Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Бүйрекке тәуелсіз протеинурия



Pdf көрінісі
бет296/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Бүйрекке тәуелсіз протеинурия
– простата безі немесе зәр 
шығару жолдарының жарақаттанғанын білдіреді. 


393 
Организм ауыр физикалық күш жұмсағаннан кейін және 
жаурап қалғанда ( гипотермия ) зәрде, белок пайда болады, бұл 
физиологиялық протеинурия деп аталады. 
Шумақтық протеинурия –гломерулонефрит, инфекциялық 
және аллергиялық факторлардың әсерінен, гипертониялық аурулар,
жүрек қызметінің декомпенсациясы кезінде байқалады. 
Түтікшелік протеинурия – амилоидоз, өткір түтікшелік некроз, 
интерстициальды нефрит, Фанкони синдромында болады.
Преренальды протеинурия – миеломды ауру, бұлшықет 
тінінің некрозы, эритроциттер гемиолизінде орын алады. 
Постренальды протеинурия цистит, уретрит, кольпитте кездеседі. 
Гематурия – 
зәрде қан элементтерінің кездесуін айтады. 
Гемоглобинурия
- зәрде қанның қызыл пигментінің болуы. 
Гематурия – бүйрекке тәуелді және тәуелсіз болып 2-ге бөлінеді. 
Бүйрекке тәуелді
 
гематурия жедел нефриттің негізгі көрсеткіші, ал 
бүйрекке тәуелсіз гематурия – зәр шығару жолдарының жарақаты,
қабыну белгісі болып табылады. Гемоглобинурия көбінесе 
эритроциттер гемолизі немесе гемоглобинемияға байланысты пайда 
болады. Гематурияны анықтауда цитологиялық, гемоглобинурияны 
анықтауда – химиялық тәсіл қолданылады. [30]. 
Глюкоза – 
қалыпты зәрде глюкозаның мөлшері өте аз болады, 
себебі лабораториялық 
тәсілдермен анықталмайды. Кейбір 
патологиялық жағдайда мысалы, қант диабетінде тәулігіне бірнеше 
10-даған грамм глюкоза бөлінуі мүмкін. Глюкозаның зәр 
құрамында кездесуі глюкозурия – деп аталады.
 
Фруктозурия
– фруктозаны глюкозаға айналдыратын 
ферменттің жетіспеуінен туындайды. 
Кетон денелері - 
қалыпты зәрде кетон денелері өте аз 
мөлшерде кездеседі, кетон денелер нитропруссидті сынама арқылы, 
Ланге сынамасы арқылы анықталмайды, ал, кетонурия кезінде бұл 
сынамалар оң нәтиже көрсетеді. 
Кетонурия
- қант диабеті, ашығу, тағамда көмірсулардың 
болмауы, тиреотоксикоз, бас ми жарақаты, дизентерия, токсикоз
скарлатина, 
тұмау 
және 
туберкулез 
кезінде 
байқалады.
Билирубин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет