Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет28/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
..Тобықты көшіп, Ырғыз, Торғай өзендеріне келген, сонда біздің төртінші 
атамыз Ырғызбай менен інісі Торғай туып, аттарын сол өзен атымен 
қойыпты
».
Ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Бесігіңді түзе» деп аталатын еңбегінде 
Қарекең жайлы, жалпы Тобықты елі туралы мол мағлұмат берілген. Онда 
Арғынның атақты биі Қараменде мен батыр Бақай өз елін Ертісті өрлей барып, 
жоғарғы ағысына мекендемекші болғаны, бірақ бұл жерді бұдан бұрын келген 
Найман, он екі Абақ Керей рулары мекендеп қалғаны айтылады. Осы еңбекте
Шыңғыстауды мекендеген Тобықтылардың жер алу, қоныстану кездердегі 
қиыншылықтары нақтылы айғақтармен сөз етіледі. 
Бұл ауған елдің қырғыннан құтылған аз ғана тобының тұрақты қоныс- 
ата-мекенге қайта оралу кезіндегі арпалыстары болатын. Тобықтылардың 
Шыңғыстау жеріндегі көп жылғы арпалыстары сәтімен аяқталады. Елді жаңа 
мекенге қоныстандыру ақылының түп иесі – Қараменде мен Кеңгірбай болады. 
Білек күші Мамай мен Тоқтамыс т.б. батырларға тиесілі еді. Келе-келе мал 
мен бастың өсуіне орай қоныс таршылық ете бастайды. Алғашқы 7 шатыр, 
кейіннен «Семипалать» атанған әскери бекіністегі казак-орыстар жапсарлас 
отырған Тобықты ауылдарымен жиі қақтығысып, мазалай бастайды.
Аталмыш рулардың көлемі Қарқаралы округін құру алдында жасалған 
санақтардың нәтижесі болып табылады. Оның ішінде, төлеңгіттердің саны 
да анықталған. Олардың ауылдарының кейбір рулардан асып, қаракесектің 
ру ауылдарымен қатар тұрғанын көреміз. Төлеңгіттер хандардың қауіпсіздігін 
қамтамаасыз етуде ерекше роль атқарады. Шежіреде, төлеңгітердің Қарқаралы 
өңіріне Бөкеймен бірге ХVIII ғасырдың орта кезінде қоныс аударғандығы 
баяндалады.
Жалпы рулардың барлығы дерлік бұл жерге қоныстануы ХVIII ғасырдың 
ортасында Бөкей сұлтанның Сарыарқа жеріне қоныстанумен тығыз 
байланысты. Осы жазбаларда Қарауыл мен Ұлы жүзге қарасты Қырғыз руының 
аралас көшіп-қонатындықтарын баяндай келе, олардың да қаркесектермен 
қатар, Арқалық туларының баурайларынан қоныс тепкендіктері аталады. Ал, 
негізінен Қарқаралы, Кент, Боқты, Қу, Едірей тауларын қаракесек рулары 
иемденген. Территориялық жағынан нақты қарастырсақ қаракесектің бір 


76
бұтағы майқы-ұрпақтары – Нұра, Тоқырауын, Танас ұрпақтары – Ақсары, 
Берікқара, Кент, Темірші, Бошан ұрпақтары – Абыралы, Ақшатау, Ақбота, 
Бөрлі, Қу, Дегелең, Едірей, Қызылтау, Мойынты, Сарытау жерлеріне 
қоныстанған.
Ал, ХІХ ғасырдың соңындағы осы өңірдегі рулардың құрамы жөнінде 
Коншиннің «Памятная книжка Семипалатинской области» атты еңбегінің
«Расписаніе судебно-мировыхъ участковъ въ Семипалатинской области»
бөлімінде Қарқаралы уезі бойынша учаскелелерге бөлінуін баяндайды: 
Каркаралинский уезд:
1-й участок. г. Каркаралинск со станциею Каркаралинской. Волости. 
Аксаринская, Беркаринская, Нуринская, Балхашская, Акчатавская, 
Токраунская, Кызлтавская, Моинтинская и Чуйская.
2-й участок. Кентская, Темирчинская, Катан- булакская, Чубартавская, 
Дагандельская, Дегеленская, Абралинская, Бюрлинская, Акботинская, 
Эдрейская, Сартовская и Кувская.
Әскери бекіністер салу арқылы қазақ рулары арасында қақтығыстардың 
өршуіне жол берді. Осы уақытқа дейін тарихи әдебиеттерде, көбінесе ру 
аралық жер, мал дауларының себебін жергілікті билеушілердің баю үшін 
жасаған әрекеттері деп түсіндірілді. ХІХ ғасырыдың басында және бірінші 
жартысында бұл ру арасында дәстүрге де айнала бастады. Аталмыш 
жағдайды Ш.Уәлиханов «Записка о судебной реформе» мақаласында біршама 
түсініктеме береді.
82
Яғни барымта негізінен төленбеген қалыңмал немесе 
құн үшін бөтен мал-мүлік т.б. тартып алу негізінде жүргізіледі және де үш 
күн өткен соң барымталанған ауылға өз әрекеттерінің қандай мақсатпен 
жасалғанын және кім екенін хабарлаған, олай болмаған жағдайда, ол ұрлық 
ретінде есептелген. Сондықтан барымта ұрлау ниетінде емес, белгілі талап-
тілектің орындауын талап етуден туындаған.
Қарқаралы уезінде Тарақты, Қуандық, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты, 
Қамбар руларынан және Қаракесектен тараған Таз, Байбөрі, Жалықбас, Танас, 
Майқы, Машай, Жанту руларынан, сондай-ақ ішінара төре-төлеңгіт, жалайыр, 
табын, тама, жағалбайлыдан тараған қауым және өздерін ІҮ халифа Әлидің 
ұрпағы санайтын қожалар қоныстанған.
83
Ақсары болысының 5-әкімшілік ауылының ақсақалдарының статист 
мамандарға айтуы бойынша, 1728 жылы Алтай мен Қаракесек руының қауымы 
Қарқаралы жеріне Түркістан өңірінен қоныс аударған. 20 жылдай уақыт өткен 
соң, 1748 жылы Барақ сұлтанның жіберуімен оның ұлы Бөкей сұлтан келеді. 
Бөкей сұлтан алтай және қаракесек арғындармен бірлесе отырып, Қарқаралыға 
қоныс теуіп орнығып алған қалмақ және түрікмендермен шайқасқа белсене 
кіріскен. Бөкейдің екінші ұлы Шыңғыс тұтқынға түскен түрікменқызы 
82
Ч. Валиханов соб . соч. т1 Алматы. 1984, 218 с
83
МКЗП. Каркаралинский уезд. СПб., 1905. Приложения


77
Жекепарға үйленіп, одан тараған ұрпақтар Ақсары болысының 5-әкімшілік 
ауылын кұраған. XIX ғасырдың 20-жылдары қарқаралық болған қаракесектер 
Боқты, Кент, Қарқаралы, Қу, Арқалық тауларынан Алтай руын ығыстырып, 
алтай-арғындар Ақмола уезіне қоныс аударған. Алтай-арғындарын Ақмола 
уезіне қоныс аударуына тек қана қаракесектердің қысымы әсер еткен жоқ
1824 жылдары алтай-арғындар қоныстанған жерлерге орыс әкімшілігі казак 
бекіністерін сала бастады.
84
Ал, Берікқара болысының қазағы Мұхамед Итқараның айтуы бойынша, 
арғындар Қарқаралы уезі жерін ертеден қоныс еткен. «Ақтабан шұбырынды, 
Алқакөл сұлама» жылдарында Түркістан өңіріне қоныс аударып, кейін қолда 
қалған малдарымен өз атамекендеріне қайта көшкен. Аңыз бойынша, алтай-
темештердің 40 шаңырағы Қарқара жерінде көшіп жүрген наймандарды 
кезіктіріп, олардың 40 жылқысын сойып тастайды, сонда наймандар біз бұл 
жылқылардың құнын сұрамаймыз сендерге берген ерулігіміз болсын деп, 
өздері көшіп кеткен екен.
84
МКЗП. Каркаралинский уезд. СПб., 1905.


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет