диторияда түсіну үшін алдымен ауызша тілге кодтау қажеттілігі
шығады. Сонда екі жүйенің өзара кодталу процесінен кейін ғана
түсінікті болуы жазба тілдің дербес жүйелілігін танытады. Жазу
мен ауызша тілдің екі басқалығын “мойындатпай” отырған тілдің
лексикалық деңгейі. Алайда бұл заңды да. Өйткені лексикалық
деңгей тілдің мазмұнын көрсетеді, ал осы мазмұн бірліктерін тіл-
ді түрлі бағытта, мақсатта қолдануда өзіндік тәсіл, жүйе арқылы
жұмсау дербес тілдік таңбалар жүйесін жасайды. Бұл денотаты
біреу, бірақ әртүрлі атайтын ұлттық тілдер сипатындай. Ал тіл
білімінің зерттеу нысанына қай жүйенің бірлігі алыну керек?
Жазба тіл графемасы ма, әлде ауызша тілдің дыбыстық қоры ма?
Жазба тілдің морфологиялық көрсеткіштері ғана ма, әлде ауыз-ша
тілдің морфологиялық түрленімдері де ме? Лексикология мен
синтаксис деңгейлерінің қай жүйедегі элементтері зерттеу нысаны
бола алады? Әрине, бұл зерттеу нысанының шегарасын айқындап
алуға бастайды. Мұның бәрі жазу заманы, жазудың билігі келген
заман болғанын хабарлайды.
Бүгінгі атом дәуірінде, техникалық прогрестің шарықтау
ше-гінде жазба тіл өз функциясын заман талабына сай өтеу
үшін, ең алдымен, тұрақтылығын сақтауы қажет. Жазба дәстүрі
жоқ жазу коммуникация құралы болудан қалады. Адамның есте
сақтау қабілеті естуге (құлаққа) қарағанда көруге (көзге)
көбірек та-бан тірейді. Ал формасы тұрақты жазуды “бір көріп
алған көз” автоматты түрде таңбалай береді және санада
формасы бар сөзді оңай таниды. Коммуникация тәсілдері
автоматтанса, қарым-қатынас жасау жеңілдейді. Осыдан келіп,
жазудың болашақтағы бейнесін тануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: