тарихи қалыптасуы жағынан кеш пайда болған ерін үндестігін
таңбалауды мақсат тұтпаған графика болып табылады. Үндесім
заңы дауыссыздардың тембрлік әуеніне негізделген (Крамски,
М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал дауыстылар үндесімі
– осы арқылы шыққан екіншілік заң дейміз. Алғашқы әліпби
түзушілер санасында дауыссыз дыбыс қазіргі түсініктен
өзгеше, ерін, езу, тіл мүшелеріне сай тембрлік әуен қоса
ассоциацияла-нып отырған дыбыс типі болғанын айтқымыз
келеді. Тілдің даму барысында жуан-жіңішке, езулік-еріндік
әуен қысқа айтылатын сына дыбыс тыңдаушы санасына
қабылдана бастайды. Сына да-уысты таңбсы әсіресе дауыссыз
бен үнділер арасына салынған. Қыстырынды дауыстылардың
бүкіл руникалық жазбаларға тән екенін айтады Э.А.Макаев.
Алғашында дауыссыздың тем-бріне ғана үйлескен, фонемалық
жүктемесі жоқ дыбыс кейін дифференциацияланған. Оған
Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған дауыстылардың
Орхон жазуында тұрақты бейнеле-нуі дәлел. Дауыстылардың
графикалық бейнесі арқылы түркі тілдеріндегі инвариант
дауыстыны да, сына дауысты және одан өрбіген
дауыстылардың вариант, вариацияларын жобалауға бо-лады.
Енді консонанттар жүйесінің графемалары және графика-сы
туралы қысқаша тоқталып өтеміз. Жазуда <б>, <ғ>, <д>, <й>,
<қ>, <л>, <н>, <р>, <с>, <т> 10 дауыссызы 20-дан астам
әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның ішінде 3-тен
артық әрпі бар дыбыстар <б’>, <ғ>, <д>, <қ>, <к> фоне-малары
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: