Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет167/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

ы
-мен, бірде 
ы
-сыз жазылуына өзі жол берді” деді.
Сондай-ақ мына сөздердің бірнеше вариантта жазылуына
мүмкіндік жасады дейді: 
ғана
/
ғәне
/
гәне,
ішкім
/
ешкім,
шій-
май / шыймай / шызбай, кервіш /керпіш /кірпіш, бійбастақ /
бейбастақ / бійбастақ / бейбастақ, жәнтік / жәндік,
шынара / шінара / шін-ара / ішін-ара / ішінара.
С
ол сияқты күрделі біріккен сөздерді жазылуы да әртүрлі
болды дейді:
жар-ғанат
/
жар қанат,
қол-ғабыс
/
қол қабыс,
жарымес / жәрмес, ійін ағаш / ійінәғаш, жаздыгүні /жаздыкүні /
жаздыкүн / жаздыкүн, жазғы тұр / жазғытұрым /жазытұр /
жазытұрым, баражатыр / баратыр / барат.
250
251


1929 жылы емледе тек кірме сөздердің жазылуында ала-
құлалық бар, ал төл сөздердің емлесі мінсіз деген пікірлердің
дұрыс еместігін осы мысалдардан да көруге болады дейді ғалым.
Емле ережесінің аз болуы емленің жақсылығын емес, кемшілігін
көрсетеді. Ал кірме сөздердің емлесі туралы қазақша жазушылар
“шет тілдерден кіретін сөздердің емлесі қазақ тілінің фонети-касы
мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керек деп, бір
әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің
түбірін бұзбай жазу керек” деп екі әуре болады дейді.
Сондай-ақ
гөрі/кері
шылауының
гөрі
вариантын кодифи-
кациялау керек. Өйткені ол үнемі шығыс жалғауынан кейін
қолданылады деді ғалым.
1935 жылы 
барма,
келгесн,
барғансн
деп бірге жазуды ұсынады
да, енді бір мақаласында қосымша 
ма,
ме-
ні бірге, шылау 
ма,
ме
– ні бөлек жазуды ескертеді.
Сондай-ақ
да,
де
– нің қосымша болғанда сөз түбірімен
бірге, шылау болғанда бөлек жазылатынын айырады.
Ал
мен,
бен
сөздерін шылау, қосымша екенін айыру
қиындығынан бөлек жазуды жөн деп табады.
Қос сөздер дефиспен тек 
аппақ,
көкпеңбек
сөздерін бірге, ал
қолма-қол
сияқты қосар сөздердің алдыңғы екі сыңарын бірге
жазуды ұсынады.
Сөйтіп, бүгінгі емле кодификациясының түпнегізі
Қ.Жұбанов тұжырымдамаларынан шығады.
Әліпби мен емлені өзгертуге байланысты екінші ұсынысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет