кирил жазуымызға реформа жасап,
қазақ тілінің дыбыс құрамын орыс әліпбиінің 31 әрпімен ғана
былай беруге болады деген де пікір бар екенін айта кеткеніміз
жөн:
ә-
аe,
ћ
–
кх, ji –
и,
ұ – yo, ғ – гх, ү – уе, л – йо, ө – л, ң – нг, қ – кк, ъ, ь
–
алып
тастау (Прманов К. Звук и буква // Аргументы и факты. 2001
№25, №26);
4) жазу тұрақтылығы – рухани консерватизмді көрсетеді,
жазуды өзгертпеу – мәдениетті елдің нышаны (Алдамжар Б.
Парсылар латынды неге қабылдамады // Заң 13.03. 96.);
5) латын жазуын қабылдау тіл (орыс, қазақ, ағылшын)
проблемасын тудырады. Ағылшын тілінің әсері күшейеді
(Сұлтанмұратов Б. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен
қосынды өзгермейді // Қазақстан. 27.09.01).
Көне түркі графикасына ауысайық
деген бағыт айнала-
сына шоғырланған пікірлер арасында проф. Ә.Жүнісбековтің
ұсынған әліпбиі ерекше. Ғалым әліпбиінің жазу графикасы тік,
көлбеу және қиғаш үш сызықтан ғана тұрады, ал жуан дауысты
үшін бір қиғаш сызық, жіңішке дауысты үшін екі қиғаш сызық
алынған. Әліпби негізі дауыссыздарға табан тірейді. “Тұрқы
бөлек жазудың шәкірт санаға тіл шығарар және психологиялық
әсері болады. Сөйтіп барып, баланың тілінде ана тілдің айтылу
үлгісі қалыптасады, бір қалыптасып алған соң ол оңайлықпен
бұзыла да қоймайды” дейді ғалым (Жүнісбек Ә. Төл жазусыз
түгелдік болмас // АТ. 16.01.92).
Көне түркі графикасына көшуді сатылап жүзеге асыруды, ол
үшін алдымен латын графикасына көшіп, келесі онжылдықта
түркі жазуына түбегейлі өтуді көздейтін теориялық көзқарас та
болды (Жақыпов Ә. Біз бет түзер бағдаршам // АТ. 9.12.93). Және
қазірден бастап көне түркі жазуына көшуді ұсынғандар бар
(Сыпатайұлы С. Ата жазуымызды асқақтатайық // АТ. 9.12.93;
Мектеп-тегі Аманқос. Ежелгі руна жазуы – мемелекеттің рәмізі
// ҚӘ. 18.10.02).
Достарыңызбен бөлісу: |