1. Қасқасу шатқалының орналасуы мен табиғат жағдайы



бет1/7
Дата29.01.2018
өлшемі2,21 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Қасқасу

Мазмұны

КІРІСПЕ.


1. Қасқасу шатқалының орналасуы мен табиғат жағдайы.

2. Қасқасу шатқалы флорасының зерттелу тарихы мен зерттеу әдістері.

3. Қасқасу шатқалы флорасының биологиялық көптүрлілігі.

3.1. Таксономиялық талдау.

3.2. Тіршілік формалары.

3.3. Қасқасу шатқалы флорасының конспектісі.

4. Қасқасу шатқалының өсімдік ресурстары, шаруашылық

маңызы және оларды сақтап қорғау.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.



КІРІСПЕ

Кез-келген мемлекеттің ұлттық байлықтары қатарынан оның табиғи ресурстары, әсіресе өсімдіктер әлемі кіреді. Өсімдіктер әлемі адамның биологиялық өмір сүру ортасы болып табылады, өйткені адам өсімдіктер арқылы өзіне қажетті өнімдер алады, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Өсімдік ресурстарының биологиялық және экономикалық ресурстары олардың алуан түрлілігінен танылады. Оның негізін генетикалық алуан түрлілік құрайды.

Республика территориясында әліде зерттелмеген аудандар қатарына Қаржантау жотасындағы Қасқасу шатқалын жатқызуға болады. Өзіндік географиялық орналасу жағдайымен, геоморфологиялық құрылысымен және флорасының әр түрлілігінен ерекшеленеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қасқасу шатқалын флорасының түрлік құрылымын жинақтау және шатқалдың өзіндік ерекшелігі бар өсімдіктердің маңызыдылығын анықтау және оларды қорғау.

Осы қойылған мақсаттарға жету үшін келесі тапсырмалар жоспарланды:

1. Шатқалдың флоралық түр құрылымын анықтау.

2. Таксономиялық талдау жасау, тіршілік формаларын анықтау.

3. Қасқасу шатқалы флорасының маңызды өсімдіктеріне сипаттама беру.

4. Сирек кездесетін өсімдік түрлерін айқындау және оларды қорғау.



Жұмыстың жаңашылдығы: Алғаш рет Қасқасу шатқалы флорасының түрлік құрамы анықталып 85 тұқымдасқа 369 туысқа бірігетін 703 жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері көрсетілген. Түрлердің тіршілік формалары анықталды. Өзіндік ерекшелігі бар өсімдіктердің шаруашылық маңызы, оларды пайдалану және қорғау шаралары көрсетілген.

1. Қасқасу шатқалының орналасуы мен табиғат жағдайлары.
Қаржантау жотасы оңтүстік-батыс - тянышань провинциясына кіреді. Ол Талас Алатауы тау жоталарынан оңтүстікке қарай орналасқан.

Қазақстанға Қаржантау, Өгем жоталары және Піскем жотасының солтүстік баурайы жатады.

Барлық жоталарға палезой жыныстарынан тұратын тік баурайлы терең тілімденген рельеф тән. Ізбес, сланец пен кварциттер кең тараған.

Қаржантау жотасы Келес салаларын Өгем өзененің аңғарынан бөліп жатыр.

Жотаның оңтүстік-батыс баурайы қысқа және өте тік, солтүстік-батысы -Жайпақ, Қаржан. Жегірен және т.б. өзендердің аңғарларымен бөлінген. Оның орташа биіктігі 2000 м, ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы - 2834 м. Жотаның қыры жазық келген, шығуға жеңіл.

Климат жағдайы. Қаржантау жотасы Тянь-Шаньның шөлге жақын орналасқан оңтүстік-батыс шеті болып табылады, бұл оның климатының негізгі белгісі - континентальдылықты анықтайды. Ол қыс пен жаздағы, күн мен түндегі ауа температурасының үлкен ауытқуларынан көрінеді.

Батыстан келетін атмосфералық процестер ықпал жасайды, ал Талас Алатауының биік жоталары желдің солтүстіктен соғуын қиындатады. Жауын-шашын негізінен қыс пен көктем мезгілінде түседі, жазы құрғақ әрі ыстық болып келеді. Тек биік жоталарды ғана жазда жауын-шашын түсу сақталады.

Қыс онша суық емес, қаңтардың орташа температурасы тау маңайында 3-7°С. Қар жамылғысы тұрақсыз, оның қалыңдығы 20 см аспайды. Көктем жауынды және жылы. Жаз құрғақ және ыстық, ауа температурасы 35-40°С-қа жетеді. Бұл әсіресе шілде, тамыз айларына тән.

Топырақ жамылғысы. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньға кіретін Қаржантау жотасы топырақ қабаты жағынан Тұран фасциясына жатады. Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньның төменгі бөлігін, шамамен 1000-1200 м биіктікке дейін сұр топырақ алып жатыр.

Тау етегіндегі жазықтарда ашық түсті топырақ тараған. Шамамен 300-400 м биіктікте ол кәдімгі сұр топырақпен алмасады, оның өзі 600-700 м биіктікте күңгірт сұр топыраққа ауысады. 1000-1200 м биіктікте сілтілі сұр топырақ деп аталатын топырақ белдеуі жатыр. 1400-2000 м биіктіктегі тау баурайларының неғүрлым ылғалды участкілерінде қоңыр топырақ кездеседі.

Субальпі белдеуін тау-шалғын-далалық қоңыр топырақ алып жатыр.

Қаржантау жотасы Батые Тянь-Шань жоталарының алдыңғы батыс тізбегін құрайды.

Қасқасу шатқалының өсімдіктер дүниесін 369 туыс пен 703 түрді біріктіретін 85 тұқымдас құрайды.

Шатқалдың өсімдіктер дүниесінің ірі тұқымдастарының құрамы тұтас алғанда Орта Азияның тау жүйелеріндегі орналасу тәртібі мен құрамына сәйкес келеді.

Неғұрлым ірі тұқымдастардың қатарына Asteraceae, Poaceae, Brassicaceae тұқымдастары жатады.

Түрлерді биіктік белдеулері бойынша бөлу тау етегі мен төменгі бөлігінде (500-700 м биіктікте) эфемерлер мен эфемероидтар басым екенін көрсетті (Tulipa, Gagea тұқымдастарының түрлері). Әсірісе олар жотаның көлбеу және тегіс келген солтүстік-батыс бөлігінде кең таралған. Биіктеген сайын олардың саны күрт азаяды.

Орта биіктіктегі тау белдеуі өсімдіктер түрлерінің әр алуандығымен көзге түседі. Мұнда ағаштардың, бұталар мен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктердің түрлері көп өседі.

Биік тау белдеуінде негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктер кездеседі.

Қасқасу шатқалы флорасына Juniperas serawschanica тән болып келеді, аршадан тұратын сирек орман теңіз деңгейінен 500-3500 м биіктіктегі үлкен белдеуді алып жатыр.

Батыс Тянь-Шань (оның ішінде Қаржантау жотасы) арқылы оның таралуының солтүстік шекарасы өтеді. Мұнда ол ареалдық негізгі бөлігіне қарағанда төмен биіктерде кездеседі, бұл оның жылуды сүйетінін көрсетеді.

Шатқалдарда ағаштар мен бұталардың әр түрі кездеседі, олардың ішінде Juglans regia, Pistacia vera, Celtis caucasica, Crataegus pontica, Malus sieversii бар.

Pistacia vera шатқалдардың құрғақ баурайларындағы жекелеген участкілерде кездеседі. Ол құрғақшылыққа төзімді түр болып табылады (Павлов, 1980) және теңіз деңгейінен 600-1400 м биіктікте өседі.

Celtidaceae тұқымдас өсімдіктер Celtis монотипті туысымен берілген. Celtis caucasisa орта биіктіктегі тау белдеуіне тән, сирек шоқ тоғай болып немесе жекелей өседі, Crataegus pontica, Cr. Turkestanika, Pyrus regelii сияқты түрлерімен бірге жиі кездеседі.

Crataegus pontica аралының солтүстік шекарасы Батые Тянь-Шань (Қаратау) арқылы өтеді. Әдетте жекелей өседі, кейде шағын тоғайлар құрайды. Оның өсуіне қолайлы биіктік теңіз деңгейінен 1000-1200 (1500) м биіктікте жатыр.

Қасқасу шатқалындағы өсімдік түрлерінен «Қызыл кітапқа» енген. Arabis popovii атты бір эндемик түр кездеседі.
2. Қасқасу шатқалы флорасын зерттеу тарихы
Батыс Тянь-шань тау жүйесін оның ішінде Қаржантау жотасын флорасын зерттеу осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын, яғни Орта Азиядағы ірі географиялық экспедициялар кезінде басталған болатын.

XIX ғасырдың екінші жартысында регионның әр бөліктерінде көптеген ғалымдар, атап айтсақ географ А.В. Буняковский, геологтар И.В. Мушкетов және Д.Л. Иванов, ботаниктер А.Э. Регель, Г.Капю, СИ. Коржинский, Д.И.Литвинов және т.б. зерттеулер жүргізді.

Батыс Тянь-шань флорасын танып білуге О.Э. Кнорринг, З.А. Минквиц (1915ж), Б.А. Федченко (1941-1966 ж.), Н.В. Павлов (1956ж) үлкен үлестер қосты.

Б.А Федченко өзі жинаған өсімдіктері мен көптеген ғалымдардың материалдарын толықтыру негізінде «Флора западного Тянь-шаня» (1941-1961 жж.) деп аталатын еңбегін бастаған болатын, бірақ ол еңбек аяқталмай қалды.

Орта Азия университетінің (САГУ қазіргі ТашГУ) ботаниктері Батыс Тяньшань флорасын комплексті түрде зерттеді.

1921 жылы Өгем өзенінің бассейннінде Орта Азия мемлекеттік университетінің Өгем ботаникалық экспедициясы жұмыстар жүргізді. Олар жыл сайын Батыс Тянь-шанның әр түрлі аудандарында экспедициялар ұйымдастырды. 1920 жылдардың басынан бастап Батыс Тянь-шань флорасын зерттеуге А.И. Введенский қомақты үлес қосты.

1926 жылы Талас Алатауының батыс бөлігіндегі орман заказнигі Ақсу-жабағылы қорығы болып қайта құрылды. Бұл қорық көптеген ботаниктердің Батыс Тянь-шаньда жұмыс істеуіне база ретінде үлкен қызмет атқарды. Ал 1939 жылы КСРО ҒА Қазақстан филиалының ботанигі В.У. Макарчук Қаржантау жотасының биік таулы аймақтарын зерттеуді.

Н.В. Павлов Батыс Тянь-шаньдағы зертеулерін 1949 жылдың жазында ҚазССР ҒА ботаника институтының экспедициясынмен бірге бастады. 1953-1954 жылдары Қаржантау жотасының таулы бөліктері зерттелді.


Қасқасу шатқалы флорасын зерттеу әдістері

Зерттеу объктісі ретінде Қасқасу шатқалының флорасы алынды (далалық материалдарды (гербарий) жинау, өңдеу және талдау жұмыстарын жүргізу).

Далалық зерттеу жұмыстары 2003-2004 жылдары жүргізілді. Негізінен таксондарды айқындауда салыстырмалы морфологиялық - географиялық әдіс қолданылды.

Өсімдіктердің түрлерін анықтауда 9 томдық «Флора Казахстана» (1956-1966 ж.ж.), 10 томдық «Определитель растений Средний Азии» (1968-1993 ж.ж.), 2 томдық «Илюстрированный определитель растений Казахстана» (1969-1972 ж.ж.), «Красная книга КазССР» (1981 ж.), «Красная книга Государственный кадастр Южно-Казахстанский области» (2002 ж.) және т. б. енбектер пайдаланылды.

Флористикалық спектрдің негізі ретінде А.Л. Тахтаджянның (1987ж) тұқымдас пен туысқа арналған жүйесі алынды. Түрдердің және туыстардың аттарын дұрыс жазуда С.К. Черепановтың (1973-1981 ж.ж.) жұмыстарының көмегі көп тиді.

3. Қасқасу шатқалы флорасының биологиялық көп түрлілігі
Бұл тарауда шатқал флорасына таксономиялық талдау жасалып, сирек кездесетін өсімдіктердің тіршілік формаларына сипаттама жазылды. Сонымен қатар өсімдіктер ресурстары мен оларды қорғау туралы мағлұматтар берілді.
3.1.Таксономиялық талдау
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қасқасу шатқалы флорасының түрлік құрылымын жинақтау, шатқалдың өзіндік ерекшелігі бар өсімдіктердің маңыздылығын анықтау және оларды қорғау.
Қасқасу шатқалы флорасының негізгі систематикалық

топтарының арақатынасы.

1-кесте








туыстар

түрлер

жалпы түрлер

Таксондар

Тұқымдастар

саны

саны

санының













мөлшері.%

l.Eguisetophyta

1

1

3

0.42

2.Polypodiophyta

8

11

13

1.84

3.Pinophyta

2

6

6

0.85

4.Magnoliphyta

74

351

682

97

1.class Magnoliopsida

58

263

512

75

2.class Liliopsida

16

87

170

25

Барлығы:

85

369

703

100%

Қасқасу шатқалы флорасының негізгі систематикалық топтарының арақатынасы 1-кестеде көрсетілгендей жабық тұқымдастары 682 түрді жалпы флора өсімдіктерінің 97% құрайды. Ондағы өсімдіктерді қос жарнақтылар класына 512 түр, 75%, дара жарнақтылар 170 түр, 25% құрайды, папортниктер тәрізділерге 13 түр 1,84%, жалаңаш тұқымдыларға 6 түр 0,85%, қырықбуындылар тәрізділерге 3 түр 0,42% жатады.

Қасқасу шатқалының территориясында Орта Азия флорасының барлық негізгі тұқымдас түрлері кездеседі десе болады.

Бірақ, туыстар мен түрлердің саны жағынан олар біршама ерекшеленеді (2-кесте).



Қасқасу шатқалы флорасының таксондар саны

2-кесте




Тұқымдастар

Туыстардың саны

Түрлердің саны

1

Athyriaceae

1

1

2

Thelypteridaceae

1

1

3

Aspidraceae

2

2

4

Aspleniaceae

2

4

5

Sinopteridaceae

1

1

6

Adiantaceae

1

1

7

Polypodiaceae

1

1

8

Ophioglessaceae

2

2

9

Eguisetaceae

1

3

10

Cupressaceae

1

3

11

Ephederaceae

1

2

12

Typhaceae

1

3

13

Potomogetonaceae

1

2

J4,

Juncaginaceae

1

1

15

Alismataceae

2

3

16

Butomaceae

1

1

17

Poaceae

34

66

18

Cyperaceae

3

6

19

Araceae

2

2

20

Juncaceae

1

3

21

Allicaceae

1

9

22

Lileiaceae

8

17

23

Amaryllidaceae

2

2

24

Jridaceae

4

7

25

Salicaceae

2

5

26

Betulaceae

1

2

27

Fagasceae

1

1

28

Celtideceae

1

1

29

Moraceae

1

1

30

Connabiaceae

1

1

31

Urticaceae

1

1

32

Sontalaceae

1

2

33

Polygonaceae

5

11

34

Chenopodiaceae

3

3

35

Coryophyllaceae

13

24

36

Paeoniaceae

1

2

37

Ronunculaceae

7

15

38

Berberidaceae

3

4

39

Papaveraceae

4

7

40

Fumariaceae

1

4

41

Capparidaceae

1

1

42

Brassicaceae

34

65

43

Resedaceae

1

1

44

Crassulaceae

4

7

45

Saxifagaceae

1

2

46

Pomassiaceae

1

2

47

Rosaceae

23

49

48

Fabaceae

22

58

49

Geraniaceae

1

3

50

Biebersteiniaceae

1

1

51

Linoual

1

2

52

Polugalaceae

1

1

53

Euphorbiaceae

2

7

54

anacardiaceae

1

1

55

Celastraceae

1

2

56

Aceraceae

1

2

57

Balsaminoceae

1

2

58

Rhamnaceae

1

2

59

Malvaseae

4

6

60

Huperiaceae

1

3

61

Violaceae

1

4

62

Thymelaceae

1

1

63

Elaegnaceae

1

1

64

Onagraceae

1

2

65

Apiaceae

19

29

66

Primulaceae

3

5

67

Limoniaceae

3

4

68

Oleaceae

1

2

69

Gentianactae

3

4

70

Convolvulaceae

1

4

71

Cuscutaceae

8

16

72

Verbenaceae

1

1

73

Boraginaceae

15

24

74

Lamiaceae

22

55

75

Solanaceae

1

3

76

Scrophularaceae

7

23

77

Orobanchaceae

1

2

78

Plantaginaceae

1

3

79

Rubiaceae

2

6

80

Caprifoliaceae

1

6

81

Valerianaceae

2

3

82

Morinaceae

1

1

83

Dipsacaceae

2

4

84

Campanulaceae

5

6

85

Asteraceae

42

78




Барлығы:

369

703

2-кестеден байқағанымыздай, ірі тұқымдастар қатарына мына тұқымдастар жатады: Asteraceae (78 түр, 11,09%), Роасеае (66 түр, 9,3%), Brassicaceae (65 түр, 9,2%), Fabaceae (58 түр, 8,2%), Lamiaceae (55 түр, 7,8%), Rosaceae (49 түр, 6,9%), Аріасеае (29 түр, 4,1%), Caryophyllaceae (24 түр, 3,4%). Зерттеліп отырған территориядағы түрлер санының 59,9% осы аталған 8 тұқымдастың үлесіне тиеді.



Cyperaceae juss - осоковые -
Capparidaceae juss - каперсовые -
Geraniaceae juss - гераниевые
Verbenaceae juss -

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу