);
6. Кішітау (Кичи-даг);
7. Ұлытау (Улу-даг);
8. Жыланшық өзені (Иланчук).
Темір Құндызша өзенінің бойында жеңіске жеткеннен кейін, «мол олжамен
кейін қайтты» деп жазады Низам-ад-дин Шами [СМИЗО, 118].
XVI ғасырдың соңында Ұлытау өңірі Абдаллах ханның Баба сұлтанға
қарсы жорығы барысында тарихи деректен көрініс береді. Абдаллах
ханның жорығы Хафиз Таныштың «Шараф-наме-йи шайхи» шығармасында
жан-жақты сурттеледі. Хафиз Таныш мәліметтеріне сүйенсек, Баба сұлтан
Абдаллах ханнан
Ұлытау
өңіріне қашады. Ол туралы Хафиз Таныш «От
страха перед нападением бесстрашного государя Абдаллах-хана Баба-султан,
подобно лисе, обратился бегство и пошел по пути отступление. Он направил
звуки барабана отступления в сторону Дашта» [МИКХ, 268]. Бұл оқиға 1582
жылы басталады. Абдаллах ханның әскерлері Саураннан шығып, одан әрі
Хафиз Таныштың баяндауы бойынша келесідей жерлерге жетеді: «проехал
Ак-Суме и Йурунджкалык и расположился лагерем» [МИКХ, 270]. Ақ сүме
Қазақстанның археологиясынан белгілі, Созақ ауданынан солтүстік бағытта
80 км жерде орналасқан Ақсүмбе қалашығы мен мұнарасы, ал Абдаллах
ханның әскерлері тоқтаған жерді нақты анықтау мүмкін емес. Одан кейін,
әскерлер «Сусканлик» (өзен болу керек – Ж.Ж.) деген жерден өтіп,
Достарыңызбен бөлісу: