Кожахметова Багдат Тлепбергеновна



Дата04.07.2018
өлшемі379,11 Kb.
#47206
түріСабақ


Кожахметова Багдат Тлепбергеновна,

№1 мектеп-гимназиясының бастауыш

сынып мұғалімі,

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы


Ежелгі ата-бабамыз

Дүниетану пәнінен 1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары




Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3. Тарих беттерінен. Ортақ тақырып - «Саяхат»

Сынып: 1





Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1. Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмірі мен салтын сипаттау.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сақтардың өмірі туралы сипаттай біледі.

Көптеген оқушылар: сақтардың тіршілігі жайлы сипаттап әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: ежелгі тұрмысты салыстыра сипаттай отырып, қазіргімен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

  1. Ежелгі ата-бабамыз – сақтар туралы біледі, түсінеді.

  2. Сақтардың өмірі мен тіршілігін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмірі мен тіршілігін сипаттайды. Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысын қазіргі өмірмен байланыстыра әңгімелейді.

Пәнге тән лексика мен терминология: сақ, көшпенді халық, бостандық.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ежелгі ата-бабамыз, сақтардың қонысы, көшпенді халық.

- Ежелгі ата-бабамыз қалай аталған?

- Көшпенді деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Сақтар қалай тіршілік еткен?


Құндылықтарды дарыту


Сақтар тіршілігімен таныса отырып Қазақстандық патриотизмге және өз тарихымызға құрмет сезімдерін баулу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, көркем еңбек, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Дереккөздерді пайдалану:

https: //kaztube.kz/video/91945



Бастапқы білім


Ежелгі адамдар тіршілігі, баспанасы, көшпенділер туралы.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы.

7мин.



«Кім тапқыр?» ойыны. Ширату тапсырмасы оқушылардың зейінін шоғырландыру және сабақ мақсатын анықтау мақсатында орындалады: Мұғалім сабақ басталмас бұрын парталардың астына суреттер мен сөздер жасырады. Оқушылар дөңгеленіп тұрады. – Балалар, біз ежелгі адамдар еліне саяхатымызды жалғастырамыз. Ол үшін жасырынған суреттер мен сөздерді табуларың керек:

  • 1-қатардың 3-партасының оң жақ астында;

  • 3-қатардың 1-партаның сол жақ асты;

  • 2-қатардың 2-партаның ортасында;

  • Оң жақтан 1-шкафтың жоғарғы сөресі;

  • Есіктің сол жағындағы шкафтың ортаңғы сөресі.

Тапқан сөздер мен суреттер тақтаға ілінеді. Оқушылар аралап көріп, орындарына отырады.

  • Осы топтамадан қайсы сендерге таныс, қайсы таныс емес?

Оқушылар келесі қорытындыға келуі керек: сақ, киіз үй, ошақ деген заттар таныс емес.

  • Ендеше біз бүгін сендермен ежелгі ата-бабамыз – сақтар туралы білетін боламыз.

Ежелгі адамдар және сақтардың құрал-жабдықтары

ның суреттері: баспана, тас қашау, түйе, ошақ, киіз үй. сөздер: «сақ», «үңгір»



Сабақтың ортасы.

4мин.


7мин.

10мин.


7мин.

«Бірге тамашалайық» әдісі (ҰЖ): 1-тапсырма сақтардың өмірі мен тіршілігін түсінуге негізделеді. Бұл тапсырмада нәтиже арқылы саралау жүргізіледі. Оқушылардың бәріне бірдей тапсырма беріледі, нәтиже әртүрлі болады. Сақтардың өмірі мен тіршілігі, шаруашылығы мен қару-жарақтары жайлы видеоролик көрсетіледі. Көру барысында сақтардың тұрмыстық заттары, шаруашылығы, немен айналысқандығы туралы ақпараттарға назар аударып, түсінеді. Бейнебаянда көрген ақпараттарды жетекші сұрақтар бойынша талқыланады:

  • Ежелгі ата-бабамыз қалай аталған?

  • Олардың баспанасы қандай?

  • Қандай жануарларды қолға үйреткен?

  • Тұрмыстық заттарын атаңыз.

  • Қандай көліктерді пайдаланған?

(сұрақтар «Сиқырлы сандықтан» алынады).

«Мәтінді толықтыр» әдісі (ҰЖ): 2-тапсырмада оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқиды. Оқушылар бейнебаянда көргендерін және мәтіннен оқығандарын кестеге толтырады. Кесте толтырған соң мәтінді толықтырып, әңгімелейді.

Мәтіннен алынған ақпарат

Бейнебаяннан алынған ақпарат



















ҚБ: нәтиже арқылы сараланады.Тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі, бірақ нәтиже әртүрлі.

«Постер құрастыр» әдісі (ТЖ): 3-тапсырма сақтардың өмірі мен тіршілігін сипаттауға негізделіп орындалады. «Не көрдің? Не білдің?» деген кіші зерттеу жұмысы жұппен жүргізіледі. Бұл тапсырмада постер құрастырып, қабырғаға ілу тапсырылады. Постер келесі критерий бойынша құрастырылады:

  • Сақтардың баспанасы.

  • Сақ заманында тіршілік еткен үй жануарлары.

  • Сақ заманындағы көлік түрлері.

Қолдауды қажет ететін оқушылар үшін ресурс арқылы саралау жүргізіледі, критерийлерге байланысты арнайы суреттер ұсынылады.

«Галереяға шолу» әдісі (ЖЖ): 4-тапсырма жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексереді, стикерге өз ұсыныс, тілек, пікір, ескертпелерін жазып, басқа жұптардың жұмыстарына іледі.

ҚБ: Ең жақсы орындалған жұмыстар отшашу арқылы бағаланады. Қарқыны төмен оқушылардың жұмыстары тексеріліп, мадақтау не ұсыныстар айтылады.

https: //kaztube.kz/video/91945

Нәтиже арқылы сараланады

(жақсы құрылған сөйлемдер мадақталады, үлгермеушілер ынталандырылады).

А3 парақ қағазы, маркерлер, стикерлер.

стикер


Сабақтың соңы.

10 мин.


«Тікелей радиоэфир» әдісі (ТЖ): сыныпты 2 топқа бөлінеді. 1-тобы – радио қонақтары( сақтар елінен келген саяхатшылар), 2-тобы – аудитория. Жүргізуші – мұғалім не оқушы болады. Аудитория қонақтарға тақырып бойынша сұрақтар қояды немесе телефон арқылы хабарласады:

  • Сақтар туралы не білесіз?

  • Сақтар күнделікті өмірде немен айналысқан?

  • Олар қандай халық болған?

  • Қандай жануарларды асыраған?

  • Шаруашылық заттарын атаңыз.

  • Қандай бағалы металдарды өңдеген?

  • Қандай көлікпен жүк тасыған?

  • Сақтардың баспанасы қалай жасалған?

Топтар ауысып, сұрақтармен алмасады. Оқушылардың тақырып бойынша түсінгендері анықталады. «Жұдырық - алақан» тәсілімен көрсетеді:

  • Егер тақырыпты жақсы түсініп, сабақ қызықты болса – алақанды жоғары көтереді;

  • Егер жартылай түсінген болса – үш саусақты көрсетеді;

  • Сабақ тапсырмалары қиындау соқса – жұдырық көрсетеді.



Саралау: 1 және 2- тапсырма дерекөздерді талқылауға негізделген. Мұнда кейбір оқушылар тақырып бойынша негізгі мәліметтерді анықтап, сипаттай алады. Бұл тапсырмалар нәтиже арқылы сараланады. Бұнда әр оқушының жұмысы тексеріледі.

3 және 4-тапсырмада саралау тапсырма арқылы жүзеге асады. Қарқыны төмен оқушыларға қабілеті ескеріліп, қолдау көретіледі.





Дескриптор:

1. Бейнебаянды көріп, сақтар тіршілігі туралы мағлұмат алды.

2. Мәтінді оқып, бейнебаяннан көргендерімен толықтырды.

3. Алынған ақпараттарды кестеге толтырады.

4. Көрнекі материалдар негізінде сақтар тіршілігін сипаттады.

5. Сақтар тіршілігін сипаттауға негізделген кіші зерттеу жұмысын топпен жүргізді.

6. Топтардың жұмысын жұппен тексеріп, ескертпе, пікір, ұсыныс, тілек жазды.

7. Тақырып бойынша түсінгендері сұрақтар бойынша пысықталады.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Ширату тапсырмасы мен постер құрастыруды оқушылар қызығушылықпен орындады.


2: Сабақ соңында рефлексия тапсырмасы жаңа білімнің қаншалықты түсінікті болғанын көрсетеді.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Белсенді әдістер.


2: Оқушылардың қабілетіне қарай қолдау көрсету.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында оқушыларды ынталандыру, ішкі уәжін ескеру, оқушыларға сабақта өздерін басқаруға мүмкіндік беру және белсенді оқу тәсілдерін тиімді пайдалануға көңіл бөлу керек.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет