Байланысты: Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы
1952ж.
проф. М. Балақаевтің қолдауымен әліпбиге енгені белгілі. Қ.
Жұбановтың “Қосар ма, дара ма?” деген мақаласында “
уу, үу, ұ, ү, у әріптерімізбен таңбалап жүрген түрлі дыбыстардың бәрі
де
жалғыз
у мен көрсететін жерлері болушы еді. …Бұл үлкен шатақ
еді. Осы шатақтан құтылмақ болғандағы қарманғаны әлгі қосар
әріптер болады. Бірақ шатақтан құтқару орнына әлгі қосар әріптер
одан әрі қосарлана, шатақты шиеленістіре түсті” деген жолдар
бар. Қосар әріпті жақтаушыларға қарсы Қ.Жұбанов бір-неше
дәлелдер келтіреді. Мысалы, егер қосар әріптің соңғысы
дауыссыз, сондықтан одан кейін дауысты дыбыстар келеді де-
генге
таулы, қойлы, шідерті, қайсы, анаусы сөздерінде өзгеріп
жалғанып тұр,
у, й дыбыстары о бастан қосар, себебі
су – суғ, бу – буғ, тій – тег, би – бег болған дегенге бұл дәлел емес,
себебі
сариғ – сары, тірік – тірі, торық – торы болып қосар
дыбыстардың біреуі түсіп қалады екен деп қосар әріп іздеп
отырған жоқпыз дейді. Ғалым өзі өмір сүрген кезеңдегі оқушы
қатесінің көбі
ый, ій әріптері болып отыр дейді (Бір қызығы екі
дыбыстың орнына бір таңба жазатын қазіргі жазуымызда да осы
әріптердің емлесі қиындық тудыратынын айтады ғалымдар).
300
301
Сөйтіп, ғалым төрт әріптің (
ұү, үу, ый, ій ) орнына екі әріп жазуды
ұсынған еді. Бұл көзқарас қазақ тілі білімпаздарының біразының
әсіресе, 1940ж. Жаңа әліпбиді түзуші проф. С. Аманжоловтың
пікір қарсылығын тудырғанмен (Аманжолов С. Еміле ережесі мал
емес // АТ. 2001, 18.VII) қазіргі графикамызға қабылданды.
2013 жылы үкімет қарауына ұсынылған негізгі 2 жобаның
бірі проф. Ә.Жүнісбектің әліпбиінде