Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ГИДРОФОБТЫ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН АЛУ Төребекқызы Г., Қоңырбаева Н. Ғылыми жетекші: х.ғ.к. Артыкова Д.М-К. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Құрылыс материалдарын гидрофобизациялау қазіргі заманғы құрылыста жоғары
өзектілікке ие. Гидрофобизация – бұл бетке арнайы химиялық модификаторлармен полярлы
материалдарды өңдеу процесі, бұл олардың су өткізбейтін болуына және бетті ылғалдан, су
буынан және ластанудан қорғауға мүмкіндік береді. Бұл құрылыс материалдарының сапасы
мен беріктігін жақсартады. Ылғалды сіңіру материалдың құрылымына зақым келтіру,
материалдардың мөлшері мен пішінінің өзгеруі сияқты әртүрлі мәселелерді тудыруы мүмкін,
бұл құрылымдардың жарылуына, деформациялануына және бұзылуына, сондай-ақ зең мен
көгерудің пайда болуына, жылу оқшаулауының нашарлауына және т.б. жол бермейді.
Гидрофобизацияның басты артықшылықтарының бірі – құрылыс конструкцияларының
қызмет ету мерзімін ұзарту. Гидрофобизация материалдарды бұзылудан қорғауға мүмкіндік
береді, бұл әсіресе ылғалдылығы жоғары аймақтарда немесе су көздеріне жақын жерлерде
құрылыс үшін өте маңызды.
Зерттеудің мақсаты ылғалға төзімділігі жоғары және су өткізбейтін қасиеттерге ие
инновациялық құрылыс материалдарын алу.
Зерттеу объектісі ақ-сұр түсті, тығыздығы 2,55-2,6 г/см
3
Қарағанды галлуазиті деп
аталатын саз минералы. Гидрофобизатор ретінде катионды беттік активті зат қолданылған.
Зерттеу әдістері гониометр-ЛК көмегімен жұғу бұрышын анықтау. Алынған
органосаздың өлшемін анықтау мақсатында зетасайзер, адсорбцияның жүргенін дәлелдеу
мақсатында ИК-спектроскопия, құрылымтүзу құбылыстарын зерттеу мақсатында Вейлер-
Ребиндер құрылғысы қолданылды. Галлуазиттің және одан алынған органосаздың
морфологиясын зерттеу мақсатында СЭМ және ТЭМ анализдер орындалды.
Гидрофобизация процесі қалыпты температура мен қысымда және осы параметрлердің
тұрақты мәнінде жүргізілді. Қарағанды галлуазиті 82% галлуазиттен тұрады, құрамында 12%
қоспа ретінде, кварц және аморфты фаза байқалады. Тәжірибе жүзінде галлуазит оралған
жапырақша ретінде кездесетіні ТЭМ анализі арқылы дәлелденді. Олардың өлшемі диаметрі
50-60 нм шамасында, ал ұзындығы 200-1000 нм тұратын қуыс түтікше екенін байқауға
болады. Яғни, Қарағанды галлуазиті табиғи нанотүтікше екенін көре аламыз. Алынған
органосаздың жұғу бұрыштары органомодификатордың ең төменгі концентрациясының
өзінде 140°-тан арта түсті, ал жоғарғы концентрацияларында 170° шамасында болды. Бұл
жерде жұғу бұрышы 90°-тан жоғары болғаннан бастап органофилді (гидрофобты) материал
болып есептелсе, 150°-тан жоғары мәндерде, бұл материалдар супергидрофобты болып
есептелінеді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
173