41
Тағамдық талшықтардың биологиялық рөлі:
1. Ішек микрофлорасымен утилизацияланады және оның қалыпты
құрамы сақталады.
2. Суды адсорбциялайды және ішек қуысында ұстап тұрады.
3. Нәжіс массасының көлемін ұлғайтады.
4. Ішек қабырғасының қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұрады.
5. Ішекте түзілетін кейбір улы
заттарды өзіне қосып алып
усыздандырады, сонымен қатар радионуклидтерді адсорбциялайды.
2.2.
Көмірсулардың қорытылуы және сіңірілуі
Адам ағзасы белгілі бір көмірсулардың тағаммен түсуін қажет
етпейді, бірақ тамақпен түскен көмірсулардың үлесінен
организмнің энергияға мұқтаждығының 50% қанағаттандырады.
Тағамдағы белок, липид, көмірсудың ара қатынасы 1:1:4 - ке тең.
Тағаммен міндетті түрде, көмірсулардың туындысы С дәрумені
түсуі тиіс, себебі, ол организмде синтезделмейді..
Организмге шамамен тәулігіне 400-500гр көмірсулар түседі.
Олардың 60%-ын
крахмал құрайды, тағамдарда крахмалдың
химиялық аналогы – гликоген (бауырда, бұлшықетте) болады.
Қазіргі таңда көмірсу тектес рационның басым бөлігін сахароза
құрайды. Көмірсулардың біразы бос гексоздар (глюкоза, фруктоза)
жемістерде, әселде
кездеседі, ал лактоза сүт құрамында болады.
Көмірсулардың қорытылуы – тағам құрамындағы ди-, олиго-,
полисахаридтер сілекей сөлі, ұйқы безі сөлі
және ішек клеткалары
сөлімен бөлінетін ферменттердің әсерінен гидролизденеді.
Гидролаза класына жататын гликозидаза тобының ферменттері.
көмірсулардың молекулаларындағы гликозидті байланыстарды
гидролиздейді.
Ауыз қуысында
көмірсулар сілекей сөліндегі α – амилазамен
қорытылады. Сілекей сөлінде α-амилаза
ферменті полисахарид
молекуласы ішіндегі 1,4-о-гликозидті байланысты гидролиздейді.
Фермент ауыз қуысына құлақ маңы безінен бөлінетін
сілекеймен секрецияланады. Сілекей сөлінің рН-6,5-6,8 тең болатын
буферлік жүйе ферменттің әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады. α –
амилаза әсерінен крахмалдың ірі фрагменттері декстриндерге
ыдырайды.
Сілекейдегі бактерия флорасының гликозидазалары:
Достарыңызбен бөлісу: