«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
119
МИКРОАҒЗА ЖАСУШАЛАРЫ КӨМЕГІМЕН АҚАБА СУЛАРЫН Mn (VII)
ИОНДАРЫНАН ТАЗАРТУ
Адылканова А.А.
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Таттибаева Ж.А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
Университеті
adylkanova02@mail.ru
Қазіргі уақытта жер, ауа мен судың ауыр металл иондарымен ластануы әлемдік
мәселелердің қатарында. Әсіресе, су ресурстарының сапалық жағдайы елдің экономикалық
дамуына, сондай-ақ халықтың денсаулығына шешуші әсер ететін өмірлік маңызды фактор.
2013-2018 жылдың мәліметтері бойынша ластанудың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан
облыстарында тіркелген. Себебі, қазіргі таңда «Казцинк» ЖШС қалдық қоймалары мен
Чашинск жерінің ағынды суларының құйылуы салдарынан тіпті Ертіс өзеніне де қауіп төніп
отыр. Тобыл өзеніндегі судың ластану индексінің едәуір артуы марганец пен мыс
иондарының қалыптан тыс жоғары болуымен байланысты, олардың асып кетуі Қостанай
облысындағы өзендерге әсер етуде. Судан ауыр металл иондарын бөліп алудың белгілі
әдістерінің ішінде ең қарапайымы – сорбция, бірақ мәселе ең тиімді сорбенттерді таңдау
болып табылады.
Микроағза жасушалары соңғы кезде ғалымдардың назарын жиі аударған, зияны аз,
қаржылай тиімді биосорбенттер, яғни потенциалды жаңарып тұратын фильтр деп атасақ
болады. Суда оңтайлы орналасып, металл иондарын салыстырмалы түрле жоғары беттік
ауданының арқасында жоғары адсорбциялайтын жасуша түріне – балдырлар жатады.
Балдырлар тек қана адсорбциялау қасиетімен ғана емес, кейбір өкілдерінің критикалық
жағдайларға қарамастан өмірлік циклын жалғастырумен қоса мутацияға ұшырау
нәтижесінде жаңа эффективті штаммдарға да бастау бола алатыны, тіпті өмірлік циклы
аяқталған күнде де адсорбциялық қасиеті керісінше өсетіні және болашақта биоотын бола
алатын ең тартымды жасушалар қатарына жатады. Сондықтан, марганец (VIІ) иондарының
сорбенті ретінде балдыр жасушалары таңдалды.
Ақаба суларын марганец (VІI) иондарынан тазарту мақсатында
Chlorella CZS 2201
балдыр жасушалары қолданылатын болады. Алғашында жұмыс зертханалық жағдайда
модельдік ерітінділермен жасалынды. Яғни,
Chlorella CZS 2201
балдыр жасушалары
бетіндегі 10
-3
М марганец (VІI) иондарының адсорбциясы және оған ортаның рН шамасының
әсері ААС әдісімен зерттелді. Зерттеу барысында алынған сынамалардың сандық және
сапалық нәтижелері ИҚ, СЭМ және рентген флуоресцентті талдау әдістерімен алынды.
Алынған нәтижелер өз кезегінде
Chlorella CZS 2201
балдыр жасушаларының марганец (VІI)
иондарына оңтайлы жағдайларда тиімді адсорбент бола алатынын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: