Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет123/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

а,
а;
о,
ő;
u (ұ), ű (ү) 
бұл жерде назар аударатын қиындық
 а (ә) 
дыбы-сын
белгілейтін таңба [
е
]-ні де, [
і
]-ні де белгілеген. 16 дауыс-
сыз 
в, č, d, g/γ, k/q, j, l, m, n, n’, ŋ, p, r, s, š, t, z
дыбыс 32 әріппен
таңбаланған. ¤йткені жуан дауыстылармен келген сөздерде да-
уыссыз бір таңбамен, жіңішке дауыссыздармен келген сөзде
басқа таңбамен белгіленген. Мысалы, Орхон әліпбиіне көшетін
болсақ, 
тон
дегендегі 
т
дауыссызын бір таңбамен, 
төн
деген-
дегі [н’]-ді басқа бір таңбамен белгілеуге тура келеді. Сөйтіп,
Орхон әліпбиіне көшсек, 9 дауыстыны 5 әріппен, 16 дауыссыз-
ды 32 әріппен таңбалар едік, ал әліпбидегі әріптің саны 31 әріп
болар еді.
186
187


Түркі қағанатында (V–VIII ғғ.) оның шығысы мен батысын-
да солтүстігі пен оңтүстік аймақтарында Орхоннан басқа си-
рия жазуы, санскрит жазуы, брахми, ескі ұйғыр жазулары
қолданылды. Бұлардың бәрі діни фактормен (будда, христи-ан
дінімен) байланысты болды. Тек Орхон жазуы ғана, кезін-де
қағанатқа кеңінен тараған. Салыстырмалы түрде айтқанда,
әскери демократиялық қоғамның азаматтық сипаттағы жа-зуы
болып, «маңдайы» жарқырап тұрды. Алайда діни фактор
болмағандықтан, діни сенімге негізделмегендіктен бұл жазу
қолданыс майданынан шығып қалды.
«Әліпби» концептісімен байланысты кодқа салынған мұндай
ақпараттар тек филолог, тарихшы, шығыстанушы, қоғамтанушы
және делитанттардың тілдік санасында білім алу жолымен
жүйеленген. Ал өзге жұртшылықтың когнитивтік санасында білім
түрінде орныққан ақпараттар жеткілікті болмағандықтан, Орхон
әліпбиінің мұрагері ретінде қайта жаңғыртып, қазақ әліпбиі
ретінде алу ұсынысы қалың жұртшылықта қолдау таба-тыны
күмәнді болып қалды. Ұсынылған жобалар жоқтың қасы, ғылыми-
лингвистикалық тұрғыдан негіздеу, мықты дейтіндей факторларды
ашып көрсету жағы олқы түсіп жатты.
Мәдени-тілдік ұжымның санасындағы «араб әліпбиі» кон-
цептісінде әртүрлі мәдени-тарихи ақпарат кодқа салынған. Сол
ақпарат жүйесін қысқаша таратып айтар болсақ, «араб тілі
пайғамбарлардың тілі»; қасиетті Құранның сүрелері көктен араб
тілінде түскен; қазақтар исламды қабылдап, өзінің дәстүрлі діні
деп таныды. Араб мәдениеті, жазуы арқылы қазақ дала-сына
білімнің ұшқыны тарай бастады; қазақ қоғамдастығында жазба
тілдің үлгілері жасалып, нормалары айқындалып, қазақ
мемлекетінің хан жарлықтары, іс-қағаздары, дипломатиялық
жазбалары, заң жобалары араб әрпімен қағазға түсті. Қазақтың
оқып, сауат ашқан ақын-жыраулары көркем дүниелерін араб
әліпбиімен қағазға түсірді. Қазан төңкерісіне дейін, шамамен
мыңға тарта кітап жүздеген таралыммен ауыл-ауылға таралған
екен. Ертеректегі қазақ қоғамында тек зиялы қауым игілігіне
қызмет еткен ескі жазбаны А.Байтұрсынұлы реформалап, бар-ша
жұртшылықтың игілігіне айналдарды, «төте жазу» жүйесін жасап,
жазу-сызуды демократияландырды.
Алайда советтік/кеңестік дәуірде қазақ әліпбиін латынға, одан
кирилшеге көшірумен байланысты тілдік ұжым төте жазудан қол
үзіп қалды да дәстүр сабақтастығы бұзылды. Тек Қытайдағы
қазақ диаспорасы осы төте жазуды қолданып отыр. Міне, араб
әліпбиі туралы осы тәрізді ақпараттар тілдік тұлғаның (жеке
адамның, тілдік ұжымның) санасында жинақтала келе мәдени
құндылық түрінде орнықты. Осымен байланысты кейбір тілдік
тұлғалардың әліпби ауыстырулар болып жатқан бұл заманда төте
жазуға неге оралмаймыз, мәдени-ұлттық құндылығымызды неге
қайта жаңғыртпаймыз деген сұраудың күдікшілдер та-рапынан
қойылуын орынсыз деп айта алмаймыз. Оның үстіне А.Байтұрсын
әліпбиін кезінде әлем лингвистикасының көрнекті өкілдерінің бірі
Д.Е.Поливанов аса жоғары бағалаған. Н.Ф.Яковлев математикалық
тәсілмен бұл әліпбидің ең тиімді екенін көрсеткен. Алайда
А.Байтұрсын әліпбиіне көшуді қолдаушылар төте жазу шеттілдік
сөздердің қалай жазылаты-ны, шеттілдік сөздердің
«басқыншылығы» көктемгі қарғындай күшейіп келе жатқан
қазіргі заманда бейүндес сөздердің қалай орфографиялануы
тәрізді қиын мәселелермен байланысты сын-дарлы ұсыныс жасай
қойған жоқ.
Егер таза лингвистикалық факторға сүйенсек, ең дұрысы төте
жазу болар еді. Бұл жерде мәдени–әлеуметтік фактор басым түсіп
жатыр. Әрине, қоғам тек өткен кезеңді еске алып, оның
сабақтарынан тағылым алумен бірге болашақты болжамдайды.
Көптеген ел, әліпби ауыстырғаны да, ауыстырам деп, ауыстыра
алмай қалғаны да басқаны емес, неге латын әліпбиін таңдайды?
¤йткені әлем Батысты бағдарға алып, оның озық технология-сын,
ғылым–білімдегі табыстарын игеріп, жаңартпалар жаса-уды
көздеп отыр. Экономикадағы мемлекетаралық сан-салалы
қатынастың ең болмағанда бір тегершігін өз қолында ұстағысы
келеді, одан айырылып қалмауға тырысады. Бұл ұлттық сананың
әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланысты қыры. Кез
келген реформа ұлттық санамен байланысты. Егер ұлттық сана
қай әліпбиді қолдаса, реформаны жүзеге асыру да ойдағыдай
болмақ. Қалың жұртшылықтың ықыласы латын әліпбиіне қарай
ауып тұрғаны жобалардың көптігінен де аңғаруға болады.
Тілдік ұжымның когнитивтік санасында латын әліпбиі жөнінде
орныққан ақпараттар жүйесін энциклопедиялық сипаттағы
жинақталған білім және тұрмыстық мазмұндағы білімдер жүйесі
деуге болады. Қазіргі ғылым мен білімнің тер-минологиясы
негізінен латын сөздері болып табылады; латын әліпбиін
қолданып отырған тілдер саны жағынан өзге тілдерден басым;
алыс шетелдердің университеттерінде қандай мамандық
188
189


болмасын, латын тілі оқытылады; латын әліпбиі компьютер-де
қолдануға икемді. Бір кездерде қазақ тілі латын әліпбиін
қолданды, оқулықтар мен көркем әдебиеттер латын әрпімен
басылып шықты; латын әліпбиі іс-қағаздарында қолданылды
т.б. тілдік ұжымның санасындағы энциклопедиялық білімдер
жүйесін байқататын үзіктер.
Латын әліпбиінің батыс елдерде қолданылатыны, батыс
елдері шығарған тауарлардың жапсырмаларындағы, тауар
төлқұжатындағы латын әліпбиімен жазылған жазулар сатып
алушыға тауар сапасына кепілдік беріп тұрғандай көрінеді.
¤зінің тауарлары мен көрсететін қызметі батыстағыдай сенімді,
сапалы дегенді аңғарту үшін орталық қалалардағы фирма,
кәсіпорын, сауда орталықтары, банк бөлімшелері т.б. өз
аттарын латын әрпімен жазып қою дағдылы жайтқа айналып
бара жатқаны байқалады. Мұны латын әліпбиімен байланысты
жұртшылықтың тұрмыстық санасында жинақталған
ақпараттардың көрінісі де-уге болады. Мұндай жайттар да
латын әліпбиіне көшуге деген жұртшылықтың ыңғайын
танытып, олардың «кет әрі емес»-тігін байқатады.
Сонымен, «қазақ жазуын реформалау қажет пе, жоқ па?
Қажет болса, латынға көшпей-ақ кирелшенің өзін де
реформалауға болмай ма?»; «Әліпби ауыстырсақ, бұрынғы
рухани құндылықтырымыздың бірі – Орхон әліпбиіне
көшейік»; «Төте жазуға қайта оралайық» деген ұсыныстардың
төңірегіндегі пікірталасты қайта өрбіткеннен гөрі сабақталған
жіптің ұшын түйетін кез келді. Елбасы айтқандай, латынға
көшуді қарастыратын уақыт болды. Таңдау, талғау кезеңінен
өткен сияқтымыз. Ендігі кезекте латын әліпби жөнінде жаса-
латын оған көшудің түрткіжаттайраны саралап, қоғамдық пікір
мен отыз-қырыққа жуық жобаны ғылыми талдаудан өткізу, сон-
дай-ақ болжалды түрдегі әліпби реформасының Қазақстан үшін
тиімді моделі мен мемлекеттік бағдарламасын жасау міндеті
тұр.
Н.Уәли «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі:
тарихы, тағылымы және болашағы» (Алматы, 2007.)
жинағына жариялаған мақаласынан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет