45
Бұлшықет клеткаларында гексокиназа II, ісік клеткаларында
гексокиназа III көбірек және глюкозаға жақындығы гексокиназа II-
ге қарағанда жоғары болады.
Глюкозо-6-фосфаттың
дефосфорлануы
.
Глюкозо-6-
фосфаттың
глюкозаға айналуы бауырда, бүйректе және ішектің
эпителий
клеткаларында
жүруі
мүмкін.
Осы
органдар
клеткаларындағы глюкозо-6-фосфатаза ферменті глюкозадан
фосфор қышқылының қалдығын
гидролитикалық жолмен бөліп
шығарады. Босап шыққан глюкоза бұл органдардан қанға
диффундирленеді. Басқа органдар мен тіндерде глюкозо-6-
фосфатаза ферменті болмайды, сондықтан глюкоза-6-фосфаттың
дефосфорлануы жүрмейді. Мысалы, бұлшықет клеткаларына
қайтымсыз түскен глюкоза, глюкозо-6-фосфат түрінде
тек осы
клетканың метаболизміне жұмсала алады.
Достарыңызбен бөлісу: