Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет14/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Атбасар уезі
ХІХ ғасырдағы Атбасар уезінің аумағы қазіргі Қарағанды облысының 
Ұлытау ауданының аумағын толығымен және Нұра ауданының солтүстік-батыс 
аумақтарын қамтып жатты. Географиялық тұрғыдан алғанда солтүстігінде 
Арғанаты таулары мен Теңіз көлі маңын, батысында Торғай, Жыланшық 
өзендері, Ақсақал-барбы көлімен, шығысында Сарысу өзенінің төменгі ағысы 
бойымен, оңтүстігінде Шу өзені мен Телікөлмен шектеледі.
44
Кляшторный С.Г.Султанов Т.И. Казахстан – летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата: Рауан, 1992. 
296 б.
45
Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. –Алматы, 2001. 209 б.
46
Сонда, 231 б.


41
П.И.Рычковтың мәліметтері бойынша XVIII ғасырда Орта жүз руларының 
құрамы келесідей: «В сей Средней орде генерально четыре рода состоят: 
найманы, аргинцы, увак-киреейцы и кипчаки, из которых найманский 
против всех прочих людняе и богатее».
47
П.И.Рычков Орта жүз қазақтарының 
қоныстанған жерлерін де көрсетеді, оның ішінде Ұлытау өңіріндегі келесідей 
жерлерге мекендеген: «По реке 
Жилану
, которая вышла от прежде бывшаго 
Зюнгорского владения из горы, называемой 
Улутау
, то есть 
Большая гора

По озерам Карсак-баши. По 
Аксакал-озеру
, от Орска с левой стороны, при 
которой по правую сторону обыкновенно Меньшая, а с левой Средняя орда 
кочуют, и тем озером обе оныя орды якобы разделяются».
48
Бұл мәліметтер 
Ақсақал-барбы аталатын өзеннің Кіші жүз бен Орта жүздің шекарасы 
екендігін көрсетеді.
Қазақ ру-тайпаларының орналасуы мен қоныстануы мәселесін қарастырған 
зерттеушілер В.В.Востров, М.С.Мұқанов «ХІІІ ғ. найман мемлекетінің 
күйреуінен кейін, олардың бір бөлігі Сырдария мен Орталық Қазақстан 
даласына (Қарағанды облысының Ұлытау ауданы) қашты» деп жазады.
49
Олардың түркілену үрдісі осы жерде жүрген тәрізді. А.А.Семеновтың пікірі 
бойынша Өзбек ханның билігінің тұсында Жошы ұлысындағы моңғолдардың 
түркіленуі қызу жүрген.
50
В.В.Востров, М.С. Мұқанов ортағасырлық автор Масуд бин Осман 
Кухистани мәліметтеріне сүйене отырып, Ұлытау өңірін мекендеуші 
наймандардың XV ғасырда Әбілқайыр хандығында өкіреш-найман атауымен 
кездесетінін жазады.
51
Авторлардың экспедициялық мәліметтері бойынша 
Өкіреш Найманның баласы болып табылады және де аңыз бойынша 
наймандардың бірнеше руларының атасы болып келеді.
52
Авторлардың пікірі 
бойынша, Масуд Кухистанидің дерегі Ұлытау наймандарының өздерінің Алтай 
мен Ертіс бойындағы наймандармен генетикалық байланысын ұмытпағанын 
көрсетеді.
53
Сондай-ақ, аталмыш зерттеуде көшпелі өзбектердің мемлекетінің 
ыдырауы кезінде наймандардың бір бөлігі Шайбани-ханмен Мауреннахрға да 
47
История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Т.IV. Первые историко-этнографические 
описания казахских земель. XVIII век / Сост. И.В.Ерофеева. Алматы: Дайк-Пресс, 2007. 229 б.
48
История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Т.IV. Первые историко-этнографические 
описания казахских земель. XVIII век / Сост. И.В.Ерофеева. Алматы: Дайк-Пресс, 2007. 228-229 б.
49
Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX - начало XX 
в.). – Алма-Ата, 1968. 62 б.
50
Семенов А.А. К вопросу о происхождении и составе узбеков Шейбани-хана // Труды Академии 
Наук Таджикской ССР. том XII. 1953. 8 б.
51
Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX - начало XX 
в.). – Алма-Ата, 1968. 62 б.
52
Сонда, 64 б.
53
Сонда, 64 б.


42
кеткенін көрсетеді. Қарақалпақ халқының құрамындағы қоңыраттардың ішінде 
бағаналы және теріс таңбалы рулары бар екен. Бұл екі ру да наймандардың 
ішіндегі ірі ру бірлестіктері болып саналады. В.В. Востров, М.С. Мұқанов 
қоңыраттардың құрамындағы бұл руларды XVI ғасырда Орта Азияға келген 
найман тайпасының өкілдері деген пікір айтады. Бұған дәлел ретінде 
«Шайбани-наме» шығармасындағы наймандардың Сырдарияға қоныстануы 
туралы деректі келтіреді.
54
Сонымен қатар, наймандардың (балталы, бағаналы) 
революцияға дейін Оңтүстік Қазақстан мен Атбасар, Торғай аралығындағы 
далада көшіп жүргені белгілі. М.Ж. Көпейұлының шежіресінде Балталы, 
Бағаналы ру атауларының пайда болуы мен олардың мекені туралы мәліметтер 
келтіріледі: «Төлек атай Қылыш қожаның қызын алған соң, бай болды, әр 
нәрсесі сай болды. Бір асқа ат апарып қосып, аты алдында келіп, бәйгесіне бір 
күң келіп, ол күңге аяқ салып, ол бір ер ұл туып, атын Сүгірше қойды. Күңнен 
туған Сүгіршені Қытай айбалтаның астына алып, өлімші қылып тастағаннан 
Қытай Балталы атанды да «бағанағы қайтты, бағанағы қайтты» делінгеннен 
Сүгірше Бағаналы атанды. Шу бойында болады, Атбасар дуанына қарайды. 
Бағаналы, Балталы аталған Найман солардың ұрпағы...».
55
Ә.Х.Марғұлан қырғыздың «Манас» жырын талдай отырып, ондағы Қосай 
Ұлытауды, Ақтартаздың баласы Үрбі Кішітауды жайлағанын жазады және 
«Үрбінің атасы деп айтылатын Ақтартаз (Ақтаз) – қазақ халқының бір руы, 
Бағаналы деп аталатын Найманның бір бөлігінен тарайды. Ақтаз руының 
осы күнге дейін мекендейтін жері – Кішітау, Ұлытаудан батысқа қарай 60 км 
жерде тұрады» деп көрсетеді.
56
ХІХ ғ. мұрағат деректерінде Ұлытау өңірінің 
болыстары ішінде Ақтаз-Бадан-Сейіт болысының болуы Ә.Х.Марғұлан 
мәліметтерін дәлелдейді. Бағаналы руының Ұлытау өңірін қоныстануын 
Ә.Х.Марғұлан шежіре деректеріне сүйене отырып «Ұлытау мен Кішітау – 
Бағаналы наймандарының заман-заманнан қоныстанып келе жатқан жері. 
Халық шежіресі бойынша, бағаналылар Орталық Қазақстанға Өр Алтай мен 
Ертіс бойынан ауып келеді» деп тұжырым жасайды.
57
Ә.Х.Марғұланның зерттеуінде Найманның ішіндегі Бағаналы руы 
оғыздармен байланысты болуы туралы ой қозғалады: «Халық шежіресі 
кейде Ер Шостанды Бағаналының әкесі етіп көрсетеді. Шостанның Кербалақ 
атының таңбасы бағана таңба екен, сондықтан оның ұрпақтарын Бағаналы 
атанып кеткен, – дейді. Найман – оғыздармен аталас, өгізді, көк бұқаны 
қасиеттеген елдің бірі, сондықтан олардың атасы да «Өкірік» (Өкіреш) болып 
54
Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX - начало XX 
в.). – Алма-Ата, 1968. 65 б.
55
Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. – Алматы: Жалын, 1993. 40 б.
56
Марғұлан Ә. Шығармалары. – Алматы: «Алатау» баспасы, 2007. 445 б.
57
Сонда, 445 б.


43
аталды, VIII ғасырдан белгілі ел».
58
Алайда, ерте ортағасырларда Ұлытау ауқымы қыпшақ тайпаларының 
мемлекеттік бірлестігінің құрамында болғанын білеміз. Академик
Б.Е. Көмековтың зерттеуінен VIII ғасырдың екінші жартысында – IX ғасырдың 
бас кезінде қимақ тайпаларының қозғалысы екі бағытта жүргені белгілі 
болып отыр.
59
Бірінші бағыт солтүстік-батысқа, Оңтүстік Орал тауларына 
қарай, ал екіншісі оңтүстік-батысқа, яғни солтүстік-шығыс Жетісу өңіріне 
бағытталады. Ғалымның зерттеуі бойынша, VIII ғасырда қимақтардың 
оңтүстікке қозғалысымен қатар, қыпшақтардың Ертістен батысқа жылжуы 
басталады.
60
Ортағасырлық мәліметтерді талдай отырып, қыпшақтардың Оңтүстік 
Орал тауларының оңтүстік-шығысы мен Арал маңы даласы аралығында 
қыпшақтар мен печенегтердің шекарасы өткен деген қорытындыға келеді.
61
Бұл пікір бойынша Ұлытау өңірінің аумағында қыпшақтар мекен еткен болуы 
керек. Б.Е.Көмеков «қыпшақтардың басым бөлігінің Ертіс бойынан Оңтүстік 
Оралға дейінгі ауқымды жерлерге қоныстануы қыпшақтардың қимақтардан 
бөлінгені туралы көрініс туғызады. Шын мәнінде, қимақтардың иелігіне 
қыпшақтардың облысы да жатады, себебі ХІ ғасырдың бас кезіне дейін қимақ-
қыпшақ тайпаларының қоныстану ареалында саяси гегемония қимақтардың 
қолында болды» деп жазады.
62
Сондықтан VIII-XI ғғ. аралығында Ұлытау 
өңірі қимақ мемлекетінің құрамында болды деп айта аламыз. 
«Худуд ал-алам» мәліметтерінде ХІ ғасырда қимақтардың жерінде үш 
территориялық бірлік бар екені айтылады. Біріншісі – Андар аз-кыфчак, 
екіншісі – Йагсун-йасу, үшіншісі – Кыркырхан. Б.Е.Көмеков Андар аз-
кыфчактың шекарасы Орталық Қазақстанның солтүстік-батыс және батыс 
бөлігін, Оңтүстік Оралды және Арал маңы даласының солтүстік бөлігін 
қамтитынын көрсетеді.
63
Осы мәліметтерді ескерсек, Орталық Қазақстанның 
батыс бөлігінде орналасқан Ұлытау өңірі де қимақтардың Андар аз-кыфчак 
облысына жатады. Бұл жерде бір айта кететін мәселе Йагсун-йасу облысы 
«Худуд ал-алам» мәліметі бойынша Ертіс пен Еділ аралығында орналасқан. 
Б.Е.Көмеков бұл жерді нақты локализациялау қиын екендігін жаза отырып, 
Йагсун-йасу Андар аз-кыфчактан батысқа қарай орналасып, Ембі өзені 
58
Сонда, 446 б.
59
Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. – Алма-Ата: Изд-во «Наука» 
КазССР, 1972. 113 б.
60
Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. – Алма-Ата: Изд-во «Наука» 
КазССР, 1972. 56 б.
61
Сонда, 57 б.
62
Сонда, 57 б.
63
Сонда, 65 б.


44
бассейіні болуы мүмкін деп жорамалдайды.
64
Зерттеуші А.С.Омарбекова Ұлытау өңіріндегі Жыланшық өзенінің 
атауын осы аумақты қыпшақтардың мекендеуімен байланыстырады. Автор, 
«Жыланшық» Кіші жүз құрамындағы қыпшақ руының бір тармағының 
атауы екенін айта келіп, ерте ортағасырларда осы аумақты қыпшақтардың 
қоныстануына байланысты жергілікті жерде топоним ретінде сақталып 
қалғанын дәлелдейді.
65
Бұл арада жыланшық этнонимінің өзен атауынан 
пайда болуын да жоққа шығармайды.
Ерте ортағасырларда Ұлытау өңірі негізінен қыпшақтардың мекені болса, 
халық шежіресіндегі «бағаналылар Орталық Қазақстанға Өр Алтай мен Ертіс 
бойынан ауып келеді» деген дерек шындыққа жанасады. Себебі ХІ ғасырға 
дейін осы аумақты қыпшақ-қимақ тайпаларының мекендегені жоғарыда 
көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет