271
Мұндай заттарға - дәрілік препараттар, адам тіршілігінің
шаруашылық өнімдері, тамақ өнеркәсібінің (консерванттар, бояғыш
заттар) және тұрмыстық химиялық заттары жатады. [4].
Қалыпты метаболиттердің усыздандырылуы:
1. Пигменттердің усыздандырылуы
. Бауырдың РЭЖ
клеткаларында гемнің катаболизмі жүреді. Гем билирубинге
тотығады, билирубин гепатоциттерде глюкурон қышқылдарымен
коньюгацияланады және ішектен түскен уробилирубиноген
гепатоциттерде пигмент емес өнімдерге ыдырайды.
2. Аммиактың усыздандыралуы
. Аммиак - күшті токсиндік
қосылыс, әсіресе ми үшін өте қауіпті. Организмде аммиакты
усыздандырудың негізгі механизмдері бауырда мочевинаның
синтезделуі болып табылады. Мочевина - токсиндік әсері
мардымсыз қосылыс, организмнен зәр арқылы шығарылады.
3. Гормондардың инактивациялануы
. Гормондарды
инактивациялауда бауыр маңызды рөл атқарады. Көптеген
пептидті гормондар протеолитикалық ферменттердің қатысуымен
бауырда гидролизденеді. Мысалы, инсулиназа ферменті инсулиннің
А және В тізбегіндегі пептидті байланысты гидролиздейді.
Адреналин
және
норадреналиннің
катаболизмі
моноаминооксидазаның қатысуымен дезаминденуі, метилденуі,
күкірт және глюкурон қышқылдарымен коньюгациялануы бауырда
жүреді. Метаболизмнің өнімдері зәрмен шығарылады.
4. Ксенобиотиктердің усыздандырылуы
.
Ксенобиотиктер көпшілігінің усыздануы 2 фазада өтеді.
1-ші фазада химиялық модификацияланады;
2-ші фазада коньюгацияланады.
Химиялық модификация – ферментативті процесс,
ксенобиотиктердің бастапқы құрылымы модификациялануынан:
- молекула ішілік байланыстар үзіледі
- молекулаға қосымша функциональдық топтар жалғасады,
(-СН
3
, -ОН, -NH
3
). [30].
- гидролиз жолымен функциональдық топтар алынып тасталынады
Достарыңызбен бөлісу: