43
Моносахаридтердің ішекте сіңірілуі -
глюкоза және басқа
моносахаридтердің сіңірілуі аш ішектің энтероциттерінде екі
жолмен жүреді. Концентрация градиентімен жеңілдетілген
диффузия жолымен және Na
+
ионы концентрациясы градиенті
есебінен активті тасымалдану арқылы сіңіріледі.
Nа
+
ионы концентрация градиенті есебінен глюкоза
симпорт
механизмі
(глюкозаны ішек қуысы қабырғасы бетінде орналасқан
тасымалдаушысы) бойынша активті тасымалданады.
Энтероциттердегі глюкоза қанға жеңілдетілген диффузия
жолымен өтіп, тіндер клеткаларына
арнайы тасымалдаушы
белоктар
арқылы (glucose transporter) жеңілдетілген диффузия
механизмі бойынша тасымалданады.
Әр түрлі тіндерде глюкозаны тасымалдайтын арнайы
белоктардың 5 түрі белгілі:
Glut-1
мида;
Glut-2
бауырда, ұйқы
безінде;
Glut-3
нерв тінінде, бүйректе;
Glut-4
бұлшық етте, майлы
тіндерде;
Glut-5
аш ішекте кездеседі.
Глюкозаны тасымалдайтын барлық белоктар клетканың
плазматикалық
мембранасында,
цитоплазмадағы
везикула
мембраналарында болуы мүмкін. Тек Glut-4 цитоплазманың
везикуласында орналасқан. Ол ұйқы безінде түзілетін инсулин
гормонының қатысуымен майлы және бұлшықет тіндері
клеткаларының плазматикалық мембраналарына тіркеледі. [2].
Осыған байланысты бұлшық ет пен майлы тіндерге
глюкозаның түсуі инулинге тәуелді болады, сондықтан олар
инсулинге тәуелді тіндер деп аталады. Қорытылу барысында
түзілген моносахаридтің 80 %-ын глюкоза құрайды. Олардың
сіңірілу жылдамдығы әр түрлі.
Достарыңызбен бөлісу: