Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Өнімділігі жылына 40 млн тонна болатын Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының жобасы»
Орындаған: Адиетов Мереке ПЭНГ-19 дот,қ
Тексерген: доцент Бекмуханов К.Ж.
Атырау, 2022ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1.Магистральді мұнай құбыры туралы негізгі мәліметтер..................................................................................................................4
1.1 Магистралды құбырдың тарихы........................................................................5
1.2 Магистралды құбыр орналасқан аймақтың географиялық, климаттық және топографиялық жағдайы..........................................................................................6
2. Технологиялық есепке қажетті мәліметтерді өндеу..........................................8
3. Магистралды құбырдың өтімділігін есептеу.....................................................9
4. Магистралды құбырдың механикалық есебі...................................................11
5. Магистралды мұнай құбырының гидравликалық есебі..................................13
6. Магистралды құбырдың негізгі және көмекші жабдықтарын таңдау...........15
7. Магистралды мұнай құбыры мен айдау бекеттерінің біріккен жұмысы.......20
Қорытынды..............................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................28
КІРІСПЕ
Көмірсутекті өндіруді жүргізу және құбыр көлігінің дамуының маңыздылығы мен перспективаларын ескере отырып, Қазақстан көмірсутекті экспорттық бағыттарды жоспарлауда көпвекторлы саясатқа және құбыр жүйелерін пайдаланудың барынша тиімділігіне сүйенеді. Мұнай мен газды өндірудің өсуі мұнай және газ тасымалдау инфроқұрылымын дамытудың қажеттілігіне әкеледі. Сондықтан бүгінгі таңда қолданыстағы көлік жүйелерін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде және Қазақстандық көмірсутек шикізатын экспорттау үшін жаңа бағыттар жобалары әзірленуде. Қазіргі уақытта Қазақстандық мұнай тасымалдау жүйесі тасымал көлеміне қарай және экспорттық бағыттар бойынша тасымалдау талаптарына жауап береді. Болашақта, бүгінгі таңда әзірленген жобаларды ескере отырып, өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай жүйенің сыйымдылығы өседі. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мұнай тасымалдаудың 65 пайызын, газ тасымалдаудың 100 пайызын және Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын танкерлермен тасымалдаудың 50 пайызың қамтамасыз етеді. Мұнай құбырлары арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ, «КазТрансГаз» АҚ газды тасымалдау, танкерлермен тасымалдауды «ҚазМорТрансФлот ұлттық теңізкеме компаниясы» АҚ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мұнай өнімдеріне ішкі қажеттіліктері мұнайды өндіру көлемімен салыстырғанда өте аз мөлшерде, сондықтан республиканың мұнай – газ саласы көбінесе экспортқа бағытталған: сыртқы нарыққа мұнай көлемінің 90% бағытталады. 2013 жылы Қазақстан экспортқа 60,8 млн тонна мұнайды шығарған, бұл көрсеикіш 2012 жылмен салыстырғанда 6,5 есе көп.
Жылына кемінде 20 млн тонна өткізу қабілеті бар қазақстандық-қытай құбыры ірі және қарқынды дамып келе жатқан нарыққа жаңа экспорттық бағытты ашады. Бұл бағыт Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені ол республиканың батыс мұнай өңірлерін Павлодар мен Шымкенттің ірі мұнай өңдеу зауыттарымен байланыстырады, сондай-ақ ел ішінде мұнай бөлу мәселесін шешеді. Жоба Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің қолдауына ие. Алайда, бұл құбырдың тәуекелі - бұл біріңғай сатып алушыға бағытталған экспорт. Сонымен қатар, саяси, экономикалық және экологиялық тәуекелдердің төмен деңгейі осы жобаны перспективалы бағыттардың бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |