Діни сана дегенiмiз белгiлi бiр діни идеялармен белгілі бір діни ілімнің білімдері, құндылықтары сонымен коса белгілі бір дiнге немесе діни топка, діни ағымдарға катысы бар адамдар мен топтарды айтады. Осындай діни санадан діншілдік қалыптасады.
Діншілдік дегеніміз?
Дiншiлдiк дегенiмiз - ең алдымен адамдардын тобы немесе жеке адамның әлемге деген көзқарасының, психологиясының, тәрбиесінің өмір сүру салтының белгісі. Ол құбылыстарды, оқиғаларды, қарым-қатыныстарды сенiм тұрғысынан кабылдау және бағалауда көрінеді.
Қазіргі кезде адамдарды дiншiлдiгiне байланысты алты типке бөліп карастыруга болады:
Діни фанатизм аныктамасы белгілі бір ой-тұжырымға, не іске соқыр сенім негізінде, барынша беріліп, өзінің көзкарасы мен іс-қимылын сонгы шындык, акикат ретінде кабылдаумен сипаталады. Діни фанатизм негiзi сокыр сенім болғандықтан, ол жеке тұлғаның дұрыс ойлау қабілетіне, қоғамда даму заңдылығына кереғар, қарама-қайшы. Әсiресе, когамдык санаға, саясатка байланысты мәселелерде өте кауiптi, дер кезiнде тамырын кимаса әкелетiн зардабы да орасан
Діни фундаменталистер
•Діни фундаментализм дегеніміз - бул идеология, дүниетаным. Діни фундаментализм өткенге қайту, оралу деген мағынаны береді. Яғни кандай мәселеде болсын катан, өтеуi жок саясатты ұстану, бұрынғы орта ғасырдағы дiни режим және мәдениеті калай болды тура солай саяси жүйені орнату болып есептеледі.
• Осындай бұрынғыны аңсау, пайғамбарлар, сахабалар кезiндегi уағыздардың әсерлеп насихаттау, Орта ғасыр мемлекеттерді кереметкып көрсету радикализмнiң туындауына әкеледі
Діни радикалистер
Діни радикалистер
Діни радикализмнің аныктамасы «өкіметтін немесе когамнын саяси жүйесінің тұрақтылығын радикалды іс-әрекеттермен шаралардың көмегімен жедел уакытта өзгертуге бағытталуын колдау». Радикализм - ол идеологияның өзі емес, идеологияны таратудын iске асырудың, өзгертудің түрі. Діни радикализм зайырлы, демократиялык мемлекетті теократиялык мемлекетке әрекеті деп тұжырымдайды
Діни экстремистер
•Діни экстремизмге (лат.exnremus -шеткi) шектен тыс көзқарастар мен әрекетерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жокка шығару ретінде анықталады. Экстремизм бұл кайсы бір проблемаларды шешуге бағытталған ең шеткi дiни дуниетанымды жақтаушылық және радикалды іс-әрекеттер. Экстремизм әруақытта әр калай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
• «Діни келіспеушілікті тұтандыруға бағытталған, азаматтардың кауiпсiздiгiне, Өмiрiне, денсаулығына, кұкығына, қауiп тендiретiн iс-әрекеттерімен көрінетін радикалды сенімдерді тарату» деп аныктама берген
Дiни террористер
Діни терроризм - [лат. tеггог-коркыныш, үрей]— саяси максатты сылтауратып күш қолдану; Діни терроризм - дiннiн атын жамылып ұйымдаскан топ діттеген максатына жету үшін күш колдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда дiни террористер, когамдык мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер кашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады