г-
<ғ>, <г>,
к-
<қ>, <к>
таңбалары төрт дыбысты берсе,
керісінше
<і> фонемасы
і
және
и
екі графемасымен де белгіленді (
кійиз,
тійме, адилдик
),
кейде
и
<е>ні де берді.
У әрпі
[ұу]
қосарын
таңбаласа да (
тоқу,
саусқан,
шоқу
),
уу
тіркесі де пайдаланылды
(
ашуума
). Сондай-ақ [е]-мен қатар келген [w]
я
–мен <ү> бел-
гіленді (
бесеям,
бірея
). Сонда Ы.Алтынсарин әліпбиінде <і>-<й>,
<у>-<ү> фонемалары жеткілікті дифференциацияланып,
графикалана алмағанын көреміз. Хрестоматияда ерін үндестігі
жүйелі таңбаланып отырады:
болду,
оку,
окуулук,
току,
кянн
ц
н-
кянг
ц
, дянй
ц
, к
ц
ңялг
ц
,
ц
н
ц
р, бяйр
ц
гям
ц
, яйд
ц
гүм
ц
.
І-буындағы
екі
ашық езулік буын арасында қысаң езуліктер жүйелі түсіріліп
отырады:
тлек,
кобланды,
даншпан,
ыклас,
мнау,
домбра,
пскен-
де, брак, бреу, кші, ксі;
сөз аяғында
б
қолданылады:
талаб, көб.
Соңғы орфографиялық ерекшеліктерге қатысты ДУГ-нде
қысаңдарды түсірмеу,
ұу,
ій
орнына бір таңба жазу ұсынылады
(ДУГ. 1899. №22, 23). Сөзді жіңішкерту үшін кей жерде
ь
таңбасы да жазылған (
ел-эль
).
180
181
“Ы.Алтынсариннің шәкірті А.Балғымбаевтың естеліктеріне
қарағанда, ресми түрде орыстан өзге халықтар жазуын орыс гра-
фикасына көшіру туралы заң (положения) 1906 жылы 31 март-та
шыққан тәрізді. Соның өзінде оған қарсы шығушылардың
пікірінен қорыққан орыс әкімшілік орындары осы мәселеге арнап,
1910 жылы июньде Петербургта әдейі кеңес шақырады. Жергілікті
халықтан уәкілдер қатысқан бұл кеңесте жоғарыдағы
Положенияның көп жеріне өзгерістер енгізіліп, орыс жазуы тек
ресми документтер мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын
болсын деген шешімге келеді” дейді проф. Б.Әбілқасымов.
Революцияға дейін жарық көрген қазақ тілі сөздіктерінің графи-
касы мен емлесін зерттеген проф.М.Малбақов 1912ж. “Орысша-
қазақша сөздік”, 1917ж. Т.Бокиннің “Қазақша-орысша сөздігі”,
Клапорт сөздігінде, Е.Бокиннің “Орысша-қазақша және қазақша-
орысша сөздігінде” орыс графикасының әліпбиі мен емлесі
сақталып жазылғанын айтады.
Пысықтау сұрақтары:
1.Орыс графикасы бойынша әліпби жасаудың қандай
қажеттіліктері болды?
2. Орыс әліпбиі негізінде алғашқы әліпби жобаларының авторлары
кім?
3. Әліпбилердің өзара айырмашылықтары қандай болды және
уәжді жоба деп қайсысын ұсынуға болады?
9-семинар. Ұлттық әліпби жасаудың
алғышарттары мен маңызы
Жәдид жүйесінен басталған реформа одан ары жалғаса берді.
А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тілі-
не ыңғайластырып, жақындатуды қолға алды. А.Байтұрсынұлы:
«Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген
жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын»
деді. Сол кездегі оқыту процесін: «әуелі әліфті тегіс жатқа
оқытады және де оқытқанда әрбір харіфтің өз үнімен оқытпай,
әліфбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал
дегізіп оқытады. Соны оқып болған соң астын, үстін, үтірін
оқытады. Мұны оқытқанда да хәріфтің өз дауысын оқытпай …
бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы
қалай екенін білмей баланың басы қатады» деп сынады.
Сондықтан ел арасына тарай бастаған жаңа оқу жәдид жүйесін
одан ары жетілдіруді ойлады: «Усул жәдид, яғни төте оқу жолы
бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасына аз тараған соң,
біздің мақсатымыз да сол оқуды қазақ арасына көбірек жаю. Усул
жадит жолын сіз 28 әріп оқыту мағынасында ұқсаңыз, оныңыз
қате – усул жадид – жаңа жол. Бір екі белгі алып қосқаннан усул
жадит жолынан шықпаспыз» деді.
Сөйтіп, 1912 жылдардан бастап А.Байтұрсынұлы
оқулықтары, «Қазақ» газеті (1913-1919жж.) осы әліпбимен
жазылып, ел ара-сына тез тарай бастады. Тек әліпби ресми
түрде 1924 жылы ғана қабылданды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиінің тез, әрі жылы
қабылданғанының бір себебі араб графикасының тегі сақталуы,
тіл үндесімін дәйекше арқылы көрсетуі болды.
А.Байтұрсынұлының әліпби жасаудағы еңбегі мен оның
маңызын орыс ғалымдары мен түркітанушылар және әрине қазақ
оқыған зиялылары жоғары бағалады. Мысалы,
Е.Д.Поливанов
«Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография»деген
мақаласында былай дейді: «Эту последную форму, которую при-
няла казак-киргизская графика в 1924 году я во всяком случае
считаю уже не нуждающейся в поправлениях и представляющей
последний шаг в историческом формировании национальной
графики, которым с полным могут гордиться киргизские деяте-ли
просвещение-создатели реформы, как крупным культурным
завоеваниям»деген.
Т.Шонанов
Байтұрсын әліпбиінің маңызын былай сипат-
тады: «Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білмес-
тігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң
жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс
жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі бо-
латын, біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып,
дыбыс үндестігінің заңдылықтары бойынша жаңа әріптер бел-
гілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты.
Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем қажетсіз 12 араб
әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі көптеген
қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфа-
виті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайда-
сын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза
сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемді
мәдениетпен арласа түсу жолын жеңілдете түсті».
182
183
|