Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


- тарау. Бауырдың биохимиясы



Pdf көрінісі
бет193/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

7- тарау. Бауырдың биохимиясы 
 
7.1. Бауырдың құрылымы мен қызметі 

Бауыр құрылымы өте күрделі, үлкен паренхиматозды орган,


оның ерекше маңыздылығы анатомиялық орналасуында.
Бауыр, ішек және жалпы қан айналымы жүйесінің ортасында 
орналасқан аралық мүше болып табылады. Бауыр екі: сол және оң 
үлестен тұрады. Оң үлесі тағы екі екіншілік: шартты және құйрық деп 
аталатын үлестерден құралған. Клод Куино (1957 ж) ұсынған 
заманауи сегменттік сызбаға сәйкес бауыр сегіз сегментке бөлінген, 
олар бауырдың оң және сол үлестерін құрайды. Бауыр сегменті 
бауыр паренхимасының пирамидальды бөлімі болып табылады.
Оның жеткілікті дәрежеде оқшауланған үлесшесінің қанмен 
қамтамасыз етілуі, иннервациясы және өттің ағып шығуы жүреді.
Паренхима – үлесшелерден құралған. Бауыр үлесшелері – бауырдың 
құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бауыр үлесшелерінің негізгі 
құрылымдық компоненттеріне: 
- бауыр тақталары (гепатоциттердің радиальды қатары); 
- үлесшеішілік синусоидты гемокапиллярлар (бауыр балкалары); 
- өт капиллярлары (бауыр балкалары ішінде, гепатоциттердің екі 
қабатының арасында орналасқан) 
- пересинусоидты Диссе кеңістігі (синусоидты гемокапиллярлар мен 
бауыр балкаларының арасындағы қуысты кеңістік)
- Орталық вена (үлесшеішілік синусоидты гемокапиллярлардің 
бірігуінен түзілген). Строма – қантамырлары мен жүйке аппараты 
сыртқы дәнекер тіндік капсулалардан және борпылдақ талшықты 
дәнекер тіндерінің үлесше аралық қабаттарынан құралған. [1]. 
Бауырдың қызметі. 
- Әртүрлі 
бөгде заттарды усыздандыру (ксенобиотиктер, 
аллергендер, улар, токсиндерді усыздандыру арқылы улы әсерін 
төмендетедін немесе тіптен жойып, организмнен оңай бөлінетін 
қосылыстарға айналдырады. Жатырдағы ұрық бауырының қызметі 
шамалы, себебі оны плацента орындайды. [4]. 
- Организмдегі гормондар, медиаторлар, дәрумендер санымен 
қатар зат алмасудың аралық және соңғы өнімдерінің артық мөлшерін 
усыздандыр және организмнен шығару. Мысалы, аммиак, фенол, 
этанол, ацетон және кетон денелер; 


266 
- Организмнің энергетикалық қасиеттілігін қамтамасыз ету 
глюкозамен және әртүрлі энергия көздерін (БМҚ АҚ, глицерин, сүт 
қышқылы) глюконеогенез арқылы глюкозаға конвертациялау 
- Көмірсу алмасуын реттеу арқылы және глюкоген түрінде 
жылдам пайдаланылатын энергия қорын толықтыру және сақтау. 
- Бірқатар дәрумендердің депосын толықтыру және сақтау 
(әсіресе майда еритін дәрумендер А, Д, бауырдағы қоры. Суда еритін 
дәрумендер В
12
сонымен қатар бірқатар микроэлементтер – металдар, 
темір, мыс және кобальт катиондарының депосы. Сонымен қатар, 
бауыр көптеген дәрумендердің (А, В, С, Д, Е, К, РР, фоль қышқылы) 
метаболизміне тікелей қатысады. [36]. 
Қан ұю процесіне қатысуы (тек ұрықтық) соның ішінде, қан 
плазмасының көптеген беклоктары – альбуминдер, α мен β- 
глобулиндер, әртүрлі гормондар мен дәрумендерді, қан ұю жүйесі 
мен қан ұюға қарсы жүйенің белоктары; бауыр пренатальды дамуда 
гемопоэздың маңызды органының бірі болып табылады. ХСН және 
оның эфирлерінің синтезі; Липидтер, ФЛ-р, ЛП-р және липид 
алмасуының реттелуі. Өт қышқылының және билирубиннің синтезі, 
өттің түзілуі және бөлінуі. Қанның белгілі бір көлемінің депосы, 
қажет болған жағдайда, шок кезінде бауырды қанмен қамтамасыз 
ететін тамырларды тарылту арқылы, жалпы қан айналу жүйесіне 
шығарады. Гормондар синтездейді (мысалы, инсулинтәрізді өсу 
факторларын). [26]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет