Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-семинар. Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі



Pdf көрінісі
бет34/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

3-семинар. Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі
Қазақ тіл білімінде жазба тіл мен ауызша тілдің шегарасы
ажыратылмағандықтан, лингвистиканың зерттеу нысаны ретін-де
жазба тілдің әліпбиі, графикасы, морфологиясы, лексикасы мен
синтаксисі танылып келеді. Қазақ тілінің дыбыс құрамы бо-лып
әріптер, грамматикалық формалары болып жазба тұлғалар,
синтаксистік құрылымы ретінде көркем әдебиет стиліндегі үлгілі
мәтіндердің (белгілі ақын-жазушылардың) синтаксисі, әдеби
стильдегі лексикалық қор негізге алынып жүр. Осыдан барып
сөйлегенде дәл қағаздағы тұрпатындай дыбыстау, жазба
тілдің синтаксистік құрылысын қолдану дегенді қатеге
(нормаға) санауға қақымыз болмайды.
Бүгінгі дәуірде әр тілде сөйлейтін адамның санасында нақты
бір айтылым және естілім базасы қалыптасып келеді. Егер сөз сол
базаға сәйкес келмесе, коммуникация мақсатына жетпейді.
Мысалы, орыстілді адамның естілімі сөз ішіндегі бір буынның
ерекше айтылуына, қазақтілді адамның естілімі сөз ішіндегі
дыбыстардың үндесімділігіне, қытай, кәрістілділердің естілімі сөз
тонына бағышталады. Осы естілім базасына сай келмеген
сөзқолданыстар санадағы дыбыстық елеске ассоциация бермей-ді,
сөз танылмайды: адам сөз мағынасын түсінбейді. Сол сияқты әр
жазба тілдің графикалық, орфографиялық ерекшеліктеріне сай сол
тілде жазатын, оқитын адамның санасында
көзшалым
базасы
болады.
 
Егер жазба мәтін сол базаға сәйкес келмесе,
коммуникацияға кедергі келеді. Мысалы,
ағылшынжазул
ы
адамның көзшалымы сөзді сурет ретінде көруге,
қытайжазулы
адамның көзшалымы сөзді идеограмма ретінде көруге, ал орыс,
қазақжазулы
адамның көзшалымы сөзді әріп тіркесі ретінде
көруге бағышталған. Егер көзшалым санадағы графикалық код-ты
тітіркендіретін реакцияны байқамаса, ассоциация туғызатын
форманы жазбаса, не көрмесе, жазба коммуникация жүзеге ас-
пайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет