Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 685 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5918 болып енгізілді.
Мәтін
Ресми жарияланым
Ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Көшіру
Басқа
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 № 995 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 № 995 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.12.2017 № 995 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізудің әдістемелік нұсқауы мен талдауын жүргізу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Мынадай актілердің:
"Аурудың алдын алу және науқастардың жекелеген санаттарын ұдайы медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1372 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 2001 ж., N 15, 366-құжат жарияланған);
"Жекелеген санаттардағы науқастар ауруларының алдын алу және динамикалық медициналық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 853 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2055 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 2003 ж., N 2, 768-құжат жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 7 қарашадағы N 999 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |