Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет46/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
(2.4) 
 
гликоген синтезіне жұмсала алар еді, бірақ глюкозо-6-фосфат пен 
глюкозо-1-фосфаттың бір-біріне ауысу реакциялары қайтымды, егер 
гликоген глюкозо-1-фосфаттан синтезделсе, оның ыдырауы да, 
қайтымды болар еді, бұл бақыланбайды. 
Гликогеннің 
синтезделуі термодинамикалық қайтымсыз 
реакция болуы үшін, қосымша УТФ пен глюкозо-1-фосфаттан 
уридинфосфатглюкозаның түзілу реакциясы жүруі қажет.
Бұл реакцияны катализдейтін ферментке кері жүретін 
реакцияның атауы (
УДФ- глюкопирофосфорилаза)
берілген, 
бірақ клеткада кері реакция жүрмейді, сондықтан тура реакция 
кезінде түзілген пирофосфат өте жылдам пирофосфатазаның 
әсерінен 2 молекула фосфатқа ыдырап кетеді. 


47 
УДФ-глюкозаның түзілу реакциясы гликоген синтезінің бүкіл 
реакцияларының қайтымсыз екендігінің дәлелі болып табылады
Түзілген 
УДФ-глюкоза
глюкоза қалдығының доноры ретінде 
гликоген синтезіне жұмсалады. Реакцияны 
гликогенсинтаза 
(глюкозилтрансфераза) ферменті катализдейді, реакцияға АТФ 
энергиясы жұмсалмайды, сондықтан 
фермент синтетаза деп емес, синтаза деп аталады. (2.5). [46]. 
Гликогенсинтаза – 
реттеуші қасиеті бар фермент, клеткада екі 
түрлі формада кездеседі, 1-шісі:фосфорланбаған активті (а форма), 
2-шісі: фосфорланған активсіз (b формасы).
Гликогенсинтазаның 
активті 
формасы 
фосфатаза 
гликогенсинтетаза әсерінен активсіз b форманың фосфорсыздануы 
нәтижесінде пайда болады. Активті форманың активсіз түріне 
айналуы протеинкиназаның қатысуымен АТФ есебінен фосфорлану 
нәтижесінде түзіледі. 
 
(2.5)
 
 
УДФ-глюкозаның нуклеотидті құрам бөлігі ферментативті 
катализ кезінде субстраттарды тану үшін қажет болуы мүмкін.
Нуклеозиддифосфатсахарлардың бұл қызметін Нобель сыйлығы 
лауреаты, аргентиналық биохимик Л.Лелуармен анықтады.


48 
Клеткада гликоген ешқашан толығымен ыдырап кетпейді, тек 
бұрыннан 
бар 

праймер
“ 
деп 
аталатын 
полисахаридтің 
молекуласын ұзарту арқылы гликоген синтезделеді. “Праймерге“ 
ретімен глюкоза молекуласы қосылады және трансгликозилирлену
реакциясы кезінде түзілетін химиялық байланыстың типін алдын-ала 
“праймер” анықтайды. “Праймердің” құрамында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет