— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін


dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы



Pdf көрінісі
бет56/114
Дата04.11.2023
өлшемі4,12 Mb.
#189587
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
ойыңызды екінші сөйлемге арқау етіңіз. Сондай-ақ, 
күрделі сөздерді қолданып қиындатпаңыз. Барынша 
қарапайым сөздерді қолдануға тырысыңыз. Оқып 
отырған адам терминді білмесе, мәтінді түсінуі қиын
болады. Тек аудиторияңыз термінді түсінетіндігіне 
сенімді болсаңыз, ол сөз кең қолданыста болса 
ғана пайдаланыңыз. Ойды анық жеткізетін сөзді 
қолданыңыз. Мысалы, практикалық кейстер 
туралы сөз қозғаймыз. «Кейс» сөзін «тәжірибе», 
«мысал» сөздерімен алмастыруға болатын еді. 
Бірақ бұл сөздердің аясы кең. Екі нұсқа да жарамды 
болса, ең қысқасын таңдаңыз. «Интернет-ресурс» 
дегенге «сайт» дей салыңыз. Екінші сөйлемде 
«сайт» сөзі қайталанып кетпес үшін интернет-
ресурспен алмастыруға болады. Тәжірибе жүзінде 
оқырмандарыңызға әр түрлі бағыттағы мәтіндерді 
ұсынып, қаралымның көптігіне байланысты өз 
бағытыңызды таңдасаңыз болады.
Фото
«Instagram» әлеуметтік желісінде бірнеше жыл 
бұрын сапалы суреттермен оқырмандардың назарын 
еліктіруге болатын еді. Ал қазір бұл өте қиын. Әрине, 
фотолар сапалы, әдемі, сізге ұнауы мүмкін. Алайда 
бәсекелестік алаңында сіздің ол суреттеріңізге 
ешкім аса назар аудармайды. Себебі парақшада 
тауарды, қызмет түрін ғана емес, өзіңіздің жеке 
стиліңізді де сата білуіңіз керек. Көп тауардың ішінде 
сіздікін таңдауға мүмкіндік беретін парақшаңызды 


 — 96 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
визуалды тұрғыда дамыту керек. Жеке стиліңізді 
қалыптастырып, клиент пен компания арасында сенім 
орнатуға тырысыңыз. Оқырман сіздің парақшаңызға 
кірген сәтте ерекше қанық түстер, сізге тән мәтін, 
графика элементтері, өнделген фото-видеоны көру 
керек. Соңғы трендтер мен дизайнерлік қызметтерді 
пайдаланып визуал қалыптастырыңыз. Және оны 
жиі өзгертуге тырыспаңыз, себебі ол оқырманды 
шатастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет