2. Технологиялық есепке қажетті мәліметтерді өндеу.
Құбыр өткізгіштердің жылулық және гидравликалық есептерін орындау үшін өнімнің физикалық қасиеттерін білуіміз қажет. Мұнайдың физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: тығыздығы, жылдамдығы, жылу өткізгіштік қабілеттілігі және т.б.
Мұнайдың тығыздығы есеппен алғанда 800÷1000 кг/м3 аралығында болады. Мұнайдың тығыздығы төмендегі теңдеу арқылы анықталады:
(1)
Мұндағы:
ρ293 - мұнайдың 293 К температурадағы тығыздығы, ρ293=810,4 кг/м3;
ξ - температуралық түзетулер. Ол төмендегі теңдеу бойынша
анықталады [9]:
, (2)
Т- тасымалданатын мұнайдың температурасы, Т=313 К.
Мұнайдың тағы бір физикалық қасиеті - жылу сыйымдылығы. Мұнайдың жылу сыйымдылығы мына аралықта 1600 ... 2500 Дж/(кг·К) өзгереді. Тәжірибе жүзінде көп жағдайда жылу сыйымдылықтың орта мәні Ср=2100 Дж/(кг·К) қолданылады.
Берілген 325 К температурадағы мұнайдың жылу сыйымдылығын Крего-Смит теңдеуі арқылы анықтайды [9]:
, (3)
Мұнайды тасымалдау және сақтау кезінде негізгі орын алатын қасиеттерінің бірі - жылу өткізгіштігі. Мұнайдың жылу өткізгіштігі аралығында болады. Дәл мәнін анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізіледі. Бұл есептеулер Крего теңдеуі арқылы жүзеге асады [9]:
(4)
Мұнайдың тұтқырлығы - басты маңызды сипаттамалардың бірі, өйткені, одан құбыр өткізгіштің гидравликалық кедергісі үлкен дәрежеде тәуелді болады. Техникалық есептеулерде кинематикалық тұтқырлық қолданылады. Мұның барысында жұмыс температуралардың өзгерісінің ықтимал диапозоны үшін алынған зертханалық берілгендерді қолдану ұсынылады. Бас айдау бекетінде күнделікті екі рет тасымалданатын мұнайдан үлгі алынып, зертханаға жіберіледі.
Жұмысшы қысымның 10 мПа- ға дейін өзгерісі кезінде мұнайдың тығыздығы, жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі коэффициенті және кинематикалық тұтқырлық онша өзгеріске ұшырамайды, сондықтан да есептеулерде бұл параметрлерге оның әсері ескерілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |