— 197 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
туралы кітап жазуға шешім қабылдайды. Осылайша,
кітап болашақ компанияның негізін қалайтын нақты
бизнес-жоспарға айналады. 1963
жылы Мэри Кэй Эш
екінші күйеуімен бірге Mary Kay Cosmetics фирмасын
құрды. Бастапқы капитал бар болғаны 5000 доллар
болады, бірақ нәтижесі барлығы күткеннен де асып
түседі. Бүгінгі таңда Mary Kay Cosmetics өнімдері 40-
тан астам елде сатылады және жылдық сатылымы 3
миллиард долларға жуық.
Орта жасқа жеткен және «енді бәрі кеш»
аралағында қалып кетпеген, көптеген басқа да бай
және әйгілі адамдардың
қатарына Джоан Роулинг,
Генри Форд, Лас-Вегастағы Сэндстің негізін қалаушы
Шелдон Адельсон, Кристиан Диор сияқты тұлғаларды
қоссақ болады.
30-дан 40 жасқа дейінгі адамдарды не біріктіреді?
Барлығы дерлік біреуге жұмыс істеуден шаршаған,
дәстүрлі жүйеден көңілі қалғандар. Алайда, көпшілі-
гі жұмыстан кетіп, әдеттегі өмір салтын өзгерткісі
келмейтіні анық. Егер сіз 40
жасыңызға дейін өз
кәсібіңізді ашпасаңыз, өзіңізді «жолы болмағандар»
қатарына қосуға асықпаңыз. Статистикаға сүйенсек
миллионерлердің 60%-ы өз бизнесін 40-50 жасында
ашқандар екен. Неге олай екені сөзсіз түсінікті:
өмірлік тәжірибе мен осы уақытқа дейін пайда болған
жігерлілік күші.
«Зейнетке шыққан кезде кәсіпкер болу туралы
ойдан мүлде бас тарту керек», - деуіңіз мүмкін.
Олай деуге әлі асықпаңыз. Ия, 50 жастан 60
жасқа
дейінгі көптеген адамдар өздерін бизнесмен ретінде
көре алмауы мүмкін. Бірақ әрбір істің жақсы жағын
көре білу керек. Зейнеткерлік сіз үшін – бұрын