Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет37/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Дисахаридтер
- екі моносахаридтің калдығынан тұрады. Олар 
бір-бірімен гликозидтік байланыспен жалғасқан (ол гликозидтік 
гидроксил болуы да мүмкін). Қышқылдар немесе ферменттермен 
гидролиздегенде 
моносахаридтерге 
ыдырап 
кетеді. 
Кейбір 
дисахаридтер құрамы жағынан бірдей болуы мүмкін, дәлірек 
айтқанда бірдей моносахаридтерден тұрады. (2.3). [44]. Мысалы: 
мальтоза мен целлобиоза , екеуі де, екі молекула глюкозадан тұрады, 
бірақ қасиеттерінің айырмашылығы құрамындағы глюкозалардың 
изомерлік түрінде болуы (
α
және β-түрлері). Дисахаридтер 
қасиеттері жағынан екі түрлі болады. Біреулері тотығады, ал 
екіншілері 
тотықпайды. 
Тотықпайтын 
дисахаридтерде 
бос 
гликозидтік гидроксил жоқ, себебі ол моносахаридтердің бір-бірімен 
байланысуына жұмсалған. Мысалы: сахароза, глюкоза мен фруктоза
қалдықтарынан тұрады. Глюкозадағы бірінші көміртегімен 
байланысқан гликозидтік гидроксил тобы, фруктозадағы екінші 
көміртегі атомымен байланысқан гликозидтік гидроксилмен 
реакцияға түскенде, су молекуласы бөлініп шығады және 


38 
тотықпайтын дисахарид – сахароза түзіледі. Ал, тотығатын 
дисахарид мальтозада бос бір гликозидтік гидроксил тобы бар. 
Ондағы екі глюкоза молекуласы бір-бірімен 1,4-0- гликозидтік 
жағдайдағы байланыспен жалғасады. Осындай байланыстың 
нәтижесінде мальтозада бір гликозидтік гидроксил тобы бос қалады, 
сондықтан мальтоза жартылай тотығады. Осылай тотығатын 
дисахаридтердің ерітіндідегі мөлшерін Бертран әдісімен анықтауға 
болады. Тотықпайтын дисахаридтерді осы әдіспен анықтау үшін, 
оларды алдымен қышқылдармен гидролиздеп, моносахаридтерге 
айналдырады. [9]. 
Көмірсулар (дисахаридтер)
 
(2.3) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет