Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Өнімділігі жылына 40 млн тонна болатын Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының жобасы»



бет3/9
Дата15.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#135583
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КЖ Адиетов М

1.1 Магистралды құбырдың тарихы.

Каспий ресурстарын тасымалдау бағыттары үшін күрес өршіп тұрған кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2004 жылы мамырда сапармен ҚХР-ға барды, онда Атасу–Алашанькоу мұнай құбыры құрылысының негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының Президенті Ұзақбай Қарабалин және Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) Бас директоры Чэнь Гэн құжатқа өз қолдарын қойды. ҚР Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары барысында қол қойылған келісім осы жобаның бастамасы болды, бұл жобаны іске асыру туралы тараптар 1997 жылы алғаш рет сөз қозғады және өз ниеттері туралы тиісті құжаттар жасасты.


Осы оқиғадан көп ұзамай, 2004 жылы маусымда жобаны іске асыру мақсатында «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС құрылды, «ҚазТрансОйл» АҚ және мұнай және газды барлау және әзірлеу жөніндегі Қытай ұлтық корпорациясы бірдей үлес негізінде оның қатысушысы болды.
2004 жылы қазанда Қарағанды облысының Атасу станциясында Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарының басталуына орай стеланың ашылуы және құбырдың бірінші түйіскен жерін пісіру рәсімі өтті. Салтанатқа «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының, «ҚазТрансОйл» ірі мемлекеттік мұнай тасымалдау компаниясының басшылары және Қытай тарабының өкілдері қатысты.
Мұнай құбырының трассасы Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аймақтары бойынша Атасу – Ағадыр – Ақшатау – Ақтоғай – Үшарал БМАС маршруты бойынша тартылады және Қытайдағы теміржол станциясында аяқталады.
2005 жылы 15-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, салтанатты түрде Атасу – Алашанькоу құбыры пайдалануға берілді. Атасу – Алашанькоу магистралды мұнай құбыры құрылысының аяқталуы және оны толтыру ісінің басталуына арналған салтанатты рәсім «ҚазТрансОйл» АҚ «Атасу» бас мұнай айдайтын станциясында (БМАС) өтті. «ҚазТрансОйл» АҚ Бас диспетчерлік басқармасының насос агрегатын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іске қосты.
2006 жылдың шілдесінде «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры пайдалануға берілді және алғашқы алты айда 2,2 млн. тонна тасымалданды, ал 2007 жылы мұнай тасымалдау көлемі жылына 4,8 млн. тоннаға дейін өсті.
2013 жылғы желтоқсанда Атасу – Алашанькоу мұнай құбырының әлеуетін одан әрі дамыту және іске асыру мақсатында «ҚазТрансОйл» мен «Роснефть» бес жылдық келісімге қол қойды.
«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырының осындай қарқынды дамуы Қазақстанға мұнай тасымалдау жүйелеріне көп векторлы стратегияны енгізу ғана емес, сонымен қатар жоғары бәсекелес ортада стратегиялық шикізатты сату үшін сенімді арнаны қамтамасыз ету. 2006 жылы «Атасу – Алашанькоу» ұшырылған сәттен бастап және 2016 жылдың маусым айына дейін мұнай құбыры арқылы Қытайға 92 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет